Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

«Манас» жыры, Шыңғыс Айтматов шығармалары

Конспект

 

Қырғыз халқының «Манас» дастаны мазмұны, көлемі, көркемдігі жағынан әлем халықтары әдебиетінің алтын қорынан орын алатын батырлық эпос. Дастанда жеті жасқа келгенде жолбарыстай айбарымен көзге түсіп, «Дәу жынды» атанған Манастың дүниеге келгенінен бастап, батырлық, ерлік істері жырланған. Дастанда Манастың әкесі Жақыптың, анасы Шиырлының, ақылды қария Ақбалтаның, Манастың тұлпары Айманбоздың, Манастың қарсыласы Қошқының бейнесі Манасқа қатысты алынған. Жас Манастың Дәу Дүрді, Дәу Жолайды, Қабан алыпты жеңу жолындағы қайсарлығы, қуат-күші де жырда ерекше жырланған. Бала болса да ерлігімен, батырлығымен елін сырт жаудан қорғап, азып-тозған қалың қырғыз халқына сүйеу, қорған болған Манас бейнесі жырда ерекше суреттелген.

 

Қазақ халқының тұңғыш зерттеушісі Ш. Уәлиханов «Манас» жырын еуропалық тұрғыда тұңғыш зерттеп: «Манас» – қырғыздың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манас төңірегіне топталған энциклопедия. «Манас» даланың Иллиадасы», – деп бағаласа, бұл дәстүрді жалғастырушы Мұхтар Әуезов дастанды тереңдей зарттеген.

 

Қырғыз халқының әлемге әйгілі, кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматов 1928 жылы Қырғызстандағы Манас шоқысының бауырындағы Шекер ауылында дүниеге келген. Шыңғыстың әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды, ел ісіне араласқан беделді адам болған.

 

Шыңғыс Айтматовтың алғашқы тырнақалды туындысы 1956 жылы жазылған «Жәмила» хикаяты оқырман назарын аударып, орыс, француз тілдерінде жарық көріп, жас жазушының есімін әлемге танымал еткен.

 

Қырғыз халқының классик жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы», «Шынарым менің шырайлым», «Қош бол, Гүлсары», «Ерте келген тырналар», «Ақ кеме», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» хикаяттары, «Боранды бекет», «Жан пида», «Ғасырдан да ұзақ күн» романдары – дүниежүзі халқы сүйіп оқитын әлем әдебиетінің озық туындылары болып табылады.

 

Жазушының «Ерте келген тырналар» шығармасы Ұлы Отан соғысының зардабынан ерте есейген Сұлтанмұрат, Анатай, Еркінбек, Ергеш, Құбатқұл деген балалардың соғысқа кеткен аға, әкелерінің орнын жоқтатпай ерте еңбекке араласуы, өздеріне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарауы, төраға Тінәлиев пен бригадир Шөкіштің оларға артқан сенімі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеуге арналған.

 

Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» шығармасы – өмір мен өлім, қасиет пен қасиетсіздік сияқты мәселелерді сөз еткен психологиялық роман. «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан алынған «Найман-Ана» шығармасы адамдардың Жер-Анаға деген қарым-қатынасы, Ананың балаға деген махаббаты, мәңгүрт ұл Жоламнның тағдыры, Найман-Ана сүйегі қойылған Сарыөзектегі Ана-Бейіт мазарының тарихы туралы айтылған.

 

Шыңғыс Айтматов бейнелеген кейіпкерлер тек қырғыз халқына ғана емес, әлем халықтарына ортақ мінезбен, адамзаттық болмыспен суреттелгендіктен, жазушы шығармалары – ең көп аударылған туындылар.



Сұрақтар
  1. Қырғыз халқының батырлық дастанын көрсетіңіз.
  2. «Манас жыры – даланың «Иллиадасы» тәрізді» – деген сөзді айтқан ойшылды табыңыз.

  3. Манасқа бала кезінде қойылған атты табыңыз.
  4. «Манас» жырында кездесетін «шер» сөзінің мағынасын көрсетіңіз.

  5. Манастың әкесінің есімін көрсетіңіз.
  6. «Манас» жырындағы ақылды қарияның есімін табыңыз.
  7. Манастың анасының есімін белгілеңіз.

  8. Манастың тұлпарын көрсетіңіз.

  9. «Манас» жырын зерттеген қазақ жазушысын көрсетіңіз.

  10. Қырғыз халқының классик жазушысын көрсетіңіз.

  11. Ш. Айтматовтың туған жерін көрсетіңіз.

  12. Ш. Айтматовтың әкесінің есімін көрсетіңіз.

  13. Ш. Айтматовтың алғашқы шығармасын табыңыз.

  14. Ш. Айтматовтың «Ерте келген тырналар» шығармасындағы география пәнінің мұғалімін көрсетіңіз.

  15. Ш. Айтматовтың «Ерте келген тырналар» шығармасының оқиғасы қай жылдары өткенін табыңыз.

  16. «Ерте келген тырналар» шығармасындағы төрағаны көрсетіңіз.

  17. «Ерте келген тырналар» шығармасындағы соқамен жер жыртуға шыққан балалар тобы қалай аталғанын табыңыз.
  18. «Ерте келген тырналар» шығармасының кейіпкері Сұлтанмұраттың әкесінің есімін көрсетіңіз.
  19. «Ерте келген тырналар» шығармасындағы «Ақсай десантының» командирін белгілеңіз.
  20. Ш. Айтматовтың романын табыңыз.

  21. «Ерте келген тырналар» шығармасындағы бригадирдің есімін көрсетіңіз.
  22. Ш. Айтматовтың психологиялық романын көрсетіңіз.

  23. Ш. Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесі қай шығармадан алынған үзінді екенін көрсетіңіз.

  24. «Найман-Ана» шығармасының оқиғасы өткен жерді көрсетіңіз.
  25. «Найман-Ана» шығармасындағы Ананың баласының есімін көрсетіңіз.

  26. Ш. Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармасындағы кейіпкері (-лері) белгілеңіз.

  27. «–Жоламан! А, Жоламан! Амансың ба, құлыным?! – деп дауыстады». Бұл үзінді Ш. Айтматовтың қай шығармасынан екенін көрсетіңіз.

  28. Шыңғыс Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесіндегі ана мен баланың психологиялық күйі

    ...Жүрегі түскір су-у-у ете қалды. ...Буын-буыны дірілдеп, құлап түспеске, томардай қақайып, тебіренбей тұрған ұлының иығынан қос қолдап құшақтап алды.  

  29. Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн»романындағы кейіпкерлер

  30. Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романында Мәңгүртті құл жасау үшін жуан-жуандар қандай тәсіл қолданған?

  31. Қырғыз халқының «Манас» жыры туралы зерттеулер жүргізген қазақ ғалымдары

Қате туралы хабарландыру