Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Жыныс жасушаларының бөлінуі. Мейоз

Конспект

Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір клетка екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде клеткалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс клеткалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді.

 

Лептотена - жіңішке жіпшелер сатысы. Бұл - мейоздың I профаза кезеңінің алғашқы сатысы. Мұнда хромосомалар ширатылып, жарық микроскопы арқылы ұзын өрі жіңішке түрінде әрең көрінеді. Лептотена кезеңіне тән белгінің бірі — хромосоманың жіңішке құрылымында моншақ, тәрізді хромомерлер пайда болады. Әрбір хромосома сіңлілі екі хроматидтен тұрады.

 

Зиготена - (ұқсас) жұп хромосомалардың белгілі бөліктерін қосатын саты. Гомологті хромосомалар бір-біріне тартылып жақындасып конъюгацияланады. Хромосомалардың өзара жақындасуын конъюгациялану деп атайды.

 

Диплотена - жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып, олар бір-бірінен ажырай бастайды. Гомологиялық хромосомалар бір-бірінен ажырап алыстағанда, X тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды. Бірақ кроссинговер өткен аймақтар, хиазмаларда өз байланыстарын үзбейді. Диплотена сатысында хромосомалар біршама қысқарып, конденсацияланады, нәтижесінде, оның 4 жіпшелі құрылымы анық көрінеді. Хиазма аймағында 4 хроматидтің тек екеуі ғана айқасады жөне олар әрбір гомологтен бір-бірден алынған.

 

Анафаза ұқсас хромосомалар екі полюске қарай тартылады. Әрбір хромосома екі жіпшеден тұрады. Сондықтан анафазада қарама-қарсы полюске бүтін хромосомалар тартылады. Осыған орай пайда болған жас ядродағы хромосома саны бастапқы аналық жасушадағы хромосома санына қарағанда екі есе азаяды. Хромосомалар санының осылай азаюын редукциялану деп атайды.

Мейоз сатыларының жалпы сызбанұсқасы



Сұрақтар
  1. Жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы):
  2. Мейоздың  I профаза кезеңінің алғашқы жіңішке  жіпшелер сатысы:
  3. Жұп  хромосомалардың белгілі бөліктерін қосатын саты:
  4. Жіпшелердің  бір-бірінен алыстау сатысы:
  5. Жас ядродағы хромосома санының бастапқы аналық жасушадағы хромосома санына қарағанда екі есе азаюы:
  6. Жыныс жасушаларындағы тұқым қуалайтын өзгергіштікті атаңыз?

  7. Хромосома жіпшелерінің бір-бірінен алыстау сатысын көрсетіңіз?

  8. Хромосомалардың екі еселенуі мейоздың қай сатысында жүреді?

  9. Мейоздың биологиялық мәні қандай?

  10. Хромосомалардың өзара жақындасу процесін атаңыз?

  11. Мейозды 1898 ж. алғаш сипаттап жазды

Қате туралы хабарландыру