Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Оқшау сөздер, түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Тыныс белгісі

Конспект

Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.

 

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

 

Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!

 

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы, Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.

 

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Түнде жыламас болар, қарағым.

 

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.

 

Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!

 

Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

 

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.

 

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

– сөйлем басында келсе, одан кейін;

– сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

– сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

 

Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

 

Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі – үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!

 

Логикалық көтеріңкі екпінмен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.



Сұрақтар
  1. Қыстырма сөзді көрсетіңіз.

    Осы қасиетіңізді, сірә, жоғалптайтын шығарсыз.

  2. Үтір қойылмайтын орынды анықтаңыз.

  3. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  4. Бірнеше қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

  5. Қаратпа сөзге тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.

  6. Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.

  7. Қаратпа сөзді табыңыз.

  8. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

  9. Қаратпа сөзді белгілеңіз.

  10. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

  11. Қыстырма сөз қатысқан қатарды белгілеңіз.

  12. Ойдың ретін білдіретін қыстырма сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

  13. Қыстырма сөзді көрсетіңіз.

  14. Қыстырма сөзді табыңыз.

  15. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

  16. Қыстырма сөзді анықтаңыз.

  17. Сөйлем соңында келген қыстырманы табыңыз.

  18. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

    Шамасы, осы жерден төрт шақырымдай болар.

  19. Қыстырма сөз қатысқан жай сөйлемді көрсетіңіз.

  20. Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

  21. Оқшау сөздің түрін көрсетіңіз.

  22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

  23. Одағайды табыңыз.

  24. Көңіл күйді білдіру мақсатында жұмсалатын қыстырма сөзді табыңыз.

  25. Асты сызылған сөз қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын белгілеңіз. Айқайдан ойбайым тыныш.

  26. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  27. Қаратпа сөз қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңіз. Жолдастар, айтылған сыннан қорытынды шығарыңыздар.

  28. Тыныс белгісі дұрыс қойылған оқшау сөзді сөйлемді табыңыз.

  29. Қыстырма сөздің мағынасын көрсетіңіз.

    Сіздің айтуыңызша, ол өзін салмақты ұстапты.

  30. Қыстырма сөзге дұрыс қойылған тыныс белгіні табыңыз.

  31. Қаратпа сөзді табыңыз.

  32. Бірыңғай қыстырма сөздер қатарын көрсетіңіз.

  33. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.

  34. Қаратпа сөзді белгілеңіз.

  35. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

  36. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сан есім қатысқан қатарды анықтаңыз.

  37. Қаратпа сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  38. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

  39. Сөйлемде басқа сөздермен байланысқа түспейтін сөз (-дер)

  40. Қыстырма және қаратпа сөздері бар сөйлем (-дер)

  41. Оқшау сөздер қатысқан сөйлем (-дер)

  42. Қаратпа сөздер қатысқан қатарлар

  43. Сызықша қойылуы керек сөйлем (-дер)

Қате туралы хабарландыру