Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Мақал-мәтелдер, тақырыптары, ерекшеліктері

Конспект

 

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мақал-мәтелдер арқылы жинақтап берген.

 

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мақал-мәтелдерде халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірі жан-жақты қамтылып берілген. Халық ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер төмендегідей топталады:

  • Төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер;

  • Отанды, туған жерді, өскен елді, атамекенді сүю тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

  • Ерлік, батырлыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер;

  • Оқу, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

  • Еңбек тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

  • Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер;

  • Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер;

  • Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдер;

  • Денсаулық, отбасы, үнемшілдік туралы мақал-мәтелдер.

  •  

  • Мақал-мәтелдерде поэзияға тән жинақылық, саздылық, ұйқас, ырғақтылық кездеседі. «Ел үмітін ер ақтар» деген мақал-мәтел, біріншіден, бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстардың қатысуымен, екіншіден, «е» дауысты дыбысының қайталануымен, үшіншіден, сөздердің үнемделіп қолданылуымен ерекшеленеді.

  •  

  • Мақал мен мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, өздеріне тән ерекшелігі, яғни бір-бірінен өзіндік айырмашылығы болады. Мысалы, мақалда ой анық, тұжырымды түрде қорытылып беріледі. Ойдың салдары мен себебі қатар айтылады. Мысалы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

  •  

  • Мәтелде ой тұспалды, бейнелі түрде ишарамен беріледі. Істің салдары айтылып, себебі берілмейді. Мысалы: Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.

 



Сұрақтар
  1. Cөз өнеріне қатысты мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  2. Берілген мақал-мәтелдің тақырыбын табыңыз. Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

  3. Адамгершілік тақырыбындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  4. Мақалды көрсетіңіз.
  5. Оқу-білім тақырыбындағы мақал-мәтелді табыңыз.
  6. Бос орынға тиісті сөзді көрсетіңіз.

    Сөздің көркі – _______ .

  7. Бос орынға тиісті сөзді белгілеңіз.

    ________ – сөздің мәйегі.

  8. Мақалға тән ерекшелікті көрсетіңіз.
  9. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» қалай аталатынын көрсетіңіз.
  10. Мақал-мәтелге жатпайтын қатарды көрсетіңіз.

  11. Мәтелді табыңыз.
  12. Бос орынға қажетті сөздерді көрсетіңіз.

    Еңбектің ______ , жалқаудың ______ тәтті.

  13. Мәтелді белгілеңіз.

  14. Денсаулық ұғымындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  15. Бос орынға қажет сөзді белгілеңіз.

    Сөз атасы – _____ .

  16. Үнемшілдік ұғымындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  17. Тура мағыналы сөз де, ауыспалы мағыналы сөз де қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  18. Мәтелді көрсетіңіз.

  19. Мақал бола алмайтын қатарды көрсетіңіз.

  20. Ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі негізінде пайда болған мәтелді көрсетіңіз.
  21. Егіншілік кәсібіне байланысты мақал-мәтелді көрсетіңіз.
  22. Өнер жайлы мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  23. Кәсіби сөз қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.
  24. Бос орынға қажет сөздерді көрсетіңіз.

    _______ жерін, _______ көлін мақтайды.

  25. Мәтелге тән қатарды табыңыз.

  26. Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері

  27. Ойдың салдары мен себебі айтылып тұрған қатарлар

Қате туралы хабарландыру