Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХХ ғасырдың басындағы дүниежүзі

Конспект

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық Еуропа мемлекеттері үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге толы кезең болды. Сонымен бірге осы кезеңнің ерекшелігі капиталистік қоғамның қалыптасуының аяқталып, буржуазиялық революциялардың жеңісімен сипатталады.

 

Өнеркәсіп экономиканың жетекші саласына айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел дамып, көмір, темір, түсті металл, мұнай өндіру мейлінше артты.

 

Жаңа өнертабыстар мен техника дамудың дем беруші күшіне айналды. Электр қуатын тарату құралдарын ойлап табу – ғылымның, техниканың дамуында, әскери істің және адам тұрмысын жақсартуда жаңа серпіліс жасады. ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны өндірісте пайдаланудан алдыңғы қатарға көтерілді. Швеция, Италия, Ресей Австро-Венгрия, Канада, Жапония мемлекеттері индустрияландыруды жеделдету жолына түсті. Соған қарамастан Еуропа елдерінде халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жартысынан астамы әлі де болса ауыл шаруашылығында еңбек етті.

 

Ал Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көбінде индустрияландыру тіптен басталған жоқ болатын.

 

ХХ ғасырдың басындағы капиталистік шаруашылықтың дамуы жаңа сапалы сәттермен айшықталды – еркін бәсекелестік монополия үстемдігімен алмастырылды, нарықтық-мемлекеттік экономиканың формасы нығайды.

 

Еуропа елдерінің мемлкеттік және қоғамдық құрылысында да саяси өмірінде де маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқару формасы бойынша конституциялық биліктің түрі айқындалды. Басқарудың екі негізгі формасы – монархия және республика қалыптасты.

 

Тарихта монархияның екі негізгі түрі – абсолюттік және конституциялық формалары белгілі.

 

Абсолюттік монархияның формасы Ресейде, Австро-Венгрия мен Германияда орнатылды.

 

Конституциялық монархияның айырмашылығы сол, мұнда мемлекет басшысының (монарх, король, император) билігі шектеулі. Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге – монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (парламентке, кеңеске) тиесілі болады. ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Швецияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты.

 

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басқарудың республикалық формасы Америка құрлығындағы Америка Құрама Штаттарында, Еуропа елдері арасында Францияда, Швецарияда және Сан-Маринода болды.

 

Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының әлсіз қарқыны ұлттардың және ұлттық мемлекеттердің құрылуын баяулатты. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Азия мен Африка елдеріндегі кеңінен жайылған ұл-азаттық қозғалыстар отарлаушылардың қанауын жоя алмады және өз алдына жеке ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол бермеді.

 

Капитализмнің пайда болуы мен дамуы шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстарының алдына капиталистік дамуды жеделдету және ұлттық тәуелсіздікке жету сияқты екі міндетті қойды.

 

Капиталистік қатынастардың дамуы жұмысшылар санының артуына және кәсіподақтар қозғалысының нығаюына алғышарттар жасады.

 

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұйымдасқан жұмысшылардың жалпы саны 15 млн. адамға жетті. Өз талаптары үшін болған жұмысшылардың күресі бұқаралық жұмысшы қозғалысын тудырды.

 

ХIХ ғасырда пролетариаттың мүддесін қорғайтын жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Марксизм осындай ілімдердің бірі болды. Марксизм тарихи дамудың қозғаушы күші ретінде таптар мен тап күресі теориясын қойды. Тарих сахнасынан қанаушы таптар өз еркімен кетпейді. Тек тап күресі арқылы капиталистік құрылысты жоюға болады.

 

Марксизм социалистік революция бастапқыда экономикасы дамыған елдерде жеңеді деп түйіндеген еді. В.Ленин революцияның артта қалған индустриялды-аграрлы елдерде, соның ішінде Ресейде жеңуінің мүмкін екендігі туралы қорытынды шығарды.

 

Германия социал-демократиясының көрнекті теоретигі Э.Бернштейн революциялық социализмді сынға алды. Ол социализмге жетудің жолы ретінде реформаларды ұсынды, оларды жүйелі жүргізу түптеп келгенде капиталистік қоғамның сапасын өзгертеді, оны социалистік етеді деді.

 

Германия социал-демократиясының келесі бір көшбасшысы Карл Каутский де қарулы көтеріліс пен пролетариат диктатурасын орнату мәселелеріне емес, тап күресінің бейбіт формасына баса назар аударды. Ол алдағы революцияларға парламенттік күрес формасын, ереуілдер, шерулер, баспасөз сияқты тек бейбіт құралдарды қолдануды ұсынды.

 

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлы державалар өздерінің аумақтық кеңістіктерін кеңейту үшін болатын күрестің жаңа бағыттарын белгіледі. Егер Ресей мен Австро-Венгрия өздерінің аумағын кеңейту мақсатын көршілерінің есебінен жүзеге асыра алса, басқа державалар мұндай жерді мұхиттың арғы жағынан іздеді. Жаңа жерді басып алу және отарларды иелену – монополистік капитализм елдеріне тұрақты қажеттіліке ұласты.

 

ХХ ғасырдың басында дүниені бөліске салу державалар арасында аяқталған еді. Бұдан әрі отарларды басып алу капиталистік елдер арасындағы ашық әскери қақтығыстардың нәтижесінде мүмкін болды. АҚШ-тың Куба мен Филиппин аралдарын басып алуға ұмтылысы 1898 жылы испан-американ соғысына әкеліп соқты. Бұл – дүниені бөліске салу үшін болған империалистік соғыстардың алғашқысы.

 

Ұлы державалардың қарсыластығы Еуропада милитаристік жағдайды күшейтіп жіберді. Соғысқұмарлар әскери шығындардың және әскер санының тез артуын тудырды. Қоғамды милитаризациялау «әскерде қызмет ету – әркімнің міндеті» деген көзқарастан алыстап, «жастардың қасиетті борышы» деген пікірді қалыптастырды.

 

Экономиканы милитаризациялаудан ірі корпоративтік буржуазия пайдаға кенелді.

 

Алайда Еуропада қоғамның бүкіл жіктері соғысқұмарлардың жақтастары болған жоқ. Англия, АҚШ және басқа да елдерде соғысқа қарсы пацифистердің қозғалысы қалыптасты. ХХ ғасырдың саяси ағымы ретінде ұлтшылдық қалыптасты. Ұлтшылдық өз ұлтының басқа ұлттан артықшылық сезімін ұялатты. Ұлыдержавалық ұлтшылдық саны аз ұлттардың мүдделеріне қысым жасауға жеткізді. Еуропадағы ұлттық төзбеушіліктің бір түрі – антисемитизм – еврейлерге дұшпандықпен қарау еді.Францияда ресми лауазымы қызметкерлердің қолдауымен «Дрейфус ісі» ұйымдастырылды. Мұнда ұлты еврей француз әскерінің офицеріне жала жабылып, қуғындалды.

 

Еуропада, Америкада капитализмнің жеңуі, нығаюы және оның дамуының ең жоғары монополистік сатысына өтуі – осы кезеңнің негізгі мазмұны болды.

 

ХIХ ғасырдың соңында Еуропа шегінен тыс еуропалық үстемдіктің нақты көрінісі ретіндегі империализм термині пайда болды. Империализм (латынша «билік»,«басқару») бөтен аумақты жаулап алу деген сөз.

 

Дүниежүзінің саяси картасына Британ отаршылдық империясының құрылуы біршама ықпал етті. 1900 жылға қарай оның отарлық иеліктері 368 млн. тұрғын халқы бар 33 млн. шашы шақырым аумақты қамтыды. Ұлыбританияның отарлық иеліктері метрополис аумағынан 109 есе артық болды.

 

ХIХ ғасырдың өзінде-ақ батыс елдері Қытайдың орасан көп табиғи байлықтарына бақылау жасауға ұмтылған болатын. Батыс елдері Қытай үкіметін тең құқықсыз келісімшарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Осы келісімшарт бойынша Қытайдың тұтас облыстары дерлік шетел алпауыттарының ықпалды аймағына айналды. Қытай капиталистік елдердің жартылай отарына айналды.

 

Кореяда ісі жүзінде жапондық шапқыншылық режимі орнады. Монғолия екі ғасырдан астам уақыт бойы Қытай империясының отары болды. ХХ ғасырдың басында Қытайдың әлсіреуіне байланысты Монғолия Ресей мен Жапонияның қарама-қарсы шайқас алаңына айналды.

 

1867-1868 жылдары болған Мэйдзи төңкерісі Жапонияда капитализмнің дамуына жол ашты. Елдегі капиталистік қатынастардың дамуы мен сыртқы саясаттағы экспансиялық өзгерістер Жапонияны ірі капиталистік елдердің қатарына қосты. Жапониядан басқа Азия және Африка елдері отарлар қатарына қосылып, егемендіктерінен айырылып, отарлаушы елдердің иелігіне көшті.

 

ХХ ғасырдың басында дүниежүзін бөлісу аяқталды. Сөйтіп, империализмнің отарлық жүйесі біржола қалыптасты. Бұл жүйенің құрамына егемендігінен толық айырылған отар елдер және өздерінің дәстүрлі басқару құрылымдарын сөз жүзінде сақтағанымен, іс жүзінде қаржысы мен экономикасы жағынан империалистік мемлекеттерге тәуелді – жартылай отар елдер кірді.

 

Жартылай отар елдер қатарына – Қытай, Түркия, Иран, Ауғаныстан сияқты бір топ елдер жатты.

 

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында доминион отарларға Англия жұртшылығы көптеп қоныс аудара бастады. Доминиондардың өзін-өзі басқару құқығы болды. Олардың қатарында Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия және Оңтүстік Африка Одағы кірді.

 

Отарлық үстемдіктің тағы бір түрі протекторат болды. Протекторлық (қамқоршы) дегеніміз – басқарушы мемлекеттің бағынышты елге сыртқы саясатын бақылау арқылы отаршылдық үстемдігін жүргізді.

 

Азия мен Африканың көпшілік елдерінде ұлттық пролетариат ұлттық буржуазиядан бұрын шетелдік кәсіпорындарда қалыптаса бастады. Сондай-ақ отарларда ұлттық буржуазия әлсіз, бағынышты жағдайда болды. Ұлттық буржуазияны көпестер, шеберхана, шағын өнеркәсіп кәсіпорындарының иелері құрады. Ұлттық зиялы қауым өкілдері, офицерлер, студент жастар, діни сословие ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары болды.

 

ХIХ ғасырдың соңында буржуазиялық-ұлттық қозғалыстарда ұсақ буржуазиялық демократиялық патриотизм қалыптасты. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі революция Азияны оятты. Осы оятулардың анағұрлым айқын көрінісі Ирандағы (1905-1911 жж.), Осман империясындағы (1908-1909 жж.), Қытайдағы (1911-1913 жж.) буржуазиялық революциялар болды. Сондай-ақ Үндістанда еңбекшілердің қуатты бас көтерулері болды. Қуатты халықтық қозғалыс жағдайында үнді буржуазиясы халық арасында әйгілі «свадеши» (өз өндірісі) және « сварадж» (дербес өзін-өзі басқару) ұрандарын ұсынды.

 

ХХ ғасырдың бірінші жартысында капитализмнің дамуы шаруашылық шегінде дүниежүзі елдерінің арасындағы тығыз байланыс орнауына алып келді.

 

Азия мен Африка халықтарының Еуропа отаршыларының қарақшылық әрекетіне қарсы жасырын және ашық түрде жүргізген күресі сәтсіздікке ұшырап отырды. Мұндай сәтсіздіктер Азия мен Африка халықтарын еуропалық өркениеттің жетістіктерін үйренуге итермеледі. Олардың өнеркәсіптің шағын ошақтарын дамытуға талпынған әрекеттері нәтиже бермегендіктен, енді осы аймақтарда түбегейлі жаңарту қажеттілігі туды.



Сұрақтар
  1. Адам жанының өлмейтіндігін және қоғамның касталық топтарға бөліну дәстүрін уағыздайтын ілім:
  2. Өркениеті Конфуций идеялары негізінде дамып қалыптасқан ел:
  3. ХIХ-ХХ ғасырлар тоғысында Еуропадағы антисемитизм – бұл:
  4. 1900 жылға қарай отарлық иеліктері 368 млн. тұрғын халқы бар 33 млн. шаршы шақырым аумақты қамтыған ел:
  5. ХХ ғасырдың басында әлемнің жетекші елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жүзеге асқан үдеріс:
  6. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Батыс елдерінің мәдениеті мен техникалық жетістіктерін ұлттық ерекшеліктеріне бейімдей алған ел:
  7. Екі ғасырдан астам уақыт Қытай империясының отары болған ел:

  8. ХIХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында өз аумағын көршілерінің есебінен кеңейтуді жүзеге асырған державалар:

  9. 1907 жылы ағылшын-орыс келісімімен құрылған әскери одақ:

  10. 1898 жылы 21 сәуірде Кубаны өз иелігіне айналдыруды көздеп Испанияға соғыс жариялаған мемлекет:
  11. ХХ ғасырдың басында шығыста әскери державалардың қатарына қосылып, өзінің басқыншылық әрекетін айқындаған мемлекет:
  12. Үштік одақ соғыс блогына мүше болған мемлекеттер:

  13. Балқан одағына кірген елдердің мақсаты:

  14. Бірінші Балқан соғысының нәтижесі:

  15. 1908 жылы жас түріктер көтерілісінен кейін Осман империясында басталған өзгеріс:
  16. Соғыс қуатын күшейту және соғысқа әзірлену саясатының салдары қандай болды?

  17. ХХ ғасырдың басында жеке теңіз флотын құру бағдарламасын іске асыра бастаған мемлекет:

  18. ХХ ғасырдың басында Еуропаның «жарылғыш қоймасына» айналған жер:

  19. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына сылтау болған оқиға:

  20. Бірінші дүниежүзілік соғыс болған кезең:

  21. 1914 жылы “Шлиффен” жоспары бойынша қысқа уақытта тізе бүктіру керек болған мемлекет:
  22. 1914 жылы Марна шайқасының маңызы:
  23. 1918 жылы Брест бітіміне қол қойған мемлекеттер
  24. 1914 жылы Германияның Бельгия арқылы Францияға соққы беру жоспары:
  25. Соғысқа қарсы шыққан қозғалыс:

  26. 1918 жылы Германияны екі майданда қатар соғысудан босатқан бітім:
  27. 1916 жылы 21 ақпанынан басталып желтоқсанға дейін созылған дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқас:
  28. Германия мен Антанта мемлекеттері бітімге қол қойды:
  29. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесі:

  30. Брест бітіміне қол қойылған жыл:
  31. 1914 жылы 1 тамызда Германияның Ресейге соғыс ашу себебі:
  32. Ұлттар Лигасының жарғысына енгізілген «мандат» сөзінің түсінігі:
  33. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Батыс майданында 1916 жылы болған негізгі шайқастар:

  34. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себебі:
  35. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан адамдар саны:
  36. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей империясының көздеген мақсаты:

  37. Ұлттар Лигасы:
  38. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ағылшын және француз үкіметтерінің Сайкс-Пико келісіміне қол қоюдағы мақсаттары:
  39. Э.Бернштейн – ...

  40. «Бұл жерлер 1918 жылға дейін Германияға қараған» деген дәлелдермен Герман фашистері басып алған аймақ:
  41. Еуропа капиталистерінің Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қызығушылық таныту себебі:
  42. Ағылшын-Бур соғысы болған кезең:
  43. 1918 жылы 11 қарашада болған жағдайды көрсетіңіз.

  44. 1898-1901 жж. АҚШ-Испания соғысының нәтижесі:
  45. АҚШ империалистері «Монро доктринасын» жариялаған елдер:
  46. Балқанда, Босфор мен Дарданелл бұғаздарына үстемдік етпек болған ел қайсы?

  47. Жұмысшы табының саяси үстемдігі орнайды деген тұжырымның авторлары:
  48. Италияның Антанта жағында соғысқа кіруінің себебі:
  49. 1898-1902 жж. Ағылшын-Бур соғысынан кейін құрылған отар ел:

  50. 1918-1919 жж. Германиядағы революцияның ең соңғы ірі оқиғасы: 
Қате туралы хабарландыру