Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХІІ тарау. Адамның мінез-құлығы. Рефлекс – жүйке қызметінің негізі.

Конспект

Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы арқылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жұмысы, білгенін басқаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. Ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін айтты.

 

Адам мен жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылымды этология (грекше «ethos» – мінез, «logos» – ілім) дейді.

 

Рефлекс – жүйке қызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлық тіршілік процестері тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіндігі өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер).

Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы – Р. Декарт (1596–1650).

 

Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) арқылы жүзеге асады. Үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады.

Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бір-бірімен байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы – түйсік – инстинкт (латынша «іnstіnctus» – түйсіну) деп аталады. Түйсік едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін жәндіктерде айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.

Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі.

 

Шартты рефлекстер – ағзаның мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бір-бірімен белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден тұрады. Шартты рефлекстер арқылы адам тамағын табуға, қауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мұның бәрі де жоғары жүйке қызметі арқылы жүзеге асады. Жоғары жүйке қызметінің күрделенуі сөздің пайда болуымен тікелей байланысты. Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден – ағзаның ішкі қажетін қанағаттандыру. Екіншіден – сыртқы орта жағдайларына байланысты.



Сұрақтар
  1. Бірте-бірте ми қыртысында ғана пайда болатын тежелу:
  2. Адам мен жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым:
  3. Жүйке қызметінің негізі:
  4. Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы –

  5. Күрделі мінез-құлықтың бір түрі:

  6. Адамның мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі:

  7. Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми тұрғыда түсіндірген орыс ғалымы:
  8. Рефлекстер туралы ілімді ары қарай толықтырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы:
  9. Жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін процестер:
  10. Ағзаға жаңа тітіркендіргіштер әсер етіп, ми қыртысында жаңадан қозу ошағы пайда болатын тежелу:
  11. Шартты тежелудің түрі:

Қате туралы хабарландыру