iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көнерген сөздер. Жаңа сөздер
Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:
– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, ағасұлтан, болыс, ауылнай, т.б.
– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.
– кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:
– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.
– әдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.
– үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле, т.б.
Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:
– діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.
– жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.
– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады. Мысалы, процесс – үдеріс, резервуар – сұйыққойма, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, класс – сынып, т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық, т.б.
Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.
-
Көнерген сөздер нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
-
Тарихи сөздердің қатарын белгілеңіз.
-
Көнерген сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз.
-
Қазір пайдаланылмайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Архаизмді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөздердің қайтадан жаңарған түрін көрсетіңіз.
-
Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңарып қолданылған көнерген сөзді табыңыз.
-
Қазір пайдаланылмайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөзді белгілеңіз.
-
Көнерген сөзді табыңыз.
-
Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз.
-
Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.
-
Көнерген сөзді белгілеңіз.
-
Көнерген сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
-
Архаизмге жататын сөздер тобын белгілеңіз.
-
Сөздердің бірігуі арқылы жасалған жаңа сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жаңа сөздердің баламасын табыңыз.
-
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөзді көрсетіңіз.
-
Бау-бақша саласына қатысты жаңа сөзді көрсетіңіз.
-
Жаңа сөзге жатпайтын қатарды табыңыз.
-
Жаңа сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жаңа сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
-
Архаизмге қарама-қарсы сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.
-
Жаңа сөздерді ғылыми тілде қалай атайтынын белгілеңіз.
-
Жаңа сөзге тән анықтаманы көрсетіңіз.
-
Тарихи сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Қайта жаңарған көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Өлең жолдарындағы көнерген сөздерді белгілеңіз.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
-
Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөзді белгілеңіз.
-
Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты сөздер қалай аталатынын табыңыз.
-
Тарихи сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
-
Көнерген сөздер нешеге бөлінетінін табыңыз.
-
Тек тарихи сөз қатарын көрсетіңіз.
-
Өлең жолынан көнерген сөзді табыңыз. Қарсы келген жауының адырнасын ала өгіздей мөңіреткен...
-
Мағынасы көмескі сөздер қалай аталатынын белгілеңіз.
-
Түбір тұлғадағы жаңа сөз қатарын көрсетіңіз.
-
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөзді көрсетіңіз.
-
Тарихи сөзді табыңыз.
-
Жаңа сөздерді табыңыз.
-
Көнерген сөзді табыңыз.
-
Жаңа сөздерді табыңыз.
-
Көнерген сөзді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөз
-
Қайтадан жаңарған көнерген сөз (-дер)