Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Күш моменті

Конспект

Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізілді. Күш моменті - күш модулі мен күш иінінің көбейтіндісіне тең векторлық шама. Оның бағыты күштің бағытымен сәйкес келеді. Күш моментінің бірлігі үшін иіні \(1\) метрге тең \(1\) Hьютон күштің моменті алынады \(M\)\([H\cdot m]\).

 

\(\boxed{M=Fd} \) \(F\) – күш модулі, \(d\)– күш иіні

 

 

Күш иіні – айналу осінен күштің түсу

нүктесіне дейінгі аралық.

 

Күш моментін қарастыру үшін қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айналатын кез келген иіндік (рычаг) деп аталатын денені аламыз.

 

\(O\) нүктесі – тіреу нүктесі деп атайды, \(OA\), \(OC\) және \(OD\) күш иіндері деп аталады. Иіндік тепе–теңдікте тұру үшін сағат тілі жүрісіне бағыттас күш моменті сағат тілі жүрісіне кері бағыттас күш моментіне тең болу керек.

 

\(M_1=F_1d_1>0\\ M_2=F_2d_2=0(d_2=0)\\ M_3=F_3d_3<0\)

Шарт бойынша:

a) егер күш моменті денені сағат тілі бойымен айналдырса: \(M>0\)

b) егер сағат тіліне қарама-қарсы айналдырса: \(M<0\)

 

Моменттер ережесі: айналатын дененің тепе‒теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттердің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болу керек. Екінші сөзбен айтсақ: дененің сол жағындағы күштердің моменттерінің қосындысы дененің оң жағындағы күштердің моменттерінің қосындысына тең болу керек.

Жай механизмдер. Күшті түрлендіру үшін қолданылатын тетіктер жай механизмдер деп аталады. Олар: иінтірек (рычаг), блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұрама (винт). Иінтірек дегеніміз – жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене. Тіреу нүктесімен күштің иінтірекке әсер ету бағытын көрсететін түзудің ең қысқа арақашықтығы күштің иіні деп аталады. Иінтірекке әсер ететін күштер осы күштердің иіндеріне кері пропорционал болғанда ғана иінтірек тепе-теңдікте тұрады: , мұндағы \(F_1,F_2\) – иінтірекке әсер етуші күштер; \(\mid_1,\mid_2\) – осы күштердің иіндері.



Блок дегеніміз – остің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар, өзі құрсауға орнатылған тегершік. Блок науасы арқылы арқан, трос немесе шынжыр тасталады. Жүк көтергенде осі жоғары, төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады. Жылжымайтын блок күштен ұтыс бермейді. Жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді: 

 

 

 

 

Ешбір механизм жұмыстан ұтыс бермейді. Күштен неше есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз. Осы ереже механиканың алтын ережесі деп аталады.

Механизмнің пайдалы әсер коэффициенті \((ПӘК)\). Пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы механизмнің пайдалы әсер коэффициенті деп аталады: \(\eta=\frac {A_n}{A_m}\cdot100%.\)

 



Сұрақтар
  1. Күш моменті

  2. Сурет бойынша иінтіректің жолдан беретін ұтылысы: \(AO=0,5\) м; \(OB=1,5\) м

  3. Иінтіректің ұштарына 25 Н және 150 Н күш түсірілген. Егер үлкен күш иіні 3 см болса, иінтіректің ұзындығы

  4. Қуаты 5 кВт электродвигателі арқылы қозғалысқа түсетін механикалық күрек 144 т топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-і (g = 10 м/с \(^2)\)

  5. Пайдалы жұмыс –  4000 Дж, толық атқарылған жұмыс – 6 кДж, қондырғының ПӘК-і 

Қате туралы хабарландыру