Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Шығыс елдеріндегі феодалдық құрылыстың орнауы

Конспект

 

XI-XIII ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. Бұл кезеңде Жапонияда мұрагерлік жер иелігі қалыптасты. Жер иеліктері – сёэн деп аталды. Мұрагерлік жер иеліктері салықтан босатылды. Шаруалардың екі түрі жұмыс істеді. Біріншісі бас бостандығы жоқ, тәуелді шаруа болды, екіншісі мемлекеттік шаруа деп аталды. Мемлекеттік шаруалар император сарайына тиісті жерде жұмыс істеді. Император қазынасына салық төлеп тұрды.

 

Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық императорлық өкімет билігі орнады. Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі микадо қолында болды.

 

1192 жылдан бастап сегундардың саяси билігі күшейіп, император елдегі діни басшы ретінде ғана сақталып қалды. Солтүстік Жапон феодалы Минамото самурайлардың күшімен император әскерін жеңіп шығады. Ел астанасы Киото қаласын басып алып, сегундардың үстемдігін орнатады.

 

Минамото жасақшылары қарсыластардан тартып алған жерлерді өзара бөліске салып, кейін олардың көбі ірі феодалдар – даймёларға айналды.

 

Ірі және орташа феодалдардың жер иеліктерінде оларға бағынышты әскери адамдар – самурайлар қызмет атқарды. Самурайлар жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды.

 

Жапонияны біріктірумен Токугава (1598-1616) айналысты. 1603 жылы ол елді біріктіруді аяқтап, сегун деген атақ алды. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867-1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі.

 

XVI ғасырдың соңында Жапонияда капитализмнің белгісі – сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын.

 

Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы құлаған кезде Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар – Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шандань аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатты.

 

Қытай – ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді.

 

Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Сонымен қатар шаруалардың да үлестік жерлері болған.

 

589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылады. Янь Цзянь елдің императоры болады. Осыдан бастап 616 жылға дейін Суй әулеті басқарады. 618 жылы оның орнына Тан әулеті (618-907 жж.) келді. Елдегі шаруалар көтерілісінен әлсіреген бұл әулет Х ғасырдың екінші жартысында ыдырап кетті. Сун әулетінің (960-1279 жж.) билігі кезінде Қытай елі қайта бірікті.

 

ХIII ғасырдың екінші жартысында моңғол феодалдары Қытайды толықтай дерлік басып алды. Билік моңғолдардың Юань әулетінің (1271-1368 жж.) қолына көшті. 1367 жылы Қытай халқы моңғол басқыншыларынан жерін толық азат етті. Өкімет басына қытайлардың Мин әулеті (1368-1644 жж.) келді.

 

Жаңа заманның I ғасырында Қытайда даосизм діні тарай бастады. Оның негізін қалаушы Чжан Лин адамдарды аңыз арқылы аспанға, жеке адамдардың құдіретіне табындырып отырды. Оларға тағзым жасау даосизмнің негізгі қағидасы.

 

IV-V ғасырларда Қытай мемлекетінде будда діні кең тарады. Будда Қытайға Үндістаннан келген. Қытайда V-IX ғасырларда будда мен даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.

 

Қытай – ежелден теңге шығарып келген ел. Сауда ақша айналымын өсірді. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі.

 

VI-VII ғасырларда Үндістанда феодалдық қатынас толық үстемдік ала бастады. Үндістан жеріндегі Ганг және Үнді өзендерінің жағасында тұратын тайпалдар бірігіп, мемлекет құруға бет алды. IV-VI ғасырларда Магадха жерінде ең ірі Гупта империясы құрылды. Гупта билігі Чандрагуптаның (320-340 жж.) қолына тиді Оның баласы Сандрагупта (340-380 жж.) тұсында Гупта мемлекеті күшейіп, Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанды биледі.

 

Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі – әлеуметтік каста жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман, кшатарий, вайший, шудра деп аталды.

 

V ғасырдың аяғында Гупта мемлекетіне ғұн-эфталиттер жойқын шабуыл жасап, батыстағы Мальва, гуджарат аймағын басып алды. Ұзақ уақытқа созылған эфталиттер шабуылы мемлекетті қатты әлсіретті. Ішкі тала-тартыстарда толастамады. Осының әсерінен VI ғасырдың аяғында Гупта мемлекеті құлады.

 

VII ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғаныстанды арабтар жаулап алып, ислам дінін енгізеді. Арабтардың жаулауы XIII ғасырға дейін созылады.

 

1206 жылы Кутб-уд-дин Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа мемлекет құрады. Мемлекет Дели сұлтандығы деп аталды.

 

1398 жылы Дели сұлтандығы әлсіреп, феодалдық бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан кезде, 120 мың қолымен Әмір Темір шабуыл жасайды. Ол Пенджаб қаласын жаулап алып, Дели сұлтандығын құлатып, Үндістанда Әмір Темір билігі орнайды. Әмір Темір заманында Үндістанның солтүстігінде мұслман діні толық орнайды.

 

1526 жылы Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Ауғаныстан арқылы Үндістанға шабуыл жасап, Дели қаласын өзіне бағындырады. Бабыр шах (император) деген атақ алады. Солтүстік Үндістан жерінде Ұлы Моғол империясын құрады.

 

Бабырдың немересі Акбар (1556-1605 жж.) Үндістан жеріндегі жергілікті ақсүйектермен жақындасу саясатын жүргізді. Үндістанда тыныштық орнап, шаруашылық, сауда дами түседі.

 

VI-VII ғасырларда Үндістанда будда діні дамыды. Буддизм бойынша, адам өлгеннен кейін жаны басқа адамға – жануар, жәндік, өсімдікке ауысады, о дүниеде өмір бар, күнәһар адам құдай алдында жауапты.

 

Индуизм діні Үндістан қоғамындағы касталық бөліністі қолдап отырды. Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Ганг өзенін, жануарлардан – сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды.

 

VIII ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғол империясына ислам дінін енгізеді.

 

Ортағысырлық Үндістанда ғылымның математика, астрономия және медицина салалары дамыған. Үнді математигі Арьбхата Пифагор теоремасын білген, синус және косинустар теоремасын ашқан.

 

Медицина саласында өсімдіктерден әр түрлі ауруларға қарсы дәрі жасауды ойлап тапқан. Операция жасау әдістерін білген. Көз ауруларын да емдеген. Үнді дәрігерлері адам тамырының лүпілі мен денсаулығының арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдеді.

 

Үндістанда тамаша сарайлар мен храмдар салынды. Олардың ішінде тау өңірінде салынған Аджант сарайының орны ерекше. Аджант сарайы тастан қашап салынып, ішіне сол кездегі дін уағыздарын бейнелейтін көптеген құдай мүсіндері орналастырылған. Үндістан сәулетшілерінің әлемдік деңгейде салынған Тәж Махал кесенесі күні бүгінге дейін таңғажайып әсемдігімен таңқалдыруда.



Сұрақтар
  1. Ұлы Моғол империясын ірі мемлекетке айналдырған шах
  2. Үнділер киелі санаған үй жануары:
  3. Қытайда қағаз ақша шығарыла бастаған кезеңді белгілеңіз
  4. VII- ІХ ғғ. дүниежүзіне әйгілі болған Қытай өнімі:
  5. Синус және косинус теоремасын ашқан Үндістан математигі:

  6. Үндістанда дамыған ғылымның бір саласы:
  7. IV-V ғасырларда Қытайда кең тараған дін:

  8. «Пагода» сөзінің мағынасы:
  9. XVI ғасырдың соңында Жапонияда қалыптасқан тап:
  10. Б.з. I ғасырында Қытайда тараған дін:
  11. Монғолдардан азат етілген соң Қытайда билікке келген әулет:
  12. Үндістан феодалдық қоғамының өзіне тән ерекшелігі:
  13. XIII ғасырда Солтүстік Үндістанда арабтардың құрған мемлекеті:
  14. Ұлы Моғол империясын құрған билеушіні белгілеңіз
  15. Үндістанды арабтардың жаулап алған кезеңі:
  16. Самурай деген сөздің мағынасы:

  17. Жапонияда VII ғ. бастап ең жоғарғы билік және барлық жер иелігін қолына ұстаған:
  18. Жапонияның бірігуін аяқтаған:
  19. Токугава әулеті сегундарының билік еткен мерзімін белгілеңіз
  20. XII ғасырда Жапонияда саяси билікті иеленгендер:

  21. Орта ғасырдағы Жапонияның ең ірі феодалдары:
  22. Жапон феодалдық қоғамындағы әскери топты белгілеңіз
  23. Жапонияда мұрагерлік жер иеліктерінің атауы:

  24. Орта ғасырлардағы Жапонияның астанасы:

  25. Жапонияны біріктіруді аяқтаған сегун:
  26. Орта ғасырларда Моңғол шапқыншылығына дейін Қытайды билеген әулеттер:

  27. Орта ғасырлардағы Қытайдағы басқару жүйесі:

  28. Жапонияда сегунаттық жүйені кім қалыптастырды?

  29. «Бастады, жалғастырды, аяқтады» деген пікір айтылған сегундарды анықта:

  30. Жапонияда феодалдардың әлеуметтік тобына жатады:

  31. Қытайдағы негізгі діндер:

  32. Үндістандағы негізгі діндер:

  33. Үндістандағы сәулет өнерінің жетістігі:

  34. Орта ғасырлардағы Қытайдың басқару жүйесі:

Қате туралы хабарландыру