Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Шеңбер бойымен қозғалыс

Конспект

Табиғатта дененің қозғалыс траекториясы қисықсызықты болатын жағдайлар жиі кездеседі. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күнді айнала қозғалысы, велосипед және автомобиль доңғалақтарындағы нүктелердің қозғалысы қисықсызықты болады. Мұндай қозғалыстар айнымалы болады, себебі қозғалысты сипаттайтын шамалар өзгеріп отырады. Егер қозғалыс жылдамдығының модулі тұрақты болса, қозғалыс бірқалыпты қисықсызықты деп аталады. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысты қарастырайық. Мұндай қозғалыс түзусызықты қозғалыс кезіндегідей орынауыстыру, жылдамдық, үдеу т.б. кинематикалық шамалармен сипатталады.

 

Қисықсызықты қозғалыс траекториясы қисық сызық және шеңбердің доғасы болып келетін қозғалыс.

 

 

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс - жылдамдық модулі тұрақты қозғалыс . Дене шеңбер бойымен бір айналым жасағанда жүрген жол  шеңбердің ұзындығына тең, орынауыстыру , ал жылдамдығы 

 формуласымен анықталады, яғни - сызықтық жылдамдық    ,      – шеңбер ұзындығы, t – бір айналым уақыты

 

Сызықтық жылдамдықбірлік уақыт ішінде дененің жүрілген жолын көрсететін физикалық шама.   (м/с) – шеңбердің жанамасы бойымен бағытталады, яғни шеңбердің әр нүктесінде бағыт өзгеріп отырады.

 

Бұрыштық жылдамдықбірлік уақыт ішіндегі бұрыштық ығысуды көрсететін скаляр шама. ω (рад/с); φ (рад) – бұрыштық ығысу (бұрылу бұрышы). Радиан – доғасының ұзындығы  радиусқа тең болатын  центрлік бұрыш

ω =         φ – бұрыштық ығысу, t – уақыт [T] = c

     R – шеңбер радиусы [R] = м.

        T – период [T] = c. Период секундпен өлшенеді.   = 3,14.

 

Период  – дененің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кеткен уақыт:

  – жиілік.

Жиілік бірлік уақыт ішіндегі тербелістің саны:

,    =  = Гц (Герц) жиілік Герцпен өлшенеді.

 , N – уақыт(t) ішіндегі айналымдар саны

 

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс үшін:

 ,  , 

 ,  немесе  ; 

 

Центрге тартқыш үдеу (шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс кезінде)
 

(шеңбердің центріне бағытталған, жылдамдық бағытының өзгерісінен туады)

  немесе  немесе  немесе 


 

Шеңбер бойымен бірқалыпсыз қозғалыс

центрге тартқыш үдеу (жылдамдық бағытының өзгерісін сипаттайды)

– тангенциал үдеу (жылдамдық модулінің өзгерісін сипаттайды)

 – тангенциалды үдеу

 – центрге тартқыш үдеу

 


 



Сұрақтар
  1. Радиусы 0,5 м болатын дөңгелек 15 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қанша?

  2. Айналып тұрған дискінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы 4 м/с-қа, ал айналу осіне 10 см жақын орналасқан нүктелердің жылдамдығы 3 м/с-қа тең. Дискінің айналу жиілігі қандай?

  3. Мәнерлеп сырғанаушы радиусы 50 м болатын шеңбер бойымен 12 м/с жылдамдықта қозғалады. Мәнерлеп сырғанаушының қозғалысы кезіндегі центрге тартқыш үдеуі

  4. Центрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін автокөліктің радиусы 40 м болатын дөңес көпірдің ортасынан өту жылдамдығы ( g ≈ 10 м/с² )

  5. Материалық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, бір айналым жасағанда жүретін жолы мен орын ауыстыруы

  6. Шеңбер бойымен қозғалатын дененің сызықтық жылдамдығын 2 есеге арттырып, айналу радиусын 3 есеге азайтса дененің үдеуі қанша есеге артады?

  7. Дөңгелек жиегінде жатқан нүктенің сызықтық жылдамдығы дөңгелек осіне 5 см жақын жатқан нүктенің сызықтық жылдамдығынан 2,5 есе көп болатыны белгілі болса, онда айналатын дөңгелектің радиусы(-тары)

  8. Дене шеңбер бойымен қозғалғанда, жылдамдығы өзгермей, шеңбер радиусы 2 есеге артса, оның центрге тартқыш үдеуі қалай өзгереді?
     

  9. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қандай траекториямен қозғалады? Ауаның кедергісін ескермеңіз.

  10. Жел қозғалтқышының айналу жиілігі – 30 айн/мин, электр двигателінің якорі – 1500 айн/мин, сепаратор барабаны – 8400 айн/мин. Олардың периоды

Қате туралы хабарландыру