Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХIХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы дүниежүзі

Конспект

 

ХIХ ғасырдың басында Англия экономикасы дамыған мемлекет болды. 1811 жылы Англияда сауда мен кәсіпорындарда халықтың 44% жұмыс істеді. Еңбекшілердің жағдайы өте ауыр болды. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар машиналарды қирата бастады. Бұл қозғалыс машинаны бірінші болып қиратқан жұмысшы Лудданың атымен, луддашылар қозғалысы деп аталды. Луддашылар қозғалысы 1811-1812 жылдары кең өріс алды.

 

ХVIII ғасырда Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік өнеркәсіптің машиалық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өту кезеңі – өнеркәсіп төңкерісі кезеңі басталады.

 

ХVIII ғасырдың ортасында машина өндірісі, оның ішінде машина жасау барлық негізгі құрылымда басым түсті. Өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Англия дүние-жүзілік шеберханаға айналды, оның бұйымдарымен ешкім бәсекелесе алмады.

 

ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы «чартизм» деген атауға ие болды. Чартизм (хартия, құжат) ағылшын сөзінен шыққан, онда әлеуметтік таптар мен топтардың саяси талаптары көрініс тапты.

 

Елде сонау ХVIII ғасырдың соңында қалыптасқан екі бақталас партия билік етті. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап консервативтік партия атағын алған тори партиясы Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғады. Консервативтік партияның тірегі фермерлер болды. Екінші бір көрнекті партия виги партиясы либералдар партиясы деп аталды. Бұл партияның басында ірі ақсүйектер тұрды. Либералдар сауда-өнеркәсіп буржауазиясының мүддесіне қызмет етті.

 

ХІХ ғасырдың басында Англияда заң шығару билігі парламенттің қолында болды. Атқару билігі – корольге және парламент тағайындаған үкіметке тиді. Қауымдар палатасы – парламенттің төменгі палатасын сайлау кезінде жеңген партиялар үкіметті құрады. Осы партияның жетекшісі премьер-министр болып тағайындалды.

 

Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Барлық билік бір адамның қолында болды.

 

1799 жылы 9 қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін барлық билік үш консулдың қолына өтті, бірақ іс жүзінде билік бірінші консул – Бонапарттың қолында болды. Конституция бойынша Франция республика болғанымен барлық билік бірінші консулдың қолына шоғырланды. Бірінші консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органдарының барлық мүшелерін тағайындады. Жергілікті өзін-өзі басқару жойылды.

 

1813 жылы 16-19 қазанында Лейпциг түбінде жарты миллионнан астам жауынгер қатысқан шайқас болды. 700 зеңбірегі бар 190 мың француз әскеріне, 1370 зеңбірегі бар 300 мыңдық одақтастар әскері қарсы тұрды. Тарихта бұл шайқас «халықтар майданы» деген атпен белгілі.

 

1815 жылдың 18 маусымында Ватерлоо түбінде Наполеон әскері мен одақтастар әскері арасында шайқас болды. Наполеон жеңіліс тапты. 22 маусым күні Наполеон ағылшындарға тұтқынға түсті, екінші рет тақтан бас тартып, Әулие Елена аралына жер аударылды.

 

Одақтастар және Франциядағы бұрыңғы француз ақсүйектерінің талабына сай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып ХVIII Людовик деген атпен, 1793 жылы өлтірілген ХVI Людовиктің інісі граф Прованский отырды. 1814 жыл Король жариялаған хартияға сәйкес мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді.

 

1848 жылы 25 ақпанда Францияда Екінші республика жарияланып, Уақытша үкімет құрылды. Оның құрамына екі париждік жұмысшы да кірді. Уақытша үкімет Францияны республика деп жариялауға мәжбүр болып, барлық дворяндар лауазымын жойды.

 

Францияның Пруссиямен болған соғысында жеңіліс табуы Париж тұрғындарынның ашу-ызасын туғызды. 1870 жылы 4 қыркүйекте революция басталды. Император III Наполеон тақтан түсіріліп, Франция республика деп жарияланды.

 

1871 жылы 10 мамырда Франкфуртте бітім шартына қол қойылды. Франция жаңадан құрылған герман империясын мойындап, оған Эльзасты және Лотарингияның бір бөлігін берді. Сөйтіп, франция-герман соғысы барысында Германияның бірігуі аяқталды.

 

1848 жылы басталған революциялар толқыны бүкіл Еуропаны қамтыды. 1848 жылы наурызда Пруссияда революция басталды. Революция барысында саяси, әлеуметтік және ұлттық қозғалыстар әрқайсысы жеке-дара қимыл жасады. Революцияшыл қарулы топтар әлі әлсіз екенін көрсетті. Германиядағы ұлттық қозғалыстар өз мақсатын орындаған жоқ. Пролетариат өз жағдайларын жақсартуға қол жеткізе алмады. Революция жеңіліспен аяқталды. Пруссия аумағы кейбір герман мемлекеттерінің жері қосылғаннан кейін Рейннен Неманға дейін созылды. Сонымен Солтүстік германдық одақ құрылды. Оның басшысы пруссиялық король болды. Үкіметті канцлер басқарды. Бірінші канцлер болып Бисмарк сайланды.

 

Италиядағы ұлттық қозғалыстар да өз мақсатын орындаған жоқ. Пролетариат өз жағдайларын жақсартуға қол жеткізе алмады. Революция жеңіліспен аяқталды.

 

ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің дамуы феодалдық-басыбайлылық жүйе дағдарысының өсе түсуімен және капиталистік укладтың күшеюімен ерекшеленді.

 

1861 жылы 19 ақпанда II Александр патша басыбайлылық құқықты жою туралы манифестке және «Шаруалардың жаңа құрылымы туралы ережеге» қол қойды. «19 ақпан ережесі» бойынша шаруаларға жеке бас бостандығы берілді.

 

1880 жылдары Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі және көрнекті үгітшісі Г.В.Плеханов (1856-1918) саяси сахнаға шықты. Г.В.Плеханов құрастырған бағдарламалық құжатында олар Ресейде саяси бостандықты жеңіп алу, тапаралық бөлінуді жоюды азаттық қозғалысына мақсат етіп қойды.

 

Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция империализм дәуіріндегі алғашқы бірінші орыс революциясы болды. Ол алдына самодержавиені құлату және демократиялық республика орнату міндеттерін қойды.

 

Алғашқы орыс революциясының өзіндік ерекшелігі, оның ұлттық айырмашылығы – аграрлық мәселені алға тартты. Батыстағы ХIХ ғасырдағы буржуазиялық революциялардан айырмашылығы – Ресейдегі шаруалар бұқарасы пролетариаттың одақтасы ретінде тарих сахнасына шықты.

 

ХVIII ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады. АҚШ жалпы батыстық бағытта дамыды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚШ аумағында 40 штат болды.

 

Америкада скваттерлік – қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз еркімен иелену тәсілі дамыды. Ал 1841 жылдан бастап қоныстанушы басып алған жер бөлігін өзіне меншіктенуі жөнінде құжат алуына мүмкіндік туды. Көптеген фермалар «отбасылық» түрде болды. Мақтаға деген мол сұраныс, бос жатқан жерлердің көптігі, қолайлы табиғи жағдай, аз шығынмен құлдарды пайдалану мүмкіншілігі АҚШ-тың оңтүстігінің плантациялық шаруашылығын өнімді және пайдалы кәсіпке айналдырды. Оңтүстіктің құл иеленуші штаттарында плантаторлық құл иеленушілер үстемдік етті.

 

АҚШ-ғы жағдайдың ерекшелігі – ондағы құлдық жүйе қалыпты капиталистік дамуды тежеді. Өнеркәсіптің дамуына плантаторлық құл иеленушілік кедергі жасады.

 

ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе – құлдық мәселесі болды. Оңтүстік штаттар АҚШ-тан бөлініп шығып өз аумағында құлдықты заңды түрде бекітетін жаңа мемлекет құруды талап етті. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы шиеленіс Азамат соғысына (1861-1865 жж.) әкелді.

 

Азамат соғысының басты мақсаты құлдықты жою болды. Қара түстілер мен ақ түстілердің тең құқықты екендігін бекіту үрдісі басталғандығы, америкалық демократияның дамуындағы маңызды қадам болды.

 

XVI ғасырда Американы отарлаған испандық және португалдық басқыншылық нәтижесінде еуропалықтар үндіс халықтарына өз үстемдігін орнатты. Конкиста (басып алу) қатігездікпен жүргізілді. Конкистадорлар үндістерге католик дінін зорлықпен таңып, олардың храмдарын жойды, абыздарын қуғындады.

 

Латын Америкасы елдерінің тәуелсіздік үшін күресі нәтижесінде жерге жеке меншік орнатылды. Ірі жер бөліктері – лаифундиялар, олардың иелері латифундистер, ал олардың арасындағы қатынас латифундизм деп аталды.

 

ХІХ ғасырдың басында Латын Америкасы халықтарының отарлық тәуелділіктен азаттық алу үшін күресі басталды.

 

Цин өкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда ұстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Қытайдың алтын-күміс байлығы апиынға айырбасталып Англияға ағылды. Қытай оларға апиын әкелуіне тыйым салып, ағылшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтырды. Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайға қарсы соғыс бастады. 1840-1842 жылдары болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетіп, Цин империясын тізе бүктірді.

 

Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптары Цин империясының елді дағдарыстан шығаруға дәрменсіздігі шаруалардың ашу-ызасын туғызды. 1850 жылы Хун Сюцюань бастаған қуатты шаруалар көтерілісі болды. Ол маньчжурларды Қытай жерінен қуып шығу, барлық шаруаларға жерді тең бөліп беру талаптарын ұсынды. Ол Тайпинь тянго – ұлы игілікті аспан мемлекетін құруға ұмтылды. Сондықтан көтерілісшілерді тайпиндер деп атады.

 

Алайда еуропалықтарға қарсы баскөтерулердің жаппай құлаш алуы оларды басу үшін күш жұмсаған ұлы державаларды Қытайды ықпал ету аймағына бөлу жоспарынан бас тартуға мәжбүр еткізді. АҚШ өз серіктестеріне Қытайда «ашық есік» саясатын жүргізуге ұсынды, ол Қытай рыногі үшін күресте барлық елдерге тең құқық берілетіндігін мәлімдеді.

 

1911 жылы күзде Синьхай революциясы басталды. Оны Қытайдың 14 провинциясы қолдады. Олар жергілікті үкімет билігін құлатып, елде Қытай Республикасының құрылғанын жариялады. 1912 жығы 1 қаңтар Қытай Республикасының ресми жарияланған күні болып есептеледі. Сунь Ятсен Қытай Республикасының тұңғыш президенті болды.

 

ХІХ ғасырдың басында Токугава әулеті сегундарының билігі кезінде Жапония қоғамы терең дағдарысқа килікті. Сегунаттың әлсіреуіне, сондай-ақ «жабық есік» саясаты да өз әсерін тигізді. «Жабық есік» саясаты елдің артта қалуын күшейтіп, өндіріс қатынастарын, ішкі және сыртқы сауданың дамуын тежеді.

 

1867 жылы Жапонияның императоры тағына 15 жасар Муцухито отырды. Муцихито императордың билік еткен кезеңі Мэйдзи деп аталды. Сондықтан да тарихта 1867-1868 жылдардағы императорлық билікті қайта орнату әрекеті «Мэйдзи қайта қалпына келтіру» деп аталды.

 

Мэйдзи үкіметінің Жапонияда капитализмнің дамуына апаратын жол – тауар өткізу рыногін кеңейту мен жаңа шикізат көзін табу деп есептеді. Сол үшін Жапония сыртқы басқыншылық саясатын іске асыра бастады. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны Қытайға тәуелді Корея болды.

 

1857-1859 жылдары Солтүстік Үндістанда аса қуатты халық көтерілісі орын алды. Сипайлар көтерілісінен кейін Англияның Үндістандағы саясатына өзгерістер енгізіле бастады. Үндістан істері жөніндегі арнаулы министрлік құрылды. Үндістандағы әкімшілік билік вице-корольге, провинцияларды билеу губернаторға берілді.

 

1885 жылы самарқау либералдар алғашқы жалпыүнділік саяси партия – Үнді Ұлттық Конгресі (ҮҰК) құрды. Оның орталығы Калькутта қаласы болды.

 

Үндістандағы отаршыл өкімет басында отырған Керзон 1905 жылы Бенгалияны екіге бөлу жөнінде шешім қабылдады. Шығыс Бенгалияда, негізінен, мұсылмандар, Батыс Бенгалияда үнділер тұратын. Ағылшындардың Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты – үнділер мен мұсылмандарды бір-біріне қарсы қойып, олардың арасында діни алауыздық тудыру, сөйтіп бенгалиялықтарды ұлт-азаттық қозғалыстан аулақтату болды.

 

XIХ ғасырдың бірінші ширегінде Осман империясы терең ішкі дағдарыс, шиеленіскен жағдайды басынан кешіп жатты. 1839 жылы қарашада сұлтанның жазғы сарайы алдында «Қасиетті жарлық» халыққа жарияланды.

 

Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат – қайта ұйымдастырулар деп аталған реформалар дәуірін бастап берді.

 

1889 жылы Стамбұлда «Бірлік және прогресс» партиясы құрылды. Ұйымның алға қойған мақсаты конституциялық мемлекет құру болатын. Бұл қозғалыстың өкілдерін жас түріктер деп атады.

 

ХІХ ғасырдың 40 жылдары Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық ретінде халық көтерілістері жиілей бастады. Бұл көтеріліске дем беріп отырған исламның шиит тармағының өздерін бабшылдармыз деп атаған топтары болды. Бабшылдар ілімінің жетекшісі – Сеид Әли Мұхаммед деген адам 1844 жылы өзін Баб деп жариялайды.

 

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Африкаға Англия мен Франциядан кейін Бельгия, Германия, Италия басқыншылары ұмтылды. 1884 жылы Конго өзені алқабының басым бөлігін Бельгия бақылауына алды.

 

1890 жылдардың соңына таман Англия Африканы отарлауды аяқтауға таяды. 1898 жылы ағылшын әскері француз әскерімен қарулы қақтығысқа түсті. Ағылшын үкіметі соғыс ашпақ болып қорқытты. Франция Англиямен соғыспауға шешім қабылдайды. 1899 жылы Англия мен Франция Африканы бөлісу туралы келісім жасасты.

 

ХХ ғасырдың басында дүние жүзін аумақтық тұрғыдан бөлісу аяқталды. «Бос жер» тіпті қалған жоқ. Өздерін Африкадағы бөлістен құралақан қалдық деп есептеген герман империалистері оның орнын Таяу Шығыстағы басқыншылық әрекетімен толтырмақ болды. Англия Германияның Түркияға енуіне қатты мазасызданды. Мұның бәрі екі империалистік жыртқыштардың арасындағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.

 

1882 жылы 20 мамырда Германия, Австрия-Венгрия және Италия арасында үштік одақ деп аталатын одақтық шартқа қол қойылды. Шарт 5 жылға жасалынды. 5 жыл сайын жаңартылып отыруы арқылы 1945 жылға дейін созылып келді.

 

Англия антигерманиялық коалицияға Ресейді тарту үшін бар күшін жұмсады. 1907 жылы құрамында Англия, Франция мен Ресей кірген үштік Антанта одағы құрылды. Сол кездегі жағдайда әрбір жаңа соғыс жергілікті сипатымен шектеліп қалмайтын еді, 1912-1913 жылдардағы Балкан соғысы дүниежүзілік империалистік соғысқа ұласты.

 

XVII-XVIII ғасырлар бойы Еуропа халықтарының мәдениеті мен өнерінде бір-бірін ауыстырып отырған үш көркемөнер бағыты болды. Олар классицизм, романтизм және реализм. ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында ғылым ерекше қарқынмен дамыды. Ұлы жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты. Бұл қандай да бір сиқыршының құпия сырларды ашып жібергеніндей әсер етті. Бұл сиқыршы адамзат ақыл-парасаты болатын.

 

ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ашылған табиғи-ғылыми жаңалықтардың басты маңыздылығы сонда, ол материяның құрылысы, кеңістік, уақыт, қозғалыс, тірі табиғаттың дамуы, табиғаттағы адамның орны, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды түбірімен өзгертті.



Сұрақтар
  1. «Шіріген жерлер» құқығы толығымен жойылған жыл:
  2. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:
  3. 1819 жылы Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің еңбек саласында жасаған маңызды қадамы:
  4. 1764 жылы «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:
  5. 1765 жылы бу машинасын ойлап тапқан адам:
  6. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:

  7. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:

  8. ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық-саяси революциялық қозғалысы:

  9. ХІХ ғасырда Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия
  10. ХІХ ғасырда Англияда сауда-өнеркәсіп буржауазиясының мүддесін көздеген саяси партия:
  11. ХІХ ғасырдың соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:
  12. ХІХ ғасырдың басында Англияда үкіметті тағайындағандар:
  13. ХІХ ғасырдың басында Англияда Виги партиясының жетекшісі:
  14. Чартизмнің үшінші және соңғы көтерілуі кезеңдері:
  15. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдардағы Либералдар партиясының көсемі:
  16. 1804 жылы Рим папасы тәж кигізген император:
  17. 1799 жылғы 9 қарашада Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:
  18. 1814 жылы Францияда тақ басына келген династия:

  19. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:
  20. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:
  21. 1813 жылы болған Лейпциг түбіндегі шайқастың тарихи атауы:
  22. 1815 жылы Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:
  23. Францияда екінші республика жарияланған кезең:
  24. Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:
  25. 1870 жылы 4 қыркүйектегі Франциядағы революцияның нәтижесін көрсетіңіз:
  26. Франция-Пруссия соғысында Францияның айырылып қалған аймақтары:

  27. 1848-1849 жылғы Германиядағы революцияның нәтижесі:
  28. Біріккен Герман империясының бірінші канцлері:
  29. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:
  30. ХІХ ғасырдың ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф:
  31. Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифестке қол қойған орыс патшасы:
  32. ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:
  33. 1861 жылы Ресейде қабылданған реформаның мәні:
  34. 1880 жылдары Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі:
  35. Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар:

  36. Жұмысшылардың оңтүстік Ресей одағының негізін қалаған революционер
  37. 1905-1907 жылдардағы революцияның өзіндік ерекшелігі, ұлттық айырмашылығы:
  38. 1860 жылы теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет:
  39. 1861 жылы АҚШ аумағындағы штаттар саны:
  40. АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі:
  41. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықты белгілеңіз
  42. 1793 жылы АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан адам:
  43. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда АҚШ экономикасының «королі» ретінде шетке шығарылған басты тауар:
  44. ХІХ ғасырдың І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:

  45. 1803 жылы АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері:
  46. ХІХ ғасырдың басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері:
  47. АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жыл:

  48. ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіс туғызған мәселе:

  49. АҚШ президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:

  50. ХІХ ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:
  51. Олигархтар дегеніміз - ...

  52. АҚШ-та азамат соғысы болған кезең:
  53. 1860 жылы АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:
  54. 1860 жылы құлиеленушілікті жоюды жақтаған АҚШ президентін көрсетіңіз
  55. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс:
  56. 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:
  57. Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері:

  58. Конкистадорлар - ...
  59. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:

  60. ХІХ ғасырда Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің алдына қойған мақсаты:
  61. 1810 жылы Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы:
  62. 1826 жылдан бастап Аргентина деп аталатын елді белгілеңіз
  63. 1791 жылы Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы:

  64. 1825 жылы құрылған өзінің азат етушісінің құрметімен аталатын мемлекет:

  65. 1823 жылғы «Монро доктринасының» мәні:
  66. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қытайдың дүниежүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі:
  67. Бірінші апиын соғысы болған кезеңді белгілеңіз

  68. 1840 – 1842 жылы Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:

  69. 1850-1864 жылдары Қытайдағы шаруалар соғысы:

  70. ХХ ғасырда Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні:
  71. Қытай Республикасының тұңғыш президентін атаңыз
  72. ХІХ ғасырда «жабық есік» саясатын ұстанған мемлекет:
  73. 1867-1868 жылдардағы Мэйдзи төңкерісінің мәні:

  74. Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты:
  75. Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі:
  76. 1857 – 1859 жылдары Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға:

  77. 1857-1859 жылдары Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:
  78. 1885 жылы Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партияны белгілеңіз

  79. 1905 жылы Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:
  80. ХІХ ғасырда Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:
  81. 1889 жылы Стамбұлда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты:
  82. 1826 жылы янычарлар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі:
  83. 1839 жылы Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:
  84. Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы:
  85. 1796 жылы Тегеранға француз елшілерінің келу себебі:

  86. 1828 жылы Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:

  87. 1848 – 1852 жылдары Ирандағы халық көтерілісі:

  88. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:

  89. 1884 жылы Африкадағы Конго өзені алқабының басым бөлігін бақылауда ұстаған Еуропа мемлекеті:

  90. Англия мен Францияның арасында Африканы бөлісу туралы келісім жасалған жыл:
  91. 1882 жылы құрылған Үштік Одаққа кірген мемлекеттер:

  92. 1907 жылы Англия, Франция және Ресей құрған әскери-саяси одақ:

  93. Луи Пастердің енгізген жаңа ғылым саласы:
  94. XVII-XVIII ғасырлар бойы Еуропа халықтарының мәдениеті мен өнерінде бір-бірін ауыстырып отырған үш көркем бағыт:
  95. «Париж Құдайана ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы:

  96. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:

  97. 1895 жылы көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан, физиктерден тұңғыш Нобель сыйлығын алған герман физигі:

  98. Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гётенің өлеңмен жазған трагедиясы:

  99. «Мазурка королі» деп аталған композитор:
  100. XIX ғасырдың 70 жылдары Германия Франциядан еншілеген жерлер

  101. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында Англияда пролетариат (жұмысшы) болған, өз қауымдастықтарын құраған саяси көсем(-дер):

  102. 1854 жылы Чикагода құрылып, осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан республикалық партияның алғашқы көшбасшысы(-лары):

  103. 1882 жылы 20 мамырда «Үштік одақ» шартына қол қойған ел (-дер)

  104. ХІХ ғасырдың аяғына таман Англияда қалыптасқан таптар:

  105. 1856 жылы Париждегі бейбіт келісімге сай Ресей:

  106. Танзимат реформалары Осман империясында шешуге тиіс міндеттері:

  107. Жаңа османдар қозғалысы күресті:

  108. Танзиматтың бірінші кезеңінде өзгерістер жүргізілген салалар:

  109. «Шығыс мәселес»і туындаған себептер:  

  110. Ресейдің 1853-1856 жылдары Қырым соғысында жеңілу себептері

  111. М. Кемал үкіметінің елдің мәдени және тұрмыс жағдайына енгізген өзгерістері:

  112.  

    Қытайды жартылай отар елге айналдырған келісімшарттар:

  113. 1850-1864 жылдары болған Тайпиндер көтерілісінің жеңілу себептері:

  114. Қытайды қайта өркендету қоғамы көздеген мақсат (-тар):

  115. ХIХ ғасырдың аяғында Ресейде өнеркәсіптің өсуі  көрінді:

  116. Атом ядросы саласында зертеулер жасап, радиоактивтілік ілімін ашқан ғалымдар:

Қате туралы хабарландыру