Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қос сөздер, түрлері, емлесі

Конспект

Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

 

Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т.б.

 

1) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т.б.

2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т.б.

3) бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т.б.

4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т.б.

5) екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер: жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т.б.

6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т.б.​​​​​​​

 

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады.

 

Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, т.б.​​​​​​​

 

Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т.​​​​​​​б.​​​​​​​

2) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антоним қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т.б.

3) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т.б.

4) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т.б.

5) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т.б.

 

Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.



Сұрақтар
  1. «Кейде» мағынасын білдіретін қосарлама қос сөзді табыңыз.

  2. Қайталама қос сөзді көрсетіңіз.

  3. Қайталама қос сөзді белгілеңіз.

  4. Қосарлама қос сөзді анықтаңыз.

  5. Қосымшасыз түбірдің қайталануынан жасалған қос сөзді көрсетіңіз.

  6. Қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануынан жасалаған қос сөзді тіркесті табыңыз.

  7. «Кейде» мағынасын білдіретін қосарлама қос сөзді табыңыз.

  8. Қосымшалы қос сөзді тіркесті табыңыз.

  9. Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.

  10. Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз.

    Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды.

  11. Дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қайталама қос сөзді анықтаңыз.

  12. Қос сөздердің қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  13. Қос сөздер нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  14. Қайталама қос сөздер қалай жасалатынын белгілеңіз.

  15. Қайталама қос сөзді көрсетіңіз.

  16. Қосымшасыз қос сөз қатысқан тіркесті көрсетіңіз.

  17. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді көрсетіңіз.

  18. Түбірлеріне әртүрлі қосымша жалғану арқылы жасалған қос сөзді көрсетіңіз.

  19. Қосымшалы-қосымшасыз қос сөзді белгілеңіз.

  20. Сыңарлары бір-біріне антоним болатын қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  21. Екі сыңары да мағынасыз қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  22. Күшейткіш буын арқылы жасалған бірге жазылатын қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  23. Қосарланған қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  24. Екінші сыңары мағынасыз қос сөз қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.

  25. Емлеге сай жазылған қос сөзді көрсетіңіз.

  26. Емлеге сай жазылмаған қос сөзді көрсетіңіз.

  27. Екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөзді және оның сөз табын анықтаңыз.

  28. Берілген қос сөздің сыңарын белгілеңіз. Абысын-…

  29. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қос сөздің қажетті сыңарын белгілеңіз. Тәкежанның малынан аш-... біраз мал бөліп бергізді.

  30. Қос сөз қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.

  31. Синонимдес қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  32. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  33. Екінші сыңары мағынасыз қос сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  34. «Некен-саяқ» қос сөзінің мағынасын табыңыз.

  35. Сан есімнен жасалған қос сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  36. Сын есімнен жасалған қос сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  37. Бірге жазылған қос сөзді көрсетіңіз.

  38. Қайталама қос сөзді табыңыз.

  39. Дыбыстық өзгеріске ұшырап қайталанған қос сөзді анықтаңыз.

  40. Қос сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз.

  41. Қос сөздің нешеге бөлінетінін анықтаңыз.

  42. Қосарлама қос сөздің жасалу жолы (-дары)

  43. Алғашқы сөздің буыны қысқарған сөз (-дер)

  44. Қосарлама қос сөз (-дер)

  45. Қайталама қос сөз (-дер) қатары

Қате туралы хабарландыру