Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

Конспект

Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.

Cармат тайпаларында аңшылық қосымша кәсіп болды. Аңшылық қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.

Cарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылығында көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыспен қатар отырықшылық та дамыды. Еділ мен Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтарда малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алған.

Сарматтар тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқылармен бірге алыс жорықтарға мінетін қазанаттарды өсірген. Оларға тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.

Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.

Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.

Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты.

Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы, абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.

Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Қазанды темірден құйып жасаған. Шыны ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Теріден торсық, саба, көнек, местерді жасаған.



Сұрақтар
  1. Сарматтар өміріндегі қосымша кәсіп

  2. Сарматтардың негізгі шаруашылығы

  3. Сарматтарда қазанаттарды иеленген

  4. Сарматтардың Бесоба қорымында жерленген

  5. Сарматтарда әскери демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешті

  6. Үш савромат жауынгері жерленген қорым

  7. Аралтөбе ескерткіші табылған жер

  8. Сарматтардың ыдыстары жасалынды

  9. Сармат əйелдеріне берілген құқық

  10. Аралтөбе ескерткіші орналасқан

  11. Сарматтар өздері жасамай, шығыс елдерінен алғызған заттар

  12. Сарматтарға тән археологиялық ескерткіштер қайсы?

  13. Ерте темір дәуіріне тән Үстіртте зерттелген ескерткіш (-тер) қайсы?

Қате туралы хабарландыру