Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Конспект

Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.

Мысалы, 17 · 4 = 68, 3 – 2 = 1, (17 – 2) : 5 = 3.

Құрамында әріптер бар өрнектер әріпті өрнектер деп аталады.

Мысалы, 47 – 6а, 12 + d, 5 + 3c.

Байқасаңыздар, сан мен әріп арасына көбейту белгісі қойылмаған. Бұл – санды өрнектер мен әріпті өрнектердің өзіндік айырмашылығы.

Әріпті өрнектердегі әріптің орнына оның мәнін қойғанда, санды өрнек шығады.

Әріпті өрнектің мәні оның құрамындағы әріптердің мәндеріне тәуелді болғандықтан, айнымалысы бар өрнек деп те аталады.

Санды өрнектер мен әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады.



Сұрақтар
  1. Өрнектің мәнін табыңыз.

     22a – 17 · 20, мұндағы а = 17

  2. Өрнектің мәнін табыңыз.

     (221 + 169) : 39 + 190

  3. Арна бақшадан 132 гүл әкеліп, 7 гүлден 6 гүлшоғын, 9 гүлден 5 гүлшоғын жасады. Арнада қанша гүл қалды?

  4. Өрнектің мәнін табыңыз.

     (196 : 7 – 576 : 24) · 4

  5. Өрнектің мәнін табыңыз.

     (49 + 36) : 5

  6. Өрнектің мәнін табыңыз.

     3(х + 5) + 7х, мұндағы х = 4

  7. Тиін мен түлкінің массасы b кг. Түлкі тиіннен a кг ауыр. Тиіннің массасы неше кг? Өрнек құрастырып, есепті шығарыңыз. Мұндағы: b = 18, а = 6

  8. 1 кг кәмпиттің бағасы а тг, 1 кг алманың бағасы b тг. 5 кг кәмпит, 7 кг алма алу үшін қанша ақша төлеу керек?

  9. Өрнектің мәнін табыңыз.

    98 : b + с, мұндағы b = 7, с = 3
  10. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыз. Мұндағы: а = 17, b = 9

  11. Екі санның қосындысы 561 -ге тең. Оның біреуі нөлмен аяқталады. Егер нөлді өшірсек, онда екінші сан шығады. Осы санды табыңыз.

Қате туралы хабарландыру