Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы

Конспект

Қазақ, орыс халықтарының байланыстары шаруашылық және мәдени салалармен ғана шектеліп қалған жоқ. Бұл байланыс Ресей халықтарының француздардың шапқыншылығына бірлесе тойтарыс беруінде де көрінді. Наполеон орнатқан континенттік блокаданы əлсіретуде, қазақтардың мал жəне мал өнімдерін Орынбор өлкесіндегі сауда орталықтарына жеткізуінің маңызы зор болды. Наполеон армиясымен соғыста атты əскер ерекше рөл атқарды. Бұл қазақтардан жылқы сатып алу мөлшерін арттырып отырды. Соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында 40 кавалериялық полк құрылды. Қазақтар Орынбор полктерінде, əсіресе Орал казактарының əскери топтарында көп болды. 1812 жылғы қазан-қараша айларында Орынбор губернаторы Г.С. Волоконскийдің соғыс басталғандығы туралы манифесі қазақ ауылдарына жетті. Қазақтарды жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған – старшын Байсақал Тілекұлы.

Елтон тұз өндіру орнының жұмысшылары Батыс майданға 1 млн. пұт тұз жөнелтіп, 22000 сом жинап берді. Риддер, Зыряновск, Белоусовка кен орындарының жұмысшылары мыс, қорғасын балқытуды көбейтіп, соғыс қажетіне 239 сом жинады.

Соғыс туралы хабардан кейін жүздеген қазақ жігіттері бүкіл ел бойынша ұйымдастырылып жатқан халық жасақтары мен тұрақты әскери бөлімдерге тіркеліп, майданға аттанды. 1812 жылғы қыркүйекте ерлігі үшін Майлыбайұлы күміс медальмен, Зындағұлұлы көгілдір ленталы медальмен марапатталды. 1812 жылғы 27 шілдеде Малаево Болото, Левия ұрыстарында Мұрат Құлшоранұлы мен Еріш Азаматұлына хорунжий атағы берілді. Вязьма түбіндегі ұрыста 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы ерлігі үшін 3-дəрежелі "Қасиетті Анна" орденімен марапатталды. Рамоново шайқасында атты әскер жауынгері Боранбай Шуашбайұлы, жасауыл Ықсан Əубəкірұлы ерлікпен шайқасты. Башқұрт полкы құрамында ақын Нарынбай Жанжігітұлы "Георгий" орденінің толық кавалері болды. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы Лейпциг, Глогау, Веймар, Ганау, Франкфурт шайқастарына қатысты. 1814 жылғы 14 наурызда император І Александрдың бұйрығымен Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген əскер арасында Əмен Байбатырұлы мен Нарынбай Жанжігітұлы болды.

Шоқынған қазақ Яков Беляков жасауыл болған 3-Орынбор қазақ полкі 1813 жылы Беннигсеннің, Польша əскерінің авангардында болып, кейін Сеславиннің партизан корпусы құрамында шайқасты. Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере ұрыстарына қатысты. Ол 1830 жылы Орынбор өлкесінің билеушісі П. Эссенге хат жолдап, денсаулығына байланысты əскерден босатуды, туған ауылына қайтаруды сұраған.

Ақын Əмен Байбатырұлы Орынборға оралып, 1853 жылы Орынбор губернаторы В.А.Перовскийдің қоқандықтарға қарсы жорығына қатысып, Ақмешітті алуға, Сыр бойы қазақтарын Қоқан езгісінен азат етуде үлес қосты. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы екі халықтың әскери бауырластығын нығайтқан ерекше оқиға болды.



Сұрақтар
  1. Елтон тұз өндіру орнынан майданға жөнелтілген тұз мөлшері:

  2. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медальмен марапатталды:

  3. Сағит Хамитұлы марапатқа ие болды:

  4. Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген қазақтар:

  5. Денсаулығына байланысты туған ауылына қайтаруды сұраған:

  6. Əмен Байбатырұлы В.А.Перовскийдің жорығына қатысып, азат етті:

  7. Қазақ ауылына 1812 Отан соғысының басталғандығы туралы хабар жетті:

  8. Ресей жеріне Орта жүзден қоныс аударған щаңырақ саны:

  9. 1812 жылғы соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында құрылды:

  10. Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер түрі:

  11. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы Ресей әскерінің шетелдегі жорықтарына қатысқан:

Қате туралы хабарландыру