Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Предлог түрлері.

Конспект

Ағылшын тілінде предлогтың маңызы өте зор. Предлогтар сөзбен-сөзді байланыстырып тұрады, ол ағылшын тілінде сөз табы ретінде қарастырылады. Олар құрамына қарай жай, күрделі, құрамды немесе топтасқан деп бірнеше топқа бөлінеді. Жай предлогтар : to, at, in, with, for, by, since, above, past, near, behind, against, below, among etc.

Құрамды предлогтар : by means of, instead of, in front of, on the right, at the left, in the middle.

Күрделі предлогтар: into, upon, inside, outside, under, opposite, throughout.

Предлогтардың түрлері: орынды көрсететін предлогтар (prepositions showing places), бағыт пен қозғалысты көрсететін предлогтар (prepositions which show direction), уақытқа байланысты предлогтар (prepositions of time), септіктермен байланысты предлогтар (prepositions for, with/by, of, to, from, about ), себепті білдіретін предлогтар (prepositions because of, in view of).

Предлог сөйлемде зат есім, сын есім, есімдіктің алдында келеді.



Сұрақтар
  1. Сөйлемді толықтыр. I live … Astana.

  2. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін предлогты қой. Write down the date … the blackboard.

  3. Сөйлемді толықтыр. Our lessons begin ... three o’clock.

  4. Сөйлемге сәйкес келетін предлогты қой. I go … school every day.

  5. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін предлогты қой. My friend goes ... the house.

  6. Сәйкес келетін предлогты қойып, сөйлемді аудар. Ит көпірдің астында жүгіріп жүр.

  7. Қажетті предлогты қойыңыз. There are many flowers ... the school.

  8. Қажетті предлогты қойыңыз. He run … the school.

  9. Сөйлемді толықтыр. I go to school …

  10. Қажетті предлогты қой. I get up at seven o’clock … the morning.

  11. Көп нүктенің орнына сәйкес предлогты қой. This article deals … the problem of this foreign policy of our country.

  12. Сөйлемді толықтырыңыз. He lives … a big house.

  13. Сөйлемді сәйкес предлогпен толықтыр. The novel is written … a young poet.

  14. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін предлогты қойыңыз. Start is a beginning … activity or development.

  15. Сөйлемді толықтырыңыз. The theatre is … the school.

  16. Find the correct prepositions in sentences

  17. Complete the sentence with right prepositions.

    The bridge was made …iron.

  18. Find the sentences with the prepositions of place and direction.

Қате туралы хабарландыру