Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Кездейсоқ оқиға және оның жиілігі

Конспект

Тиынды лақтырғанда ол елтаңба жағымен, не тиын жағымен түсуі мүмкін. Асықты лақтырғанда ол алшы, сәйке, шік, бүк болып түсуі мүмкін. Ойын сүйегін (әр жағында сандар жазылған кубик) лақтырғанда түрлі ұпайдың бірі түсуі мүмкін т.с.с.

Міне осындай сынақтар (тәжірибелер) нәтижерелін оқиға деп атаймыз.

Ал осы сынақ нәтижесінде оқиғаның орындалуы да, орындалмауы да мүмкін болса, онда бұл оқиғаны кездейсоқ оқиға деп атаймыз.

Мысалы, тиынды лақтырғанда «елтаңба» түсуі, асықты лақтырғанда «алшы» түсуі, ойын сүйегін тастағанда «бес» ұпайдың түсуі – кездейсоқ оқиғалар.

Тиынды көп рет тастағанда оның «елтаңба» жағымен түсуін шамамен 50% – деп болжаймыз немесе 0,5 – ке тең. Бұл «елтаңба» оқиғаның түсу жиілігі деп аталады, яғни сынақты n рет жүргізу нәтижесінде бізге қажетті А оқиғасы m рет орындалды делік. Онда \(\frac{m}{n}\) саны A оқиғасының сынақты n рет өткізгендегі орындалу жиілігі деп аталады. Мысалы, ойын сүйегін 10 рет лақтырсақ 3 рет «бес» ұпай түсті. Ендеше осы сынақтағы «бес» ұпайдың түсу жиілігі \(\frac{3}{10}\) = 0,3-ке тең.



Сұрақтар
  1. Жасалған \(1000\) бұйымның \(8\)-і жарамсыз болды. Жарамсыз бұйым жасалу жиілігі қандай?

  2. Қораптағы \(30\) шардың \(10\)-ы қызыл шар. Қораптан кездейсоқ алынған шардың қызыл болу жиілігін табыңыз.

  3. Нысанаға атылған \(20\) оқтың \(18\)-і нысанаға тиген. Оқтың нысанаға тию жиілігі қандай?

  4. «Кездейсоқ» сөзіндегі «е» әрпінің кездесу жиілігі қандай?

  5. Өнімділігін тексеру мақсатында \(200\) дән егілді және оның \(170\)-і өніп шықты. Егілген әрбір \(1000\) дәннің орта есеппен қаншасы өніп шығады?

  6. \(20\)-дан артпайтын натурал сандар ішінен \(3\)-ке еселік сандардың табылу жиілігі қандай?

  7. Алпамыс \(3\) сабақтан емтихан тапсырады. Алпамыстың физикадан \(5\)-ке тапсыру ықтималдығы – \(0,9\), химиядан \(5\)-ке тапсыру ықтималдығы – \(0,8\), ал орыс тілінен \(5\)-ке тапсыру ықтималдығы – \(0,7\). Алпамыстың тым болмағанда бір сабақтан \(5\) алу ықтималдығын табыңыз.

  8. Жәшікте \(5\) қара, \(2\) қызыл, \(4\) көк және \(1\) сары шар бар. Жәшіктен қарамай бір қара шар алып шығу үшін кем дегенде неше шар алу керегін анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру