Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп

Конспект

Фонетика – тіл білімі ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады.

 

Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сияқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.

 

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А. Байтұрсынов.

 

Қазақ әліпбиі үш рет өзгерді: алғаш араб әліпбиі, кейін латын әліпбиі, соңында қазіргі пайдаланып жүрген кирилл әліпбиі болған. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.

 

Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.



Сұрақтар
  1. Дыбыс пен әріп саны сәйкес емес сөзді көрсетіңіз.

  2. Әріп саны мен дыбыс санында айырмашылық бар сөзді табыңыз.

  3. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

  4. Қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылатын әріпті көрсетіңіз.

  5. Қазақ әліпбиі қай әріптен басталып, қай әріппен аяқталатынын көрсетіңіз.

  6. Дыбыстың жазудағы таңбасы қалай аталатынын белгілеңіз.

  7. Басқа тілден енген сөздерде жазылатын әріп қатарын көрсетіңіз.

  8. Тіл дыбыстарын жасауға қатыспайтын мүшені көрсетіңіз.

  9. Қазақ халқының сауат ашу құралы болған әліпбиді табыңыз.

  10. Бас әріппен жазылмайтын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  11. Қазақ халқы 1940 жылдан бастап қандай әліпбиді қолданғанын табыңыз.

  12. Тек қазақтың төл дыбыстарынан жасалған сөз қатарын көрсетіңіз.

  13. Бас әріппен жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  14. Қазақтың төл сөздерінде ғана жазылатын әріптер қатарын көрсетіңіз.

  15. Тіл білімінің фонетика саласына жататын терминді көрсетіңіз.

  16. Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән қанша әріп барын табыңыз.

  17. «Әріп» термині қай тілден енгенін табыңыз.

  18. Қазақ халқы 1929 жылдан бастап қандай әліпбиді қолданғанын белгілеңіз.

  19. Араб әліпбиінің негізінде қазақ әліпбиінің емлесін түзген ғалымды көрсетіңіз.

  20. Әліпбидің анықтамасын табыңыз.

  21. Әліпби термині қай тілден енген термин екенін көрсетіңіз.

  22. Қазақ жазуы кирилл әліпбиіне қай жылдан бастап көшкенін белгілеңіз.

  23. Тіл дыбыстары қалай жасалатынын белгілеңіз.

  24. Тіл білімінің тіл дыбыстарын зерттейтін саласы қалай аталатынын табыңыз.

  25. Басқа тілден енген сөздерде ғана жазылатын әріпті табыңыз.

  26. Бас әріпті қолдану қай әліпбиден басталғанын табыңыз.

  27. «У» әрпінің жуан түрін анықтаңыз.

  28. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің санын көрсетіңіз.

  29. Төл дыбыстар қатарын құрайтын дыбыс (-тар)

  30. Әліпби

Қате туралы хабарландыру