Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХI–ХV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері

Конспект

 

Орта ғасырлырдың екінші кезеңі XI -XV ғасырлар аралығында феодалдық қоғамның дамуында өндірістік қатынастар толық бір жүйеге келді. Негізгі байлық – жер иеліктеріне жеке меншік толық орнады. Шіркеу иелері жер иесіне айналды. Жер корольдердің меншігінде болды. Бұл кезеңде шаруалар өз жерінен айырылып, өз қожайындарына кіріптар күйге түсті. Жері жоқ шаруалар қожайындарына тәуелді күй кешті.

 

Феодалдық бытыранқылық бұл кезеңдегі негізгі құбылысқа айналды. Бұл процесстің барысында Ұлы Карл империясы ыдырап, оның орнына Батыс Еуропада қазіргі Франция, Италия және Германия мемлекетеррі құрылды. Киев Русі мемлекеті ыдырап, бірнеше кінәздіктерге бөлінді.

 

XI-XV ғасырлар арасында феодалдық экономиканың жедел қарқынмен дамуы сауданың өркендеп, калалардың гүлденуіне әсерін тигізді. Натуралдық шаруашылықтың орнына ақша – тауар қатынасы өмірге келді. Алғашқы базар саудасы қалыптасты. Жаңадан пайда болған әлуметтік топтар – ерікті қала адамдары мен ақша буржуазиясы (саудагерлер) феодалдық қоғамда монархияның саяси билігіне қарсы тұрып, өздерінің билігі үшін күрес жүргізді.

 

Монархияның шексіз билігі тежеле бастады. Батыс Еуропа елдерінде бір орталыққа бағындырылған мемлекеттері құрылды.

 

Ақша – тауар қатынасы қоғамды жаңаша құрудың реформалық көзқарастарын тудырды. Реформа қоғамның қозғаушы күшіне айналды. Орта ғасырлық мәдениет дамып, гуманизм кең етек алды. Феодалдық қоғамның екінші кезеңінде феодал (ірі жер иесі) мен кедейленген шаруалар арасында күрес күшейіп, Батыс Еуропа елдерінде ірі шаруалар көтерілісі болды.

 

Оңтүстік және Шығыс Азия елдерінде феодалдық қоғам өз ерекшеліктерімен дамыды. Феодалдық жерге мемлекеттік меншік сақталды. Жапония, Қытай және Үндістан мемлекеттерінде экономикалық – саяси даму процесі бір қалыпты деңгейде болды. Саяси билікке монархия иелік етті. Үндістанда Дели сұлтандығы күшейді. Қытайда Мин династиясы нығайды. Жапонияда сегундардың билігі сақталып, императорлық шексіз билік жалғасты.

 

Азия елдерінде феодалдық шаруашылықтың өркендеуі барысында сауда, қолөнер кәсібі дамыды. Ақша-тауар қатынасы кең етек ала бастады.

 

ХІІІ ғасырдың бас кезеңінде Шыңғысхан империясы күшейе түсті. Алғаш рет Шыңғысхан Қытайға шабуыл жасайды. Шыңғысхан Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алды. ХІІІ ғасырдың 40-жылдарында Бату хан орыс жерін бағындырып, Еділ өзенінің төменгі ағысында Алтын Орда мемлекетін құрды. Моңғол – татар шапқыншылығы бұл аймақтарда феодалдық қатынастың дамуын тежеді. Моңғол – татар шапқыншылығына қарсы орыстар, сондай-ақ Балтық теңізі жағалауы халықтары күрес жүргізді.

 

ХI ғасырға қарай еуропа елдерінде қалалар өсті. Қала мен ауыл арасындағы еңбек бөлінісі айқындала түсті: ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығымен, қала тұрғындары – қолөнер кәсібімен және саудамен айналысты.

 

Қала және оның төңірегіндердің мекендердің сауда орталығына айналды. Еуропада тауарлы шаруашылық дами бастады.

 

Король билігінің күшеюін, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын, қатаң тәртіп орнауын шіркеу де қолдады.

 

ХII-ХIV ғасырдың басында көптеген Еуропа елдерінде сословиелік-өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты. «Сословие» дегеніміз әлеуметтік топтар: шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлері, қала халқы. «Монархия» грек тілінен аударғанда «бір адамның билігі» дегенді білдіреді. Еуропаның көптеген елдерінің басшылары монархтар болды. Халық қолдаушылығына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдайтын.

 

Бірте-бірте мұндай өкілетті билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы – «бас штаттар», Чехия мен Польшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.

 

ХIV ғасырда Англия мен Франция арасында тарихтағы ең ұзақ соғыс басталды. Ол біраз үзілістермен жүз жылдан астам уақыттқа (1337-1453 жылдар) созылды. Бұл соғыс француздар үшін әділетті соғыс еді.

 

Соғыс ауыртпалығы шаруалардың наразылығын туғызды. 1358 жылы олар көтеріліске шықты. Көтеріліс Жакерия деп аталды. «Жак» деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етіп солай атайтын.

 

Францияда XIV ғасырдың басында сословиелік монархия – орталықтанған феодалдық мемлекет қалыптасты. Король ел басқаруда сословиелер өкілдерінің жиналысы – Бас штаттарға сүйенді.

 

1429 жылы VII Карл сарайына ер адамның киімін киген 17 жасар шаруа қызы Жанна д Арк келеді. Ол Францияны азат ету үшін жасақ беруін сұрады. Жаннаға рыцарлар отряды берілді. Ол отрядпен Жанна тоғыз күннен кейін Орлеанды ағылшындардан босатты. Француз әскері жеңістен-жеңіске жете бастады. 1430 жылы Компьен түбіндегі ұрыста Жанна тұтқынға түсті. Ағылшындардың шіркеу соты оны сиқыршы деп айыптап, 1431 жылы отқа өртеп жібереді.

 

Францияны біріктіру негізінен ХI Людовик тұсында (1461-1483 жж.) аяқталды. Күшті бір орталықтандырылған мемлекеттің негізі қаланды.

 

1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол «жаулап алушы» деген атаққа ие болды. Жаулап алушы Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі ІІ Генрих Плантагенет (1154-1189 жж) тұсында онан сайын қанат жайды. ІІ Генрих Англия мен қатар Франция жерінің 3/2 бөлігін иемденді.

 

ІІ Генрих әскери реформа да жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет атқарғысы келмесе «қалқандық ақша» төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарларды жалдады.

 

Англиядағы Ланкастерлер мен Иорктер әулеті арасындағы билік үшін талас-тартыс ұзаққа созылған қантөгіске әкеп соқты. Иорктер туында ақ, ланкастерлердің туында ал-қызыл раушанның суреті бейнеленді. Сол себепті бұл соғыс Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы деп аталды. Соғыс 1455 жылдан 1485 жылға дейін созылды.

 

Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері – герцогтер, маркиздер, графтар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлар мен халық бұқарасының өкілдері сайланатын.

 

962 жылы Германия королі I Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді «Қасиетті Рим империясы» деп аталды.

 

1237 жылы Герман рыцарьлары Тевтон ордені деп аталған одақ құрды. Оның иеліктері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын түгелге жуық қамтыды. Бұл одақ өзінің жерін Орыс елінің есебіннен ұлғайтуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.

 

Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды.

 

XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы күшейді. Оның ұлан-байтақ жер иеліктері болды. Католик шіркеу иелері жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салып отырды. Бұл арабтарға қарсы күрес реконкиста деп аталды. Ол «қайтарып алу» дегенді білдіреді.

 

711-714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Бұл жерде арабтарды «маврлар» деп атады. Арабтар мұнда 756 жылы Кордова әмірлігін құрып, оны 929 жылдан бастап тәуелсіз халифаттық деп жариялады.

 

Арабтар билігі кезінде еврейлердің тұрмыс жағдайы өте жақсы еді. Пиренейде Испандық король билігі орнаған соң 1492 жылы еврейлер Испаниядан қуылды.

 

Орта ғасырлардадағы қала-мемлекеттердің ең қуаттысы Солтүстік-Шығыс Италиядағы Венеция болды. Ол Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делдалдық орталығына айналып, Х-ХІІ ғасырларда теңізде үстемдігін орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті.

 

Түріктермен соғыста Венеция Балкандағы және Жерорта теңізінің шығысындағы иеліктерінен толық айырылды. Ұзаққа созылған Венеция –Түрік соғыстары кейін Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебіне айналды.

 

Өсіп келе жатқан қалаларға және король өкіметіне сауатты адамдар керек болды. Саудадан түсетін пайданы есептеу, қалалық кеңестерде іс жүргізу қажет еді. Қалаларда шіркеулік емес мектептер пайда бола бастады. Шіркеу мектептеріне қарағанда, бұл мектептер жазу мен арифметиканы тәуір оқытты, табиғаттану жөнінде мағлұматтар берді.

 

Еуропада ХІІ ғасырда тұнғыш жоғары мектептер, университеттер пайда болды. Олар атақты мұғалімдері бар қалаларда ғана ашылды. Бұларда оқу латын тілінде жүргізілді, сондықтан онда көптеген елдердің жастары оқи алатын еді.

 

ХІІІ ғасырда Англияда атақты ғалым Роджер Бәкон өмір сүрді. Ол бақылаудың және тәжірибенің көмегімен ғана білім алуға болады деп дәлелдеді. «Ғылымның мақсаты, – деп көрсетті ол, – табиғатты зерттеп, оны адамға қызмет еткізу». Шіркеу алдыңғы қатарлы адамдарды қудалады, Бәконның шығармашылығына тыйым салынды, ал өзі көп жыл түрмеде отырды.

 

Халыққа кең тараған рыцарьлық дастан «Роланд туралы жыр» ХІІ ғасырдың бас кезінде Францияда жазылды. Бұл дастанда Ұлы Карл Испаниядан шегінген кезде граф Роланд отрядының ерлікпен қырылғаны туралы айтылады.

 

ХІ ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Байыған шіркеулер сансыз діндарларды сыйғызу үшін храмдарды ұлғайтты. Сол уақыттағы құрылысшылар Ежелгі Римнің сәулет өнерінен көп үлгі алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ғасырлардағы ғимараттарды роман (латын сөзі «Рома» - Рим) ғимараттары деп атайды.

 

Бейнелеу өнерінің зор жетістігі кітап миниатюрасы болды. Ашық салынған суреттерде орта ғасырлар адамы өмірінің барлық жағы бейнеленді.



Сұрақтар
  1. Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін белгілеңіз:

  2. ХІ-ХІІ ғ. Еуропада қолданысқа енген сәулет өнерінің үлгісі:
  3. 1237 жылы Герман рыцарлары құрған одақ
  4. Х-ХІ ғасырда Германияда қалалардың пайда болуына алып келген еңбек бөлінісі:
  5. XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың бас кезінде Германияда үстемдік еткен шіркеу:

  6. Реконкиста дегеніміз – ол:
  7. 756 жылы Испания жерінде арабтар құрған әмірлік
  8. 1492 жылы Пиреней түбегінен қуылған халықтар:
  9. Италиядағы қала-мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы
  10. Венеция қала-мемлекетінің құлдырау себебі:

  11. Еуропада тұңғыш жоғары мектептер, университеттер пайда болды:
  12. ХІІІ ғасырда білім тек бақылау мен тәжірибе арқылы алынады деген ағылшын ғалымы:
  13. ХІІ ғ. Францияда кең тараған рыцарьлық дастан:

  14. XIV ғасырда жүз жылдық соғыс мына елдер арасында болды:

  15. Франциядағы Жакерия көтерілісінің басшысы:

  16. Франциядағы XIV ғасырдағы саяси-басқару жүйесінің сипаты
  17. Францияда сословиелік монархия - орталықтанған мемлекет пайда болған кезеңі:
  18. Ағылшын шіркеу сотының Жанна д' Аркке таққан айыбы:
  19. Франция бірігуін аяқтаған король
  20. Англияда әскери қызмет атқарғысы келмегендерге ІІ Генрихтың енгізген салығы.
  21. Англиядағы ал қызыл раушандар мен ақ раушандар соғысы болған жылдар:

  22. Англия парламентінің палаталары:
  23. Англия парламентінің лордтар палатасына сайлануға құқығы жоқтар:

  24. Х ғасырда «Қасиетті Рим империясы» деп аталған корольдік
  25. Англия мен Франция арасында болған жүз жылдық соғыс жылдары:
  26. XIV ғасырдағы Англия мен Францияда шаруалар көтерілісінің себептері:

  27. Англиядағы шаруалар көтерілісінің талаптары қандай болды?

  28. Жүзжылдық соғыстың басталу себебі қандай?

  29. Ағылшын тәжі үшін соғысқан әулеттер:

  30. Жүзжылдық соғыстың аяғына таман француздар жеңген шайқастар қайда өтті?

  31. Францияда орталықтандырылған мемлекеттің құрылуының алғышарттары:

  32. Францияның бір орталыққа бірігуіне не себеп?:

  33. Ағылшын абсолютизмнің ерекшелігі неде?

Қате туралы хабарландыру