Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Магниттік күштер

Конспект

Магнит өрісіне сандық сипаттама беру үшін магнит өрісі тарапынан тоғы бар өткізгішке әсер ететін күшті анықтайтын заңды қорытуымыз керек. Магнит өрісі өткізгіштің әр бөлігіне әсер етеді, осы күшті білсек, тұйық өткізгішке бүтіндей әсер етіп тұрған күшті есептеуге болады. Өткізгіштің жеке бөлігіне (ток элементіне) әсер етуші күшті анықтайтын заңды 1820 жылы А. Ампер тағайындаған. Ампер күші - магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әсер етуші күш.

 

Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда күш ең үлкен мәніне жетеді. Бұл күш тізбектегі ток күшіне және өткізгіштің ұзындығына тура пропорционал болады. Осы күштің ток күші мен өткізгіштің ұзындығының көбейтіндісіне қатынасы магнит өрісін сипаттайды. Магнит индукция векторының модулі деп ток жүріп тұрған өткізгіш бөлігіне магнит өріс тарапынан әсер ететін ең үлкен күштің ток күші мен өткізгіш бөлігінің көбейтіндісіне қатынасын айтамыз

\(B=\frac{F_{max}}{I\Delta l}\)

Магнит индукциясының бірлігіне ұзындығы 1 м өткізгіш бөлігіне ондағы ток күші 1А болғанда, өріс тарапынан әсер ететін ең үлкен күш 1 Н болатын біртекті өрістің магнит индукциясын алуға болады. Магнит индукциясының бірлігі Югославияның ғалымы Н. Тесланың құрметіне тесла (Тл) деп аталған. Өріс тарапынан тогы бар өткізгішке әсер етуші күшті өлшеу арқылы магнит индукция векторының модулін және бағытын анықтауға болады. Төменде Ампер күшінің модулі берілген.

\(F_A=BL\Delta \ sin \ \alpha\)

 

 

\(\vec F_A=0 \\ (\alpha = 0^\circ;180^\circ)\)

 

 

\(F_{A(max)}\\ (\alpha=90^\circ)\)

 

\(0<\vec F_A<\vec F_A(max)\)

\(B \ –\) магнит индукция векторының модулі,

\(I \ –\)

өткізгіштегі ток күші,

\(Δl \ –\)

өткізгіштің ұзындығы,

\(α -\) магнит индукция векторы мен өткізгіш бөлігінің арасындағы бұрыш.

 

\(\vec F_A \ -\)  Ампер күшінің бағыты

Сол қол ережесі

\(\boxed {\vec F_A\perp\vec B \perp \vec I}\)

Сол қолдың алақанының орналасуы:

  • векторы ‒ алақанға перпендикуляр кіретіндей,
  • \(I \ ‒\) токтың бағыты төрт саусақ бағытымен бағыттас,
  • \(F_{A(max)} \ –\) бас бармақтың бағытымен бағыттас.

 

Лоренц күші - магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы электр зарядына әсер етуші күш, ол зат құрлысының электрондық теориясының негізін салған Голландияның физигі Х. Лоренцтің құрметіне осылай аталған. Ол күш Ампер күшінің көмегімен анықталады.

 

\(\left. \begin{matrix} F_л=\frac{F_A}N\\ F_A=BIl \ sin \ \alpha\\ I=q_0nVS\\ N=nV=nSl \end{matrix} \right \}\)

\(\boxed { F_л = Bq_0v \ sin \ \alpha }\)

\(В \ –\) магнит индукция векторының модулі,

\(q_0 \ –\) бөлшектің заряды,

\(υ \ ‒\) бөлшектің жылдамдығы.

\(α \ –\) жылдамдық векторы мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.

 

\(α=0°; 180° → \vec F_л = 0\ \ \  α=90° → \vec F_{л \ (max)}\)

 

\(\vec F_л\) ‒ Лоренц күшінің бағыты

Сол қол ережесі

\(\boxed{\vec F_A\perp\vec B\perp\vec v}\)

Сол қолдың алақанының орналасуы:

  • В векторы ‒ алақанға кіреді,
  • жылдамдық векторы ‒ төрт саусақ бағытымен бағыттас

\(F_л\) Лоренц күші оң (+) заряд үшін бас бармақтың бағытымен сәйкес, ал теріс (-) заряд үшін бас бармақ бағытына қарама - қарсы.

 

Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан ол жұмыс атқармайды. Ол күш бөлшектің жылдамдығының модулін өзгертпейді, тек жылдамдығының бағытын өзгертеді.



Сұрақтар
  1. Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы \(50\) см өткізгішке  \(0,12\) Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші \(3\) А болғанда, магнит индукциясы

  2. Зарядтың жылдамдық векторы магнит өрісінің индукция векторына перпендикуляр. Егер зарядтың жылдамдығы мен магнит өрісінің индукциясын \(2\) есе арттырса, онда электр зарядына әсер ететін күш

  3. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына \(300\) бұрыш жасай орналасқан ұзындығы \(0,5\) м, бойымен \(3\) А ток өтіп жатқан түзу өткізгішке \(9\) Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясы

    \((\sin300=0,5)\)

  4. Магнит өрісі индукциясы сызықтарына \(300\) бұрыш жасай орналасқан ұзындығы \(20\) см өткізгішке \(0,4\) Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші \(4\) А болса, магнит өрісі индукциясының шамасы

  5. Индукциясы \(0,05 \) Тл біртекті магнит өрісіне қойылған  \(200\) орамнан тұратын қабырғалары \(10\) см және \(5\) см катушкадағы ток күші \(2\) А болса, өрістің оған әсер ететін ең үлкен айналдырушы моменті

  6. Параллель мен қарама-қарсы токтар бағытының өзара әрекеті кезінде өткізгіштер

     

  7. Электрон үдететін \(400\) В потенциалдар айырымынан өткеннен кейін индукция \(1,5\) м Тл болатын біртекті магнит өрісіне келіп кіреді. Электронның жылдамдық векторы магнит өрісінің сызықтарына перпендикуляр. Траекторияның қисықтық радиусы: (\(m = 9,1⋅10^{-31}\)кг, \(e = 1,6⋅10^{-19}\)Кл).

Қате туралы хабарландыру