Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)

Конспект

14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.

Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.

Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.



Сұрақтар
  1. Қазақ хандығының құрамына енген Моғолстанның бөлігі

  2. Жүніс ханның билік еткен жері

  3. 1433–1462 жылдары хандық билікте болды

  4. Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығын жасады

  5. Ілияс Қожа қоршауға алған қала

  6. 1365 жылғы Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасындағы шайқас

  7. Тоғылық Темірдің сыртқы саясаттағы көздеген мақсаты

  8. Моғолстанда бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны

  9. Тоғылық Темір хан болып сайланды

  10. Моғолстан хандығындағы беделді тайпа

  11. Моғолстанның аумағы туралы жазылған еңбек

  12. Моғолстан мемлекеті құрылды

  13. 1428 жылы хандық билік үшін таласқа қатысқан Уәйіс ханның балалары

  14. Моғолстан мемлекеті орналасқан жері

Қате туралы хабарландыру