Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Х тарау. Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы мен сіңуі

Конспект

Ауыз қуысында астың өзгеруі. Ауыз қуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды.

 

Асқазанда астың қорытылуы. Ересек адамдардың асқазанының сыйымдылығы 1,5–2 литр. Асқазанның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады.

 

Ішекте астың қорытылуы және сіңуі. Асқазанда жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының және ұйқы безінің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар – амин қышқылдарына, крахмал – қантқа, майлар – май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды.

 

Астың сіңуі. Аш ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте ұсақ тұйық өскіндер – бүрлер болатыны сендерге таныс. Бүрлердің сырты бір қабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған амин қышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Амин қышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады.

 

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу – жасунықты (клетчатканы) ыдыратуға қабілетті. Бактериялар «К» және «В12» витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат – нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.

 

Асқазан-ішек аурулары. Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады.



Сұрақтар
  1. Ересек адамдардың асқазанының сыйымдылығы:
  2. Асқазанда тағам қорытылады:

  3. Асқазан мен ішектің қауіпті аурулары:
  4. Адам ағзасында тіршілік ететін құрттар:
  5. Аш ішектегі бүрлердің сырты қандай жасушалардан түзіледі?

  6. Тағамдық заттар қайда қорытылады?

  7. Су қай жерде толығымен сіңіріледі?

  8. Тоқ ішектегі бактериялардың ферменттері нені ыдыратуға қабілетті?

  9. Сілекейдің құрамындағы фермент нелерге әсер етеді?

  10. Қарын сөлінің құрамында болады:

  11. Темекінің асқазанға әсері

Қате туралы хабарландыру