Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Кинематиканың негізі ұғымдары

Конспект

Механика денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.

 

Механикалық қозғалыс – уақыт өтуіне қарай кеңістікте, басқа денемен салыстырғанда, дененің орнының өзгеруі.

 

Механиканың негізгі мәселесі – дененің кеңістіктегі кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау.

Кинематика

 

Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.

 

Кинематиканың негізгі ұғымдары

 

Материялық нүкте қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Баламектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Балаертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.

 

Қозғалыстың салыстырмалылығы - әр түрлі денеге қатысты, дене әр түрлі қозғалады (тыныштық – қозғалыстың белгілі бір жағдайы). Мысалы: жүзгіш қайық үстіндегі бақылаушыға және жағадағы бақылаушыға қатысты, әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.Қозғалыс траекториясы дене бойымен қозғалатын сызық.

 

\(S[м]\) ← Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы.

\([м] \)← Орын ауыстыру – қозғалыс траекториясының бастапқы

және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді (сурет).

 

 

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады. Мысалы, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, күш, импульс, т.б. Вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Векторларға амалдар қолдануда математика курсындағы векторларды қосу ережелері қолданылды.

 

 

Дене координаталары \( x_0, y_0\) болатын \(M_0\) нүктеден координаталары \(M (x, y)\) нүктеге \(S\) орын ауыстырды делік. \(Sх, Sу \)\([m]\) ← Орын ауыстырудың \(x, y\) осьтеріндегі проекциялары. Дененің бастапқы орнының координаталарын ≈ \( x_0, y_0\)және \(y_0\) деп, ал келесі орнының координаталарын – \(x\) және \(y\) деп белгілейміз. Суреттен\(x=x_0+S_x, y=y_0+S_y.\) Осыдан \(S_x = x- x_0, S_y=y-y_0.\)

 

 

Санақ жүйесі санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.

 

Координаталар жүйесі: 

a) бірөлшемді

(соқпақ жол, трасса, т.б)

 

б) екі өлшемді

(су бетіндегі жүзгіш, теңіздегі кеме, т.б)

 

 в) үшөлшемді (ұшақ, ғаламшарлар, т.б.)

 

Жылдамдық - бірлік уақыт ішіндегі дененің орынауыстыруының мәнін көрсететін векторлық шама \([m/c]\). Жиі кездесетін жылдамдықтың өлшем бірлігі – км/сағ. 1 м/с = 3,6 км/сағ.

 

Лездік жылдамдық - траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы \(\vec v_{лвз}=\frac{\Delta \vec S}{\Delta t}\) \([m/c]\) вектор.

\(\vec v_{лвз}=\frac{\Delta\vec S}{\Delta t}\)

Орташа жылдамдық- барлық жүрген жолдың барлық уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама

 

\(v_{орт}=\frac {S_1+S_2+...+S_n}{t_1+t_2+...+t_n}\)

 

[м/с], скаляр.



Сұрақтар
  1. Футболшыны материалдық нүкте деп санауға болатын жағдай.

    1. Ол алаңның ортасынан қарсыластарының қақпасына қарай жүгіріп бара жатыр.
    2. Ол төрешімен таласуда.
    3.  Дәрігер оған көмек көрсетуде.
  2. Жаяу адам алдымен оңтүстікке қарай 3 км, содан соң шығысқа қарай тағы да 4 км жүрді. Оның жасаған орын ауыстыруының модулі 

  3. Доп 3 м биіктіктен еденге құлап, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде, Асан оны ұстап алды. Доптың жолы және орын ауыстыруы

  4. Дене координаттары \(x_1=0, y_1=2\;м\) болып келген нүктеден координаттары \(x_2=4\;м\) , \(y_2=-1\) болатын нүктеге орын ауыстырады. Дененің орын ауыстыруы және оның координаттар осіндегі проекциялары

  5. Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40 м, шығысқа қарай 10 м, оңтүстікке 10 м, тағы да шығысқа 30 м жүріп өтті. Оның орын ауыстыру модулі

     

  6. Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбердің бойымен қозғалады. Айналманың \(\frac14\)  бөлігіндегі жол мен орын ауыстыру модулі

  7. Бала үйден шығып, түзу көшелердің бойымен  алдымен 2 квартал шығысқа, содан кейін 2 квартал солтүстікке қарай жүрді. Егер кварталдың ұзындығы 150 м болса, онда баланың жүрген жолы мен орын ауыстыру модулі

  8. Егер материалдық нүкте жолдың бірінші жартысында бірқалыпты \(v_1\) жылдамдықпен, ал екінші жартысында \(v_2\) жылдамдықпен  қозғалса, онда нүктенің орташа  жылдамдығы

  9. Пойыз жолдың бірінші жартысын 70 км/сағ, екінші жартысын  30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.  Пойыздың орташа жылдамдығы

  10. Велосипедші жолдың бірінші жартысын 12 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын \(v_2\) жылдамдықпен жүріп өтеді. Егер оның барлық жолдағы қозғалысының орташа жылдамдығы 8 км/сағ-қа тең екені белгілі болса, онда оның \(v_2\) жылдамдығы

  11. Дене қозғалысын оның себептерінсіз қарастыратын механиканың бөлімі

  12. Механиканың негізгі есебі

Қате туралы хабарландыру