Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХVII-ХVIII ғасырлардағы дүниежүзі

Конспект

 

«Жаңа тарих» – немесе «жаңа заман» ұғымы ХV ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Жаңа заманның алғашқы жартысы деп аталатын мерзім ХV ғасыр мен ХVIII ғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтыса, жаңа заманның соңғы дәуірі ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына дейінгі уақытты қамтиды.

 

Жаңа заман – қазіргі өркениет әлемін қалыптастырған дәуір. Бұл дәуірдің ортағасырлық заманнан айырмашылығы өте айқын байқалады. Ортағасырлық аграрлық өркениеттің біртіндеп индустриялық өркениетке ауыса бастағанын көреміз. Аграрлық өркениет мыңдаған жылдар бойы жер шарының әр түпкірінде – Еуропа мен Америкада, Африка мен Азияда өркендеп дамыды. Ал индустриялық өркениет алғаш рет Еуропада дами бастады. Индустриялық өркениеттің отаны деп ХVIII ғасырдағы Англияны санайды.

 

Бір жағынан, капиталистік тәртіпке негізделген жаңа өндірістік күштердің дамуы, екіншіден, ескі феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қарама-қайшылықтар Англиядағы буржуазиялық революцияның пісіп жетілуінің негізгі себептері болды. Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты – «Құқықтар туралы билль» айналымға енді. Англия парламенттік монархияға айналды.

 

Ағылшын революциясы абсолютизмді және көптеген феодалдық тәртіптерді жойды. Англияда капитализмнің дамуына маңызды қадам жасады.

 

XVIII ғасырдың соңында Англияда аса қуатты интернационалдық идеялық қозғалыс – Ағартушылық пайда болды. Оның негізін салушылардың бірі – философ Джон Локк еді. XVII ғасырда бұл қозғалыс Францияда дамудың шарықтау шегіне жетіп, бірнеше көрнекті ойшылдарды дүниеге келтірді. Ағартушылақ тез арада бүкіл Еуропаға тарады.

 

Ұлы географиялық ашулар еуропалық отаршылдық саясатты дүниеге әкелді. Шығыс елдері еуропалық қатігез отаршылдар алдында дәрменсіз болып, қарсылық көрсете алмады.

 

Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені – болашақ отар Виргиния жерінде, 1607 жылы мамырда Джеймстаун форты құрылған еді. АҚШ пен Англия қорытынды келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-де қол қойды. Бұл келісімшартың басты нәтижесі – Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелігінде қалды.

 

АҚШ-тағы 1787 жылғы конституция одақтас немесе федералдық мемлекет құрды, штаттар өзін-өзі басқару құқығы мен жеке конституцияларын сақтап қалды. Заң шығару билігі өкілдер және сенаттан тұратын екі палаталы Конгреске берілді.

 

1787 жылғы АҚШ конституциясының прогресивті мәні болғанымен, әлі де демократиялық бола алмады. Ол революцияның жеңістерін құл иеленушілер мен ірі буржуазияның мүддесіне бекітті. Қара түстілерді құлдыққа алу заңдастырылды. Сайлау құқын реттей алмады. Әйелдер ешқандай құқықтар иелене алмады.

 

ХVII ғасырдағы Ағылшын және ғасырдың соңындағы Француз революцияларына қарағанда ХVIII ғасырдағы Америка революциясының (1775-1783жж.) артықшылығы – террордың болмағандығы еді.

 

 

1789 жылы басталған Ұлы Француз революциясының басты саяси жетістігі – буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату болды. 1789 жылы 26 тамызда Ұлттық жиналыс «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдады. Декларацияның 17 бабында: халық егемендігі принципі, әрбір адамның заңның алдында теңдігі, сөз, баспасөз және ар-ұждан бостандығы жөнінде жазылды.

 

Француз революциясының демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жариялауы аса зор тарихи маңызға ие болды. Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.

 

ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасы Батыс елдерінен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлі де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып тұрғанда, Ресейде капиталистік өндірістің элементтері енді ғана ене бастады.

 

1711 жылғы 2 наурыздағы жарлығымен І Петр екі жүз жылдан астам өмір сүрген Боярлық думаны жойып, оның орнына жоғарғы мемлекеттік ұйым – Сенатты құрды. Қолдарында барлық билік – заң шығарушы, атқарушы және соттық өкімет толығымен шоғырландырылған сенаторлар тек патшаның алдында ғана жауапты болды.

 

Нева жағалауын шведтерден толық азат еткен соң Ресейдің Балтық теңізіне шығуына қол жетті. Енді осы көптен күткен мекенге мығым бекіну керек болды. Осы мақсатпен 1703 жылы кейіннен Ресей империясының жаңа астанасына айналған Санк-Петербург бекініс-қалашығы тұрғызылды.

 

Солтүстік соғыс нәтижесінде Еуропа державалары Ресейді империя ретінде тануға мәжбүр болды.

 

XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлауға ұмтылған еуропалықтардың ішінде ең белсенділік танытқандары француз компаниясы мен ағылшындық Ост-Үнді компаниялары болды. Бұл екеуінің арасында Үндістан үшін күрес басталды.

 

Осман империясының мирасқорлары жаулаушылық саясатын жалғастырып, ең алдымен Кіші Азияның едәуір бөлігін бағындырды. Бұдан кейін Балкан түбегін жаулай бастады. 1400 жылы Константинополге шабуыл басталып, одан кейін 1453 жылы Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтар Түркияның билігіне көшті.

 

Батыс елдері түріктерді еуропа аумағынан толық қуып шығып, «осман мұрасын» бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің Балкан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенген Англия мен Франция ІІ Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінген аумақтар үшін бәсекелестік күрес «шығыс мәселесі» деген саясатты дүниеге әкелді.

 

XVII ғасырдың басында Қытайдағы Мин империясы терең дағдарыс кезеңін бастан өткізді. Ішкі қайшылықтың күшеюі, сондай-ақ 15 жыл бойы елдің солтүстігінен манчжур тайпаларының шабуылы мемлекетті әлсіреткен еді. Манчжурлар қытайлықтардың қарсылығын күштеп жаныштап, бүкіл Қытай жерін бағындыруды 1683 жылы ғана аяқтайды. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билігі орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейін Цин империясы деп аталады.

 

Батыс Моңғолиядағы ойрат тайпаларының жоңғар хандығы циндіктерге қуатты қарсылық көрсетіп, ұзақ уақыт өзінің дербестігін сақтап тұрды. XVIII ғасырда ортасында жоңғар хандығының ішкі дағдарыстарын пайдаланып, Цин әскерлері жоңғар хандығына басқыншылық жасап, 1755-1757 жылдардығы соғыстың нәтижесінде бұл хандықтың жерін де иемденді.

 

XVI ғасырдың соңында Жапонияда мемлекеттік билік сегундардың қолында болды. Сегундық билік атадан балаға мұра ретінде беріліп отырды. Соңғы сегунат Токугава әулеті өзінің билігі барысында шетелдіктермен байланыс жасауға мәжбүр болды. Жапондықтар әсіресе техника, медицина және ботаника саласындағы білімдерді ерекше бағалады. XVII ғасырдың соңынан бастап Жапонияда «шығыстық король», «батыстық техника» деген принцип қалыптасты, яғни билік құруда шығыстық дәстүр сақталды да, ал экономикада батыстың техникалық жетістігі пайдаланылды.

 

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар бойы араб әлемінің дамуындағы негізгі оқиға саяси-әкімшілік саласында болғанын байқаймыз. Түрік феодалдық билігі бір топ араб елдерінде әлсіреп, батыстық капиталистік-отаршылдық жүйенің қолына ауысты.

 

Шығыс елдері метрополияның аграрлық шикізат көзіне айналды. Бұл елдерде, негізінен, жергілікті шикізатты өңдеуден өткізетін өнеркәсіп салалары дамыды. Отаршылдар Азия мен Африка елдерінің артта қалған, нашар дамыған жағдайын өзгерткісі келмеді, олар халықты қанаудың ең ауыр әдістерін қолданып, саяси бытыраңқылықтарын барынша сақтауға тырысты.

 

ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім қоғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни көзқарастар теріске шығарыла бастады.



Сұрақтар
  1. Ағылшын буржуазиялық революциясы басталған жыл:

  2. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі себептері:
  3. Англиядағы азамат соғысындағы қарама-қарсы екі топ:
  4. Парламенттің «жаңа үлгідегі» армиясына басшылық жасаған қолбасшы:

  5. Ағылшын буржуазиялық революциясының сипатын өзгерткен оқиға.

  6. «Құқықтар туралы билль» бойынша Англия мемлекетінің сипаты:
  7. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен тазартуды жақтаушылар:
  8. ХVІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:
  9. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай:

  10. Англияда ХVІ ғасырдан бастап қауымдық алқаптарды қоршаудың салдары:
  11. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
  12. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы
  13. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:

  14. 1649 жылы диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:

  15. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару құралының» мәні:
  16. XVII ғасырда ағартушылық идеялар алғаш пайда болған ел

  17. ХVІІІ ғасырда қоғамдағы тәртіптере сын көзбен қарағандар:
  18. ХVІІ ғасырда қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:
  19. «Табиғат адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді» дейтін ағартушылар:
  20. «Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек» деп есептеді:
  21. Атеистер – бұлар:
  22. Француз ойшылы Жан Мелье «ең әділетті қоғам» деп көрсеткен қоғам:
  23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:

  24. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені
  25. XVII ғасырдағы Солтүстік Америка жеріндегі үш түрге бөлінген ағылшын отарлары:
  26. «Бостондағы шай ішу» оқиғасы
  27. АҚШ-тың тәуелсіздігі ресми түрде танылған жыл:

  28. 1787 жылы қабылданған Конституция бойынша АҚШ-тың заң шығарушы органы:
  29. 1791 жылғы АҚШ-тың Конституциясына енгізілген 10 түрлі өзгерістер:
  30. 1787 жылғы Конституция бойынша атқарушы билік берілді:
  31. 1787 жылы қабылданған Конституция бойынша АҚШ-тың заң шығарушы органы:
  32. 1789 жылы сайланған АҚШ-тың тұңғыш президенті:
  33. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
  34. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:

  35. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат
  36. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмауының себебі:

  37. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:
  38. Ағылшын және Француз революцияларына қарағанда Америка революциясының артықшылығы:
  39. Тәуелсіздік идеясын қолдамағандар тобы:
  40. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік монархияның жоғарғы мекемесі:
  41. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
  42. Францияда өндірістік-сауда дағдарысы тереңдеген кезең:

  43. Францияда өнеркәсіп пен сауда дамуының тежелу себебі:

  44. 1789 ж. 9 шілдеде жиналыс мүшелері өздерін жариялады:

  45. 1792 жылы 22 сәуірде Франция соғыс жариялаған ел:
  46. Францияда «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылданған жыл:
  47. 1792 жылы Ұлттық жиналыста тақтан түскен король
  48. Құрылтай жиналысының негізгі мүшелері:

  49. Ұлттық конвенттің сол жақ қанатындағы депутаттар:
  50. Ұлттық конвенттің оң жақ қанатындағы депутаттар:
  51. Жирондықтарды жою керек деген пікір ұстанғандар:
  52. 1793 жылы Конвент тағайындаған Қоғамдық құтқару комитетіне басшылық еткен:

  53. Термидорлық төңкерістің нәтижесінде…
  54. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
  55. Францияда Құрылтай жиналысы қабылдаған құжат:
  56. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
  57. 1792 жылы 22 қыркүйекте Ұлттық конвент жариялады:

  58. 1793 жылы Жирондықтарды құлатып билікке келгендер:

  59. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
  60. Якобшілдер диктатурасы орнаған уақыт:

  61. 1703 жылы тұрғызылған қала
  62. Солтүстік соғыстың нәтижесінде…
  63. Ресейде «Патша-ана» деген атпен тарихта қалған:
  64. Императрица II Екатеринаның билік құрған мерзімі:

  65. І Петрдің жарлығымен Боярлық думаның орнына құрылған жоғарғы мемлекеттік ұйым:
  66. Ресейде 1703 жылдан бастап шыға бастаған алғашқы жүйелі газет
  67. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
  68. Солтүстік соғыста І Петр армиясының шведтерді тас-талқан етіп жеңген шайқасы:
  69. 1721 жылы Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
  70. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
  71. ХVІІ ғасырдың алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
  72. XVIII ғасырдың екінші жартысында Үндістанның Пенджаб өлкесіндегі пайда болған мемлекет.
  73. XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлау жолында белсенділік танытқан Еуропалық державалар:

  74. XVIII ғасырдың 70-жылдары Англияның Ост-Үнді компаниясы басып алған Үндістанның бай өлкесі.
  75. Англия үкіметінің Үндістанды басқаратын генерал-губернатор қызметін енгізген жыл:

  76. Ағылшындардың жергілікті халықтан құрған жалдамалы жасақтарын белгілеңіз
  77. ХV ғасырда Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:

  78. ХVІІ ғасырда Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған жағдай:

  79. 1730 жылы Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған адам:

  80. Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:

  81. XVII ғасырдың ортасында Қытайды жаулап алған солтүстіктегі тайпа.
  82. Маньчжурлар билігі кезіндегі Қытай мемлекетінің ресми атауы:

  83. XVIII ғасырда Шығыс Түркістан жері Қытайдың құрамына кіргеннен кейінгі атауы:

  84. XVIII ғасырда ортасында жойылған көшпенділердің ең соңғы державасы:

  85. Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберген мемлекет:

  86. XVII ғасырдағы Жапониядағы ең ірі феодалдар:

  87. Сыртқы саясатта «шығыстық мораль - батыстық техника» деген принцип ұстанған ел:

  88. XVII-XIX ғасырлардағы Жапонияның сыртқы саясатындағы басты ерекшелік:
  89. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:

  90. 1869 жылы іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет

  91. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:
  92. Метрополия дегеніміз - ...
  93. Шығыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:
  94. «Барлық білім тәжірибеден жинақталады» деген пікірді айтқан XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы:

  95. 1687 жылы әлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы:

  96. Отар иеленген мемлекет:
  97. Францияда революция жаңа дағдарыс кезеңіне аяқ басқан жыл
  98. Францияда барлық феодалдық міндеткерліктерді толығымен жою туралы декрет қабылданған мерзім:
  99. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай
  100. XVII ғасырға қарай Ост-Үнді компаниясының сауда факториялары ашылған қала(-лар):

  101. Қытай үкіметі (Цинь империясы) Шыңжаңның Қазақстанмен көршілес жатқан қалаларда сауда жасауға рұқсат етті:

  102. XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлауға ұмтылған еуропалықтардың ішінде белсенділік танытқандары

  103. 1700 – 1721 жылдар аралығындағы Солтүстік соғыс қай елдің(-дердің) арасында болғанын көрсетіңіз:

  104. XVII-XVIII ғасырлардағы немістің ұлы композиторы (-лары)

  105. Англияда өнеркәсіп төңкерісі басталған тоқыма өндірісіндегі белгілі өнертапқыштар

  106. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі басталуының алғашқы көрінісі

  107. Англияда Луддашылардың өнеркәсіп төңкерісіне қарсы әрекеттері

  108. Ағартушылық дәуірде Джон Локктың мемлекеттік теориясының негізіне алынды

  109. Отарлардың Тәуелсіздік үшін соғысының алғышарттарына жатады

  110. Солтүстік Американың тәуелсіздік үшін күресінің себептері

  111. Солтүстік Америкадағы отарлардың тәуелсіздік үшін соғысы кезеңінде Англиямен соғысқа кірген елдер

  112. «Ағартушық абсолютизмнің» жақтаушысы болған монархтар

  113. Француз революциясының бірінші кезеңінде қабылданған шешімдер

  114. Француз революциясының үш кезеңін анықта

  115. Француз революциясының негізгі қорытындылары

  116. Наполеондық кодекстеріне кіреді

Қате туралы хабарландыру