Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Конспект

Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі. Орталық жүйке жүйесіне – ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.

 

Жүйке жүйесі 1-ми; 2-жұлын; 3-4- жүйкелер

 

Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі сомалы (грекше «soma» – дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім вегетативті («vegeto» – қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды.Жүйке жүйесінің сомалы бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты қозғалыстарды басқарады.

 

Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42–45 см, салмағы 34–38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік сайшалары (борозды) болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады.

 

Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердіңқұрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелеріқолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін қозу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бір-бірімен қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

 

Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары – дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тынысалу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тынысалу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.



Сұрақтар
  1. Орталық жүйке жүйесі

  2. Ішкі мүшелердің жұмысын реттейді

  3. Орталық жүйке жүйесі

  4. Жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді, оны:
  5. Жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы
  6. Жүйке жүйесінің сомалы бөлімінің қызметіне жатпайды:

  7. Шеткі жүйке жүйесі?

  8. Жұлын орналасқан?

  9. Әр омыртқаның бүйір тұсынан қанша жұп жүйкелер таралады?

  10. Жұлынның ақ заты?

Қате туралы хабарландыру