Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХІ тарау. Дәрумендер

Конспект

Дәрумендер (латынша «vіta» – тіршілік, өмір) тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше органикалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Витаминдер тағамның құрамында аз мөлшерде болғанымен ағза үшін өте қажетті заттар. Витаминсіз ағзаның өсуі, дамуы және тіршілігін жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан да витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуының мәні зор.

      

Дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853–1937) тапты.

Николай Иванович Лунин (1853-1937)

 

Дәрумендер ағзадағы зат алмасу процесіне қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық түрі белгілі. Витаминдер, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

 

Дәрумендер өсімдіктекті және жануартекті тағамдардың құрамында кездеседі. Адамға тәулігіне қажетті барлық витаминдердің мөлшері 180–200 мг.

 

Дәрумендердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауруды – авитаминоз дейді. Авитаминоз кезінде ағзада зат алмасу бұзылады. Витаминдерді шектен тыс көп мөлшерде пайдалану да зиянды. Бұл кезде ағзаның улануы (гипервитаминоз) байқалады.

 

Майда еритін витаминдер. A витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. A витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды.

 

А витамині бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5–10,5 мг.

 

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды.

 

К витамині (филлохинон) қанның ұюына әсер етеді. Витамин жетіспегенде жарақаттанған жердегі қанның ұюы баяулайды да, қан аға түседі. К витамині көкөністерден жасалған салаттарда, томатта, бауырда кездеседі. Сонымен бірге К витамині ішекте болатын кейбір микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Адам ағзасы үшін К витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 0,2–0,3 мг.

   

2-сурет. Мешелмен ауырған баланың аяқ сүйектерінің қисаюы

 

Суда еритін витаминдер. С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, кілегейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды.

 

В1 витамині (тиамин) зат алмасуға, асқазан және жүректің, жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер етеді. Жетіспегенде жүйке жүйесінің жұмысы бұзылып, адамның қозғалысы өзгереді. Бас ауырады, жүректің соғуы жиілейді және аяқ-қол дірілдейді

 

В2 витамині (рибофлавин) зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелерінің қызметіне әсер етеді. Жетіспеген жағдайда баланың өсуі баяулайды, тері мен ішкі мүшелердің кілегейлі қабықшаларында ауру пайда болады. Көздің қасаң қабығы қабынып, көзден жас ағады. В2 витамині жармалардың құрамында, ашытқыда, көкөністерде, етте, сүтте мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 3–4 мг.



Сұрақтар
  1. Тағамдық  заттардың құрамында болатын ерекше органикалық қосылыстар:
  2. 1880 жылы дәрумендерді тапқан орыс дәрігері:

  3. Витаминдердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауру:
  4. Дәрумендерді шектен тыс көп мөлшерде пайдаланудан болатын ауру:

  5. Майда еритін дәрумендер:

  6. Бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болатын дәрумен:

  7. Адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзілетін дәрумен:

  8. Ағзаның зат алмасу процесіне және көбеюіне әсер ететін дәрумен:

  9. Қанның ұюына әсер ететін дәрумен:

  10. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыруға әсер ететін дәрумен:

  11. Асқазан мен жүректің, жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер ететін дәрумен:

  12. Зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрумен:

  13. Ағзадағы нәруыздың алмасуына әсер ететін:

  14. Қанның түзілуі үшін қажет дәрумен:

  15. Ішек-қарын (асқазан) қызметіне әсер ететін дәрумен:

  16. Цианкобаламин

  17. Филлохинон

  18. Нәруыз көп мөлшерде кездесетін тағам түрі

  19. Аскорбин қышқылы

  20. Кальциферол

  21. Тиамин

  22. Жас балаларда Д дәруменінің (витамин) жетіспеуінен пайда болатын мешел (рахит) ауруының белгісі

  23. Мата бояуда қолданылады

  24. Е витамині (токоферол)

  25. Ретинол

Қате туралы хабарландыру