Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қысқарған сөздер, тіркесті сөздер, емлесі

Конспект

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әртүрлі жолмен қысқарады:

 

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т.б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т.б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т.б.

6. Әртүрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т.б.

 

Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар, медколледж сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы, ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т.б.

 

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

 

Тіркесті сөздер әртүрлі сөз табынан жасалады.

 

Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

 

Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?

 

Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?

 

Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?

 

Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?

 

Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.

 

Күрделі сөздер түрлерінің кестесі:

 

Күрделі сөздер

Біріккен сөздер

Қос сөздер Қысқарған сөздер

Тіркес сөздер

Саңырауқұлақ

Бәйшешек

Айдос

Ұлтабар

Алаөкпе

Ханталапай

Қосалқа

Өнеркәсіп

Жазғытұрым

Әлдеқалай

Үйір-үйір

Таудай-таудай

Бетпе-бет

Жөнді-жөнсіз

Ас-мас

Көйлек-көншек

Сарт-сұрт

Жап-жасыл

Көкпеңбек

Аппақ

ХШЖК

ҚР

ҚазҰУ

ҚБТУ

Ауатком

Ұжымшар

Физмат

Ил-40

Ан-24

см

Ана тілі

Сөз тіркесі

Ал қара көк

Күрең қызыл

Жиырма үш

Оқушылар сарайы

Ақ құба өңді

Қызыл шырайлы

Қыс бойы

Кешке дейін

 

 



Сұрақтар
  1. Қысқарған сөзді табыңыз.

  2. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

  3. Қысқарған сөздер қалай жасалатынын белгілеңіз.

  4. Күрделі атаулардың бас әріптерінен қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  5. Қысқарған сөз жасауға лайық қатарды белгілеңіз.

  6. Қысқарған сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  7. Қысқарған сөз жасауға лайық қатарды белгілеңіз.

  8. Қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  9. Қысқарған сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  10. Қосымшасы дұрыс жалғанған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  11. Емлеге сай жазылған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  12. Емлеге сай жазылмаған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  13. Қосымшасы дұрыс жалғанған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  14. Емлеге сай жазылмаған қысқарған сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  15. Кейбір қысқарған сөздердің қосымшасы қалай жазылатынын көрсетіңіз.

  16. Тіркесті сөздер қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  17. Тіркесті сөз қатарын көрсетіңіз.

  18. Сын есімді тіркесті сөзді көрсетіңіз.

  19. Сын есімнен жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  20. Зат есімнен жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  21. Сан есімнен жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  22. Үстеуден жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  23. Тіркесті сөздер қалай жазылатынын табыңыз.

  24. Емлеге сай жазылған тіркесті сөзді көрсетіңіз.

  25. Емлеге сай жазылмаған тіркесті сөзді көрсетіңіз.

  26. Дұрыс жазылған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  27. Төрт сөздің тіркесуінен жасалған күрделі сөзді көрсетіңіз.

  28. Қысқарған сөзді табыңыз.

Қате туралы хабарландыру