Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХI-ХIII ғасырлардағы Христиан шіркеуі және крест жорықтары

Конспект

 

ХI ғасырдың ортасына дейін христиан шіркеуі біртұтас деп саналды. Дегенмен екі шіркеу арасындағы айырмашылықтар ұлғая түсті.

 

Шығыс Рим империясындағы шіркеу басшысы – патриархтың Рим папасындағыдай ұлан-байтақ иелігі болған жоқ. Рим папасы Батыс елдеріндегі әлсіреген өкімет билігін өзіне тәуелді етуге тырысса, Шығыстағы шіркеу жолға қойылған мемлекеттік құрылымның бір бөлігі болды.

 

Батыста ресми тіл латын тілі болды. Діни рәсімдер сол тілде жүргізілді. Киелі кітапты жергілікті халықтың тіліне аударуға рұқсат етілмеді. Ал Шығыс шіркеу рәсімдерді әр ұлттың өз тілінде атқаруына рұқсат берді. Батыста барлық дінбасылардың үйленуіне тыйым салынса, ал шығыста монархтарға ғана үйленуге рұқсат етілмеді. Шығыстағы дінбасылар сақал-мұрттарын қырмады.

 

Бұл тіл мен мәдениет арасындағы айырмашылық бірте-бірте діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдердегі ерекшеліктерді туғызып, ұлғайта түсті. Оның үстіне Рим папасының шығыстағы шіркеуді өз қол астына бағыдыру әрекеті Константинополь патриархының наразылығын туғызды. 1054 жылы екі шіркеу біржолата бөлініп кетті.

 

Батыстағы Рим папасы басқарған шіркеу католиктік («бүкіләлемдік» деген сөзден шыққан) деп, Шығыс Рим империясындағы патриарх басқарған шіркеу православиелік («құдайды дұрыс мадақтайтын» деген сөзден шыққан) деп аталды.

 

Папалардың императорлармен күресі екі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Ол күрес алма-кезек жеңіспен жүріп отырды. Папа билігі III Инокентий (1198-1216 жж) тұсында қатты күшейді. Салтанатты қабылдауларға қатысушылардың бәрі папаның алдында тізелерін бүгіп, оның аяқ киімін сүюге тиіс болды. Мұндай құрметке Еуропа корольдерінің бірде-бірі бөленген жоқ еді.

 

Бірнеше приходты епископтар, бірнеше епископтықты архиепископтар басқарды. Барлық архиепископтардың басшысы Рим папасы болды.

 

VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.

 

Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермо қаласында халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды.

 

1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. 1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді.

 

Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла берді. Папалар мен корольдер 1217-1221 жылдары – бесінші, 1228-1229 жылдары – алтыншы, 1248-1254 жылдары жетінші жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер қатары азая берді. Кедейлер де, феодалдарда Шығысқа енді бұрынғыдай ұмтыла қоймады. Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екеніне олардың көздері жетті. Папа кезекті крест жорығын ұйымдастыру үшін жаңа салық енгізіп жатты. Халық салық жинаушылардың көзінше қайыршыларға садақа беріп, «Христостан да күшті Мұхаммедтің аруағы үшін ал» деп папаны, кресшілерді мазақтай бастады.

 

1270 жылғы сегізінші крест жорығынана кейін Батыс Еуропа басқыншылары мұсылман елдеріндегі өздерінің барлық иеліктерінен айырылды.

 

Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті.

 

Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды.

 

Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті.

 

Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтардан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсіп, іш киімдерін, төсек орындарын ауыстырып тұруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді.

 

Үшіншіден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.



Сұрақтар
  1. Христиан шіркеуінің католиктік және православиелік болып бөлінген жылы:

  2. IX ғасырдың ортасындағы папа билігінің әлсіреу себептерінің бірі:

  3. Папа билігі күшейткен:

  4. Ислам әлеміне қарсы крест жорығына аттануға шақырған папа:
  5. Бірінші крест жорығы басталған жыл:

  6. Кресшілер Иерусалим корольдігін құрған жылды белгілеңіз:

  7. 1095 жылы II Урбан папа мұсылмандардан азат етуге шақырған қаласын көрсетіңіз
  8. Константинополь қаласы жаулап алған крест жорығын белгілеңіз:

  9. Крест жорықтарының нәтижесінде Батыс Еуропа елдерінің Шығыстың мәдениетінен алған үлгілерінің бірі:

  10. 1054 жылы христиан діні бөлінді

  11. Крест жорықтарының негізгі себептері:

  12. Кресші рыцарьлар құрған тұрақты әскери ұйымдары:

  13. Крест жорықтарының Батыс Еуропаға әкелген жағымды салдарлары:

  14. Крест жорықтары дәуірінде Египет пен Сирияда билік құрған әулеттер:

  15. Крест жорығына кім қатысты?

  16. Крест жорығына кім қатысты?

  17. Үшінші крест жорығын ұйымдастырған корольдар:

  18. Крест жорықтарының мұсылман елдеріне келтірген зардаптары:

  19. Крест жорықтарының мұсылман елдеріне келтірген зардаптары:

  20. Христиан діні 1054 жылы өз ара араздықтан бөлінді:

Қате туралы хабарландыру