Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері (1914-1939 жж.)

Конспект

 

30 жылдары дүниежүзілік соғысты өршітуге айрықша қадамдар жасалды. 1936 жылдан бастап Германия Еуропа мемлекеттеріне қарсы тікелей жаңа басқыншылық жолға түсті. Жапония Қиыр Шығыста жеке билік ету үстемдігін жақтап, Ұлы Азия бірлігін орнатуды аңсады. Бұл жоспарды іске асырудың бастамасы 1931 жыл Маньчжурияны басып алып, Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарын қан қақсатты. Сөйтіп, Қиыр Шығыста алғашқы соғыс ошағы тұтанды.

 

Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті. 1939 жылы Жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады. Бірақ біріккен Моңғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды.

 

1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын құрды.

 

Коммунистік Интернационал өкілдерінің көмегімен 1921 жылы шілдеде Шанхайда Қытай коммунистік партиясының бірінші сьезі шақырылып, партияның жарғысы қабылданды, басқару органдары сайланды.

1925 жылы наурызда Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін Гоминдань басшылығына ұлттық буржуазияның өкілі генерал Чан Кайши келді.

 

Моңғолияда орыс большевиктері мен Коминтерннің қолдауы негізінде Сухэ-Батор 1921 жылы наурызда Монғол халық партиясын ұйымдастырды.

 

1924 жылы ақырғы боғдыхан дүниеден қайтты. Осы жылдың қараша айында конституция қабылданып, Моңғол Халық Республикасы құрылғаны жарияланды.

 

Моңғолия жаппай сауатсыз ел болды. Лама діні моңғол қоғамында шексіз үстемдік етті. 1918 жылы моңғол халқының жалпы саны 647 мыңдай ғана болды. 120 мыңнан астам жігіт үйленбеуге, балалы болмауға ант беретін ламалар болды. 1929 жылғы қаңтарда ірі феодалдық топтардың мал-мүлкін тәркілеу туралы заң қабылдады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қала тұрғындарының саны ірі қалалардың болуына қарамастан, халықтың 10-20% -ынан аспады.

 

Индонезия аралдары Голландияның ең маңызды отарларының бірі еді. Оны шексіз билігі бар генерал-губернатор басқарды. Отаршылдық үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты ірі шетелдік капиталға есік ашып, бұл елдерді француз капиталистерінің ауыл шаруашылығы және шикізаттық қорына айналдыру еді.

 

Француз капиталы тау-кен ісіне, өңдеуші өндіріс орындарын дамытуға жұмсалды. Француз отаршылдарынң дағдарыс жылдарындағы дәрменсіздігі Үндіқытай халқының ашу-ызасын күшейтіп, азаттық қозғалыстарының басталуына түрткі болды.

 

Коммунистердің сәтсіздікке ұшырауынан кейін антиимпериалистік күрестің басшылығына ұсақ буржуазиялық-демократиялық бағыттағы күштер және оның көрнекті жас өкілі Ахмед Сукарно келді.

 

Ахмед Сукарноның философиялық көзқарасы пісіп-жетілуіне Сунь Ятсеннің және голландия социалистерінің ілімдері өз әсерін тигізді.

 

Буржуазиялық партиялар Индонезияның тәуелсіздігін жақтап, осы талапты іске асыру үшін көптеген саяси ұйымдардың әрекетін біріктірмекші болды. 1937 жылы буржуазиялық ұйымдардың солшыл қанаты Гериндо (Индонезия халқының қимылы) атты партия ұйымдастырды.

 

ХХ ғасырдың басындағы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Үнді Ұлттық Конгресі партиясының басшылығына Б.Г.Тилак бастаған солшыл топ күшейіп, сварадж және свадеши (өзінді өнім шығару) қозғалыстарына халық бұқарасы кеңінен қатыса бастады.

 

1916 жылы елге М.Ганди оралып, бұл жағдай ұлт азаттық қозғалысын өрістете түсті. Ганди Үндістан дәстүрлеріне сүйеніп күш қолданбай қарсыласуды таңдады. Сатьяграха – ақиақаттағы батылдық тәсілін ол халық бұқарасы қолданатын негізгі қаруға айналдырды.

 

1917 жылдың басында Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып алды. Оңтүстігінде – ағылшындар, батысында – немістер, ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты.

 

1920 жылы 5 маусымда Иранда Гилян Республикасы жарияланды. Оның төрағалық қызметіне Көшек хан шақырылды.

 

1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына «Жас ауғандықтар» ұйымының өкілі – жас әмір Аманулла келіп, Ауғаныстанның тәуелсіздігін жариялады.

 

1918-1923 жылдардағы М.Кемал бастаған революция Түркияда сұлтан билігін біржолата жойды. 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды. Республиканың бірінші президенті болып М.Кемал паша сайланды.1923 жылы 13 қазанда мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы 3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды. 1934 жылы мәжіліс фамилия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы М.Кемалға Ататүрік (түріктердің атасы) деген фамилия берді. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды.

 

1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балкан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті. Түріктердің ықпалы Ливияда ғана ХХ ғасырдың басына дейін сақталып тұрды.

 

Бальфур декларациясына сәйкес, еврей ұйымдары араб помещиктерінің жерін сатып алып, өз қандастарын қоныстандыра бастады. Сөйтіп еврейлердің саны ұлғайды.

 

Ағылшындарға қараған Палестина жерінде де ереуілдер мен қарулы көтерілістер тоқтаусыз жүріп жатты. Оған қатысқан қала тұрғындары, феллахтар тәуелсіздікті қалады.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалыстары басталды. Соның бірі – Египетте, екіншісі Мароккода өтті. Бұған дейін Франция Испаниямен бақталас болып, арабтарға қару-жарақ сатып келсе, 1924 жылы бұл екі ел бірігіп, 300 мың әскер күшімен Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтырды.

 

1909-1910 жылдары Оңтүстік Африкадағы отарларына Англия өзін-өзі билеу құқығын беріп, Оңтүстік Африка одағы құрылған болатын. Ол осы құрлықтағы бірінші доминион болып шықты.

 

1922 жылы Генуя қаласында экономикалық қатынастарды жандандыру мақсатындағы Халықаралық конференция нәтижесіз аяқталды.

 

Еуропадағы қарыз және құн төлеу мәселесі «Дауэс жоспарына» тірелді. Жоспардың негізгі міндеті Германия экономикасын қалпына келтіру үшін оған қарыз беру еді.

 

1923 жылы Германия жағы соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, француздар мен Бельгия басшылары Рур облысын басып алды.

 

1925 жылы Ұлттар Лигасы қарусыздандыру мәселесін талқылау үшін халықаралық конференция шақыруға дайындық жұмыстарын бастады. Бірақ көп жылға созылған дайындық жұмыстары аяқсыз қалды.

 

Германия мен Италия арасында Берлин-Рим белдігін құру келісіміне қол қойылған соң, 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония арасында Коммунистік Иннтернационалға қарсы әскери-саяси одақ (Антикоминтерндік пакт) жасалды.

 

1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхенде Гитлер, Муссолини,Чемберлен мен Даладье бас қосқан кеңес өтті. Кеңесте Чехословакины бөлшектеу туралы ресми келісім жасалды. Чехословакия кеңеске шақырылмады. Англия мен Франция басшылары Чехословакия президенті Бенешке Гитлердің талабын орындау туралы шарт қойды.

 

Батыс елдерінің жалтақтығы салдарынан КРО-ның оқшауланып қалу қаупі туды. Дәл осы кезде Германия Кеңес үкіметін 10 жылдық мерзімге шабуыл жасаспау туралы пактіге келісуге шақырды. КСРО үкіметі ол ұсынысқа келісіп, 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды. Бұл шарттың құпия хаттамасы Шығыс Еуропа елдерін ықпалды аймақтарға бөлісу шартын тіркеді. КСРО-ның ықпалды аймақтары ретінде Финляндия, Латвия, Эстония, Бессарабия өңірлері аталды. КСРО үкіметі Литва Германияның ықпалды аймағы екенін мойындады. Екі ел Польшаны бөлісуге келісті.

 

1939 жылы 23 тамыздағы Кеңес – Герман келісімі Риббентроп – Молотов пактісі деп аталды. Осы құжат КСРО саясатына аса қатты зиян әкелгені белгілі.



Сұрақтар
  1. 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкесінде Жапония құрған қуыршақ мемлекет:

  2. Жапонияның Ұлттар Лигасынан шыққан жылы:
  3. Жапонияның 1939 жылы Моңғолияға жасаған басқыншылық шабуылының нәтижесі:
  4. Жапония, Германия, Италия біріккен «Үштік пакт» соғыс одағының құрылған жылы:
  5. 1921 жылы шілдеде Қытай коммунистік партиясының бірінші съезі шақырылған қала:
  6. ХХ ғасырдың ортасындағы Қытайдың Гоминьдан партиясының белгілі көсемі:
  7. 1921 жылғы Моңғол Халық партиясының ұйымдастырушысы:

  8. Моңғол Халық Республикасы құрылған жыл:
  9. ХХ ғасырға дейін Моңғолия халқына ықпалын жүргізген будда дінінің тармағы:
  10. 1929-1934 жылдары Моңғолияда жүргізілген экономикалық саясат:
  11. Моңғолияда антифеодалдық, антиимпериалистік халық революциясының жеңіске жеткен жылы:
  12. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қала тұрғындарының пайыздық көрсеткіші:
  13. Индонезия аралдарын отарлаған ел:
  14. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің отаршылдық үкіметі өз есігін айқара ашты:
  15. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Үндіқытай елдерінде өнеркәсіптің дами түскен салалары:
  16. ХХ ғасырдың 30 жылдары Үндіқытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстың басты себебі:
  17. Индонезиядағы ұсақ буржуазиялық-демократиялық қозғалыстың көрнекті өкілі:
  18. А.Сукарноның философиялық көзқарсына әсер еткен идеолог:
  19. Индонезияны басқаратын генерал-губернатордың билігі:
  20. Индонезиядағы «Гериндо» буржуазиялық партиясының алдына қойған мақсаты:
  21. ХХ ғасырдың басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:
  22. Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыста М.Ганди насихаттаған үндеу:
  23. 1917 жылдың басында Иран аумағын бөлісіп, басып алған елдер:
  24. 1920 жылы 5-маусымда Иран жерінде құрылған республика:

  25. Ауғанстанның тәуелсіз ел болып жарияланған жылы:

  26. Түркияның Республика болып жарияланған жылы:

  27. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Түркиядағы революция мен жүргізілген реформаларды жүргізген қайраткер:
  28. 1918-1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Түркия Республикасының бірінші президенті:
  29. Түркияда монархия, яғни сұлтан билігі біржолата жойылған кезең:
  30. 1923 жылы 29 қазанда Түркия тарихында болған маңызды оқиға:
  31. Түркияның Ұлттар Лигасына мүшелікке өткен жыл:

  32. 1934 жылы Түркияның Ұлы халық жиналысында Мұстафа Кемалға берген фамилиясы:
  33. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында еврей ұлты өкілдерінің қоныстанған Оңтүстік-Батыс Азиядағы аймағы:
  34. Араб шаруаларының атауы:
  35. ХХ ғасырдың басына дейін Осман империясының ықпалы сақталған Африкадағы араб елі:
  36. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар басталған Африкадағы араб елдері:
  37. 1924 жылы Франция мен Испанияның біріккен 300 мың әскері күшпен басқан ұлт-азаттық қозғалыс:
  38. 1909-1910 жылдары Англия өзін-өзі билеу құқығын берген Африкадағы бірінші доминионы:

  39. Еуропада экономикалық қарым-қатынастардың қалпына келтіруге арналған Генуя конференциясының өткен уақыты:

  40. 1923 жылы қаңтарда Француздар Бельгиямен бірге басып алған жер:

  41. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін еуропадағы қарыз және құн төлеу мәселесі бойынша бекітілген жоспар:
  42. Версаль-Вашингтон жүйесінің күйреуін жылдамдатқан саяси жағдай:
  43. «Антикоминтерндік пакт» жасалған жыл:

  44. XX ғасырдың 20-шы жылдары қарусыздандыру мәселесін күн тәртібіне қойған ұйым:
  45. 1931 жылы алғашқы соғыс ошағы пайда болған аймақ:
  46. 1942 жылдың жазына дейін Жапония жаулап алған елдер:

  47. 1945 жылғы Қырым конференциясында талқыланған мәселе:
  48. АҚШ Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастаған мерзім:

  49. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезең:

  50. 1945 жылдың 8 мамырында орын алған оқиға:
  51. 1924–1932 жж. Жапония елін басқарған партия(-лар):

  52. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңында Иран қай елдердің бақталас ошағына айналды?

  53. 1924-1932 жылдары Жапония үкіметін қай партиялар басқарып келді?

  54. 1940 жылы Германия Еуропа елдерін жаулап жатқанда Жапония Оңтүстік-шығыс Азияда қай елдерді жаулауға кірісті?

  55. Түркия Республикасы жарияланғаннан кейін орын алған өзгерістер:

  56. 30-жылдарда Түркияның халықаралық жағдайының жақсаруының көрінісі

  57. Қытай коммунистік партиясы Гоминьданмен бірге Жапонияға қарсы күресу үшін өзінің қандай саяси бағыттарын өзгертуге дайын болды?

  58. Ауғанстанның 1923 жылғы Жаңа Конституциясында буржуазиялық мазмұндағы қандай өзгерістер жарияланды?

  59. Ауғанстанның 1923 жылғы Жаңа Конституциясында буржуазиялық мазмұндағы қандай өзгерістер жарияланды?

  60. М. Ганди қолданған сатьяграха күрес түрін анықта

  61. 20-30 жылдары Үнді Ұлттық конгресі партиясының жікке бөліну кезінде құрылған топтар:

  62. Таяу Шығыстағы араб жерін бөлісу туралы ағылшын мен француз және Ресей арасындағы келісімшарттар

  63. Англия басып шығарған «Ақ кітапта» еврейлер туралы не айтылды?

Қате туралы хабарландыру