Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақстандық парламентаризм. 1995 жылғы Конституция

Конспект

1993 жылдың 9 желтоқсанында Президент ҚР сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды. Жоғарғы Кеңес құрамы 177 депутаттан тұрады. Оның 42-сі Президент жасайтын мемлекеттік тізім бойынша тағайындалады. Депутаттыққа кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Жекелеген азаматтар да өздерін ұсына алады. ҚР Жоғарғы Кеңесіне жəне маслихатқа сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.

Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) аса қуатты және ірі азаматтық қозғалыс “Азаттың” мүшелерінен құрылды. 1992-1993 жылдары ҚРП аса ауыр дағдарыс жағдайды басынан кешірді. Жетекшілері арасында бітіспес жанжал, баспасөз бетінде бірін-бірі әшкерелеу басталды. Сайлау қарсаңында саяси күш ретінде көріне алмады. Осы жағдай ҚРП-на балама саяси ұйым құру қажеттігін туғызды. Халықтық Конгресс партиясы (ХКП) осылай дүниеге келді. ХКП интернационалдық бағыт ұстайтынын, Президент әкімшілігінің ішкі, сыртқы саясатына сәйкес әрекет жүргізетінін бағдарламаларында айқындап берді.

1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО) дүниеге келді. Бұл одақ жетекшісі ретінде Президент Н.Назарбаевты атады.

1993 жылдың соңында 3 саяси партия ресми тіркелді: “Қазақстан социалистік партиясы”, “Қазақстан Республикалық партиясы”, “Қазақстан Халық конгресі партиясы”. Қоғамдық қозғалыстар арасынан “Невада-Семей”, “Азат”, ҚХБО беделді жəне танымал болды.

Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси бірлестіктер, 11 ірі ұлттық-мəдени құрылымдар әрекет етті.

Алғаш рет көппартиялық негізде заң шығаруға қабілетті парламент сайланды. Сайлау құқығы бар азаматтардың 73,52%-ы қатысты. ҚР Жоғарғы Кеңесіне 176 депутат сайланды. Ең көп орынды КХБО алды. 11 адам – ҚР кəсіподақ федерациясынан, 9 адам – Халық Конгресі партиясынан, 8 адам – Қазақстан Социалистік партиясынан, 4 адам – ҚР шаруалар одағынан, 4 адам – “Лад” қоғамдық қозғалысынан сайланды.

1994 жылы 19 сəуірде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Төрағасы – Ə.Кекілбаев. Алайда кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде парламент таратылды.

1995 жылы референдум өткізілді. Қатысушыларға: “ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?” – деген сұрақ қойылды. Көпшілік Н.Назарбаевтың президенттік мерзімін ұзартуды жақтап дауыс берді.

ҚР Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда еліміздің өркендеу үрдістері, әлемнің жоғары дамыған елдерінің (Францияның) конституциялық тәжірибесі ескерілді. 1993 жылғы Конституциядағы кейбір қайшылықтар түзетілді. Жаңа Конституцияда заң шығарушы, атқарушы, сот билігі жүйелерінің міндеттері айқындалған. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Президенттік басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды. Парламент екі палатадан тұрды: Сенат жəне Мəжіліс. Сенат құрамы әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ҚР астанасының əрқайсысынан сайланатын 2 адамнан және Президент тағайындайтын 7 депутаттан құралады. Мəжіліс 67 депутаттан тұрады. Конституцияның негізіне адам мен азаматтың құқықтары алынды

1995 жылы күзде парламенттің жаңа сайлауы өтті. 1996 жылдың 30 қаңтарында парламент өз жұмысын бастады.

ҚР мемлекеттік тəуелсіздігін жариялағаннан кейін Қорғаныс Комитеті құрылды. 1992 жылы 7 мамырда Қорғаныс Комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Алғашқы Қорғаныс министрі – генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетов. 1997 жылғы қарашадан бастап Республика Қарулы Күштері жалпы міндеттерді орындайтын, əуе кеңістігі мен мемлекеттік шекараны қорғайтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады.



Сұрақтар
  1. «Қазақстан халық бiрлiгi одағы» (ҚХБО)  құрылды:

  2. Жоғарғы Кеңес құрамындағы депутаттар саны:

  3. Сайлау қарсаңында саяси күш ретінде көріне алмаған партия:

  4. 1993 жылдың соңындағы республикадағы ірі ұлттық-мəдени құрылымдар:

  5. 1994 жылы сәуірде өз жұмысын бастаған жаңа парламент таратылды:

  6. Жаңа Конституция бойынша мəжіліс депутаттарының саны:

  7. ҚР Қорғаныс министрлігі құрылған мерзім:

  8. 1993 жылдың аяғына қарай елімізде ресми тіркелген саяси партиялардың саны:

  9. Қазақстан парламентiнің палаталар саны:

  10. «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» құрылды:

  11. Қазақстанда Конституция қашан қабылданды?

  12. 1993-жылдың соңына қарай Қазақстанда қандай үш саяси партия ресми тіркелді?

  13. 1993-жылдың соңына қарай ел арасында беделді және танымал болған қоғамдық қозғалыстарды көрсет.

  14. Конституция күнін көрсет.

  15. 1995-жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін қандай екі палатадан тұрады?

  16. 1995-жылғы Конституция қанша баптан, неше бөлімнен тұрады?

  17. 2012-жылғы сайлау қорытындысы бойынша 7%-дық кедергіні аттап өткен партиялар:

Қате туралы хабарландыру