Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Жер бетінде тіршіліктің даму тарихы

Конспект

Архей заманы - жер қыртысының тарихындағы көне заман. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ақзалардың-бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай,құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені,құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып,соның нәтижесінде топырақ түзілген.

Протерозой заманы. Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады. Олар негізінен,су түбіне бекініп тіршілік етті.Жер бетіндегі температура әлі де болса жоғары болғандықтан,тіршілік тек суда ғана жүріп жатты.

Палеозой заманы. Бұл-ертедегі тіршілік заманы. Құрлықта тек бактериялар мен көк жасыл балдырлар тіршілік етті. Құрлықта тіршілікке бейімделу құрлық өсімдіктері псилофиттер еді. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі-триолбиттер кең тарала бастады.

Мезозой заманы. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені азда болса сумен байланысы көптеген құрлықтық ағзалар тіршілігін жойып,олардың орнына нағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді.

Кайнозой заманы. Бұл жаңа тіршілік заманында осы қазіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Кайнозои екі кезеңге –үштік және төрттік кезеңге бөлінеді. Үштік кезеңнің алғашқы жартысындағы жылы климат тропиктік және субтропиктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік берді. Мәңгі жасыл ормандар жойылып, қыста жапырағын түсіретін, ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптекті өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған ашық далалы жерлер пайда болды.

 



Сұрақтар
  1. Тау жыныстары қабаттарынан бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған заман.
  2. Алғашқы тау түзілу әрекеті жүріп, теңіздер мен құрлықтар пайда болған заман.

  3. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі-триолбиттер кең тарала бастаған заман.
  4. Жорғалаушылар заманы.
  5. Осы қазіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрген заман.
  6. Жаңа тіршілік заманына (кайнозой) қайсысы жатады?

  7. Тіршіліктің дамуына жол ашқан маңызды процестердің бірі - фотосинтездің жүруі қай заманға тән?

  8. Жер бетіндегі тіршіліктің тарихи даму реті?

  9. Өсімдіктердің спорамен көбеюі кейін тұқым арқылы көбеюмен алмасқан заман?

  10. Мезозой заманына мыналардың қайсысы тән?

Қате туралы хабарландыру