Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Рационал теңдеулер

Конспект

Теңдеудің екі жағы да рационал өрнектер болса, ондай теңдеулерді рационал теңдеулер деп атайды. Теңдеудің екі жағы да бүтін рационал өрнектер болса, онда ол бүтін рационал теңдеу, ал теңдеуде бөлшек рационал өрнек бар болса, ол бөлшек – рационал теңдеу деп аталады.

Бөлшек-рационал теңдеу:  \(x-\frac{5}{x}=\frac{1}{x-1}\)

Рационал теңдеулерді шешкенде:

1) теңдеуге енген бөлшектердің ортақ бөлімін табу;

2) берілген теңдеудің екі бөлігін де сол ортақ бөлімге көбейтіп,бүтін теңдеу шығарып алу;

3) осы шыққан теңдеуді шешу;

4) оның түбірлерін ортақ бөлімді нөлге айналдыратын түбірлерден (бөгде түбірлерден) арылту керек.



Сұрақтар
  1. Теңдеуді шешіңіз.

     \(1-\frac{2x^2-x-6}{2-x}=0\)

  2. Теңдеуді шешіңіз.

    \(\frac{4}{x-2}-x+2=0\)

  3. Теңдеуді шешіңіз.

    \(\frac{x^3-27}{x-3}=27\)

  4. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{x+3}{x-3}+\frac{x-3}{x+3}=3\frac{1}{3}\)

  5. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{4a+2}{1+2a}=a-6\)

  6. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{4-x}{1,2}=\frac{5}{x+3}\)

  7. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{x-4}{x}=\frac{2x-5}{x-6}\)

  8. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{1}{5-y}-6=\frac{1-6y}{y}\)

  9. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{x}{x-3}-\frac{5}{x+3}=\frac{18}{x^2-9}\)

  10. Теңдеуді шешіңіз.

     \(\frac{7}{x+2}+\frac{3}{x-2}=2\)

  11. Теңдеуді шешіңіз.

     \((\frac{x}{5}-\frac{x}{2})=6\)

  12. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \(\frac {a^6+64}{a^4-4a^2+16}-\frac {a^4-16}{a^2+4}.\)

Қате туралы хабарландыру