Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Шартты сөйлемдер: түрлері, жасалуы / Conditional sentences

Конспект

Ағылшын тілінде шартты райлы сөйлемдердің бірнеше түрі бар. Real conditionals Іске асатын оқиғаны, іс-қимылды білдіреді.

Unreal conditionals Іске аспайтын іс-әрекетті көрсетеді.

If I work hard, I’ll pass all my exams.( Real conditional)

If she had enough money, she would buy a new dress. (Unreal ) Шартты сөйлемдердің бірінші түрі - First conditional шындықты , нақты болжамды , болашақта болатын іс-қимылды білдіреді.

Мысалы: If it rains , we will not go to the picnic.

Егер күн жауса ,біз көкке шықпаймыз.

Шартты райдың бірінші түрінде if жалғаулығынан кейін жай шақ яғни Present Simple екінші сөйлемде жай келер шақ формасымен жасалады.

If+ Present simple, will + Simple form.

Шартты сөйлемнің екінші түрі мүмкін емес, мүмкіндігі аз, сенімсіз іс-қимылды осы шақта немесе келер шақта білдіреді.

If I had time now, I should go to the theatre, but I’m busy.

Егер менің қазір уақытым болса , мен театрға баратын едім, бірақ менің қолым бос емес.

Шартты сөйлемнің екінші түрі жай өткен шақпен көмекші етістік should (would) етістіктің бірінші формасымен жасалады.If + Past Simple, would + infinitive.

Шартты сөйлемнің үшінші түрі өткен шаққа байланысты іс- әрекетті білдіреді және орындалмағандығын білдіреді.

If the weather had been nice yesterday, we would have gone to the zoo. (But the weather wasn’t nice yesterday).Кеше ауа райы тамаша болғанда , біз зоопаркке баратын едік.

Сонымен қатар шартты райлы сөйлемнің үшінші түрінде ауыспалы өткен шақ яғни, Past Perfect және should (would) етістіктің үшінші формасымен келеді. If + Past Perfect + would have + Past participle.

Wish and if only.

Wish + subject + a Past tense осы шаққа қатысты өкініш жайлы айтқанда қолданылады. Мысалы: I wish I could sing = I'm sorry I can't sing.

Wish + subject + Past Perfect өткен шаққа қатысты өкінішті білдіру үшін қолданылады. I wish I hadn’t written him. = I’m sorry I wrote him.

If only тіркесінің мағынасы wish етістігінің мағынасына сәйкес, бірақ оған қарағанда мағынасы әсерлілеу. Eg: If only I had taken her advice!

Wish + subject + would құрылымы осы шақта болған іс-әрекетке көңілі толмауды, болашақта оған өзгеріс енгізілгенін қалауды білдіреді , кейде жансыз заттарға да қатысты болуы мұмкін.

I wish he would give my book ( I have been waiting for a book for two days)

I wish it would stop snowing.

Zero Conditional қашанда шындықты білдіретін жағдайды көрсетеді.

If + Present Simple + Present Simple.

Мысалы: If you have a headache, take tablets.

Mixed Conditional (Аралас шартты сөйлем)

Кейде шартты сөйлемнің екі бөлігі де екі шаққа қатысты болуы мүмкін.

Ex: If you had passed your exam yesterday, you would be happy now.



Сұрақтар
  1. Шартты сөйлемнің қай түрін көрсет. If I were you, I should go to the doctor at once.

  2. Шартты сөйлемнің түрін көрсетіңіз.  If he had seen you yesterday, he would have told you about the meeting.

  3. Етістіктің дұрыс нұсқасын тап. If he ... where we lived, he …us a telegram.

  4. Шартты сөйлемнің бірінші түріне қой. If she stays at home ... bored.

  5. Етістіктің дұрыс нұсқасын қой. If you helped me ... you my bike.

  6. Етістіктің дұрыс нұсқасын қой. If I had a computer, I … access the Internet.

  7. Етістіктің  дұрыс нұсқасын қой. If you've finished watching TV... it off.

  8. Eтістікті дұрыс қой.   If it … last Sunday, we …to the country.

  9. Шартты сөйлемнің түрін көрсет.  If I had a beautiful voice, I’d sing in a band.

  10. Шартты сөйлемнің түрін анықта. If+ Past Perfect would have+ Past Participle                                  

  11. Find the first conditional

  12. Elicit other conditional clauses that means «if the condition is agreed or met»

  13. Find out the type of conditionals which is used as blame, regret or relief

  14. Find out the declarative sentence.

  15. In this conditional sentences «will» is used as polite request not a future auxiliary; it means «are willing to»  

Қате туралы хабарландыру