Механикалық энергияның сақталу заңы

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект

Тек ауырлық күші мен серпімділік күші әсерлескен тұйық денелер жүйесінің толық механикалық энергиясы Е, кез-келген қозғалған дене үшін тұрақты

Дене бірінші механикалық күйден екінші механикалық күйге көшкенде

немесе

- толық механикалық энергиясы оның потенциялық және кинетикалық энергияларының қосындысына тең.

Егер жүйе тұйықталмаған және денелер үйкеліс күші арқылы әсерлессе, онда кинетикалық энергия мен потенциалдық энергияның өзгерістерінің қосындысы үйкеліс күшінің жұмысына тең

Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды,ол бір күйден екінші күйге айналады. Бұл қағида – энергияның айналу және сақталу заңы барлық жерде орындалады.

Конспект сұрақтар
  1. Серіппедегі жүктің гармониялық тербелісі кезіндегі ең үлкен кинетикалық энергиясы 20 Дж. Уақыт өтуіне байланысты серіппенің толық энергиясы
  2. Тас υ0=10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған. Тастың кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына тең болатын биіктік (ауа кедергісі ескерілмейді)
  3. 20 м биіктіктен еркін түсетін массасы  20 кг  дененің  Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потециалдық және  кинетикалық энергиялары (g=10 м/с2)
  4. Массасы 0,4 кг  допты 20 м/с  жылдамдықпен тік жоғары лақтырады. Доптың ең жоғарғы биіктіктегі потенциялдық энергиясы (g=10 м/с2)
  5. Массасы  0,01 кг  атылған оқ,  600 м/с жылдамдықпен ұшты. Оққа әсер ететін газдың серпімділік күшінің жұмысы
Тақырыптың тесті