Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сілтеу есімдігі /Demonstrative pronouns

Конспект

Сілтеу есімдігіне this, that, these, those, the same, such деген сөздер жатады. Сілтеу есімдіктері - сілтеу, көрсету, нұсқау мағыналарын білдіреді.

This is my father. And that is my uncle.

I don't like these red apples. I like those green apples.

It is such an interesting film!

We must all do the same.

Сілтеу есімдіктерінің жекеше түрі (this, that) және көпше түрі (these, those) бар. Сілтеу есімдіктері сандық, тектік, септік жағына өзгермейді.

this boy

these boys

that boy

those boys

This және these сілтеу есімдіктері сөйлеушіге жақын заттарды көрсетеді. That және those деген сілтеу есімдіктері сөйлеушіге алыстағы затты, құбылысты нұсқайды.

This is my sister. And that is my brother.

These are my parents. Those are my grandparents.

Сілтеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, анықтауыш пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады.

This is a book (бастауыш).

Send Erzhan that, please (толықтауыш).



Сұрақтар
  1. Сөйлемді тиісті сілтеу есімдігімен толықтырыңыз. It is ... an interesting book.

  2. Сәйкес сілтеу есімдігін қойыңыз. I read ... magazine on the shelf. 

  3. Сөйлемге дұрыс сілтеу есімдігін қойыңыз. ... houses were built last year. - Мына үйлер өткен жылы салынды.

  4. Сөйлемдегі сілтеу есімдігі қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсет. This girl is my friend.

  5. This pencil is mine сөйлемінде сілтеу есімдігі қандай мағынада айтылып тұрғанын анықтаңыз.

  6. Сөйлемдегі сілтеу есімдігі қандай мағынада айтылып тұрғанын табыңыз. That is my red dress.

  7. Сөйлемді дұрыс сілтеу есімдігімен толықтырыңыз. I see boys on the boat. ... boys are my friends.

  8. Сөйлемді дұрыс сілтеу есімдіктерімен толықтырыңыз. ...  car is comfortable. ...  car isn’t comfortable.

  9. Сөйлемді дұрыс сілтеу есімдігімен толықтырыңыз. Do you know ... man?

  10. Cөйлемдегі сілтеy есімдігі қандай қызмет атқарып тұрғанын тап. This is a book.  

Қате туралы хабарландыру