Кинетикалық энергия

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект

Кинетикалық энергия (кинема – қозғалыс деген грек сөзінен шыққан) - дене қозғалған кезіндегі энергиясы (дене қозғалысын сипаттайды) Ек [Дж].

Қозғалыстағы су гидроэлектр станциясының турбиналарын айналдырып, өзінің кинетикалық энергиясын шығындатып жұмыс істейді. Қозғалыстағы ауаның – желдің де кинетикалық энергиясы болады. Атылған оқтың кинетикалық энергиясы оның жылдамдығының есебінен артады.Кинетикалық энергия дененің жылдамдығының квадратына және оның массасына тәуелді.

Кинетикалық энергия туралы теория

күштің әсерінен дене

орынауыстыру жасайды

және оның жылдамдығы ден ге дейін артады

Атқарылған жұмысты есептейміз

1) (Ньютонның ІІ заңы)

2)

3)

Дененің массасы мен жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең шаманы кинетикалық энергия деп атайды.

а) Таңдап алынған санақ жүйесінде:

- Егер дене қозғалмаса

- Егер дене қозғалса, онда

б) Санақ жүйесін сайлап алуға

байланысты болғандықтан

кинетикалық энергия

салыстырмалы шама

Конспект сұрақтар
  1. Массасы  2 кг дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, оның жылдамдығы
  2. Массасы 2 кг дененің  кинетикалық энергиясы 900 Дж болса, оның жылдамдығы
  3. Массасы 6,6·103 т  ғарыш кемесі    8·103м/с жылдамдықпен қозғалғанда, оның кинетикалық энергиясы
  4. Жоғарыдан сырғанап түскен шананың кинетикалық энергиясы 240 Дж.  Егер горизонталь бөліктегі тежелу жолы   12 м  болса, тежелу кезіндегі үйкеліс күші
  5. 5 м биіктіктен құлаған, массасы 3кг  дененің Жер бетінен 2 м  қашықтықтағы кинетикалық энергиясы     (g=10 м/с2)
  6. Штангист штанганы көтергенде  2 с-та  5 кДж  жұмыс жасайды.  Осы кездегі қуат
  7. Массасы 2 т, үйкеліс коэффициенті  0,4-ке  тең, авариялық тежелуде  50 м  жүріп тоқтаған автомобильдің кинетикалық  энергиясының өзгерісі (g=10 м/с2)
  8. Массасы  1000 т пойыз  72 км/ сағ  жылдамдықпен келе жатқанда, кинетикалық энергиясы
  9. Жылдамдығы 800 м/с, массасы  10 кг снаряд  пен массасы   2 т  бірқалыпты қозғалған автомобильдің кинетикалық энергиялары бірдей. Автомобильдің жылдамдығы
  10. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде  2-ден  8 м/с-қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы 
Тақырыптың тесті