Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (ХV-ХVI ғғ.)

Конспект

 

Моңғол-татар үстемдігі орыс жерінің шаруашылығын күйзеліске түсірді. Феодалдар шауаларды басыбайлы етуге тырысты. XV ғасырдың аяғынан (1497 ж.) бастап шаруаларға өз қожайындарынан жылына бір рет Юрий күні ғана кетуге рұқсат етілген.

 

Кінәз өзіне қызмет еткені үшін феодалдарға жер иелігін – поместье беретін болды. Поместье иелері помещиктер деп аталды.

 

XIV ғасырдың орта шенінде III Иван кезінде Мәскеу кінәздігі күшейіп орыс жері біріге бастайды. Алтын Орда жасақтарыменбірге Тверь көтерілісін басуға көмектескен Иван Калита Алтын Орда ханы Өзбектің сеніміне ие болады. Алтын Орда пайдасына орыс жерінен алым-салық жинау жөнінде ханнан құқық алады. Мәскеу кінәзіне енді жергілікті кінәздар тәуелді бола бастайды.

 

1328 жылы Иван Калита ұлы кінәз атағын алады. Жиналған салықтан Мәскеу жерін күшейту үшін ол өзіне көп қалдырып отырған, сондықтан халық оны «Қалталы Иван» деп атаған.

 

Алтын Орда ханы Мамай өзіне бағынбай бара жатқан орыс жерін уысынан шығармау үшін жорыққа шығып, 1380 жылы Куликова даласында жеңіліске ұшырайды. Бұл шайқастан кейінде Мәскеу кінәздігі Алтын Ордаға салық төлеп, бағынышты қала берді.

 

IV Иванның қатал билігі кезінде шаруашылық құлдырап, елде тыныштық бұзылды. Ресей патшасы IV Иван өлгеннен кейін дүрбелең кезең болды. Дегенмен, осыншама қиыншылыққа қарамастан Ресей патшасы жаңа жер арқылы империяның жер көлемін кеңейтті.

 

XVII ғасырда Ресей жері тағы да кеңейіп, 1654 жылы Украина жері Ресейге қосылды.

 

Әлеуметтік топтар арасындағы бақталастық, билік үшін күрес XVII ғасырда Ресейде дүрбелең кезеңдер тудырды. Бұл кезең 1584-1613 жылдарға дейін созылды.

 

1613 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында 700 адам қатысқан Зем соборы шақырылды. Халық жиналысына боярлар, дворяндар, шіркеу қызметкерлері, посадтар, казактар және шаруалар қатысты. Зем соборы Ресейге патша болуға лайық адамды сайлауы керек еді. Ол 16 жастағы Михайл Романов болды. Ресей тарихында Романовтар әулетінің билігі үш ғасырға созылды.



Сұрақтар
  1. Мемлекеттік жерде жұмыс істейтін шаруаларды белгілеңіз
  2. Орыс жерінің бірігуіне әсер еткен саяси жағдай:

  3. XIV ғасырда ерекше күшейе бастаған орыс жеріндегі кінәздік:

  4. «Қалталы Иван» атанған орыс князі

  5. 1654 жылы Ресейде орын алған оқиға:
  6. XVII ғасырда Ресейде орын алған «дүрбелең кезең»: 
  7. Ресейде Романовтар әулеті таққа отырған жыл:

  8. Куликово шайқасы болған жыл:
  9. Боярлар билігін төмендетіп, дворяндар билігін күшейткен кінәз:

  10. Мәскеу қаласы шетел басқыншыларынан азат етілген жыл:
  11. Орыс жерлері бірігуінің алғышарттарына не жатады?

  12. Орыс жерін саяси басқару жүйесі неден тұрды?

  13. Орыс жерінің бірігуі кезінде бір-бірімен текетірескен князьдіктер

  14. Орыс князьдықтарының татар-моңғол әскерін жеңген жылдар

  15. IV Иванның Ресейдегі орталықтандырылған мемлекет құру реформасы

  16. ХVII ғасырда Ресей қоғамындағы әлеуметтік топтар:

  17. Б. Годуновтың жүргізген саясаты

  18. Орыс жеріндегі шаруа топтарының атауы:

Қате туралы хабарландыру