Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Х тарау. Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы және қызметі

Конспект

Қарын сөлі – қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын сөлі бөлінеді. Бөлінетін қарын сөлінің мөлшері тағамның құрамына, қою-сұйықтығына байланысты. Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын сөлінің құрамы: 97–98% су, 1% органикалық заттар (ферменттер), 0,5% минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы.

 

Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған. Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі. Қарын сөлінің құрамын, реттелуін И.П. Павлов өңешті кесіп және қарынға фистула қою және «бөлініп алынған қарынша» әдістері арқылы зерттеді. Қарын сөлінің құрамындағы фермент – пепсиннің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Қарын сөлінің құрамындағы тұз қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды, бактерияларды залалсыздандырады.

 

Бауырдың басты қызметі – өт бөлу. Ересек адамдарда тәулігіне 0,5–1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына (қабына), одан өт қабының өзегі арқылы ұлтабарға түседі. Бауыр жасушаларынан өт үнемі бөлініп тұрады. Өт ұлтабарға адам тамақтанған кезде ғана өтеді. Өттің бөлінуі гуморальдық және рефлекторлық жолмен реттеледі.

1-сурет. Бауырдың құрылысы:

 

1 – көкет (диафрагма); 2 – бауыр венасы; 3 – бауыр артериясы; 4 – бауыр вена қақпасы; 5 – өт қабының өзегі; 6 – өт қабы; 7 – бауырдың оң жақ бөлігі; 8 – бауырдың сол жақ бөлігі

 

Ішек сөлі – аш ішектің ішкі кілегейлі қабығындағы көптеген ұсақ бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың ары қарай қорытылуы өттің және ішек сөлінің әсерінен жүреді. Ішек сөлінің түсі күңгірттеу сұйықтық. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның реакциясы да сілтілі. Ішек сөлінің әсерінен асқазаннан тамақпен бірге келген қышқылды орта жойылады. Ішекке асқазаннан түскен тағамның әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің құрамында су, органикалық, бейорганикалық заттар және 20-дан астам ферменттер болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай жасайды. Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі.



Сұрақтар
  1. Ересек  адамда  тәулігіне   бөлінетін қарын  сөлінің мөлшері:
  2. Қарын сөлімен араласқан тағамды жентек:

  3. Қарын  сөлінің  құрамындағы су мөлшері:
  4. Адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі:

  5. Бауырда вирустардың әсерінен болатын жұқпалы ауру:
  6. Бауырдан кейінгі кіші асқорыту безі:
  7. Нәруыздарды ыдырататын қарын сөлі құрамындағы фермент?

  8. Ұйқы безінен бөлінетін сөлді атаңыз?

  9. Кілегейлі зат муцин қандай заттан бөлінеді?

  10. Қарын сөлінің құрамын, реттелуін, қарынға фистула қою әдістері арқылы зерттеген ғалым?

  11. Қарын қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшық еттің 3 бағыты  

  12. Асқорыту сөлдеріне жатады

Қате туралы хабарландыру