Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Жемістер

Конспект

Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады. Жемістің түзілуіне жататынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады, жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді:

 

Шырынды жемістер (1-сурет) шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері. Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады, өзінше гесперидий (померанец) тобына жатқызады. Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт, беже және т.б. жатады.

         

Алма Шие (сүйекті шырынды) Алхоры (сүйекті шырынды)

    

Қарлыған (жидек) Жүзім (жидек)

1-сурет. Шырынды жемістер.

 

Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті – шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б.

Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ (кебу) болады (2-сурет).

Қауашақ (мақта) Бұршаққап (асбұршақ) Бұршаққын (қырыққабат) Бидай дәнегі

        

Қанатша (үйеңкі) Емен жаңғағы Тұқымша

2-сурет. Құрғақ жемістер

 

1. Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).

2. Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.

3. Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық мендуана, сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.

4. Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған және т. б.).

5. Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.

6. Тұқымша – дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре).

7. Жаңғақ жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. Тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша және т. б.).

8. Жинақталған жемістер. Жинақталған жемістер (сборные плоды) бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Құлпынай (клубника), итмұрын жемістері шырынды болып көрінгенімен құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміске жатады. Жаңғақшалары шырынды гүлтабанының (гүлтұғыры) ішінде жеке-жеке орналасады.

3-сурет. Жинақталған жемістер

 

Таңқурай мен бүлдірген (ежевика) жемістері көп сүйекті жинақталған жемістерге жатады (сборная костянка). Көп сүйектері шырынды гүлтабанының ішінде жинақталған. Сонымен, құлпынай, итмұрын жемістері көпжаңғақшалы, таңқурай, бүлдірген жемістері көп сүйекті жинақталған жемістерге жатады. Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктерінің жемістері бөлшекті жаңғақша жеміс делінеді.

 

Ананас, тұт, інжір жемістері біріккен жеміс (соплодия), себебі олар гүлшоғырдан түзіледі.



Сұрақтар
  1. Шырынды жемістер:
  2. Жидек тәрізді жемістер:
  3. Бір тұқымды жемістер:

  4. Бұршаққап:
  5. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар:

  6. Бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды жеміс:
  7. Бір тұқымды жеміс:

  8. Бұршаққын қандай тұқымды жеміске жатады:

  9. Дәнекті жеміс:

  10. Құрғақ жемісті анықтаңыз:

  11. Жидек тәрізді жеміске тән белгі

  12. Бір тұқымды, шырынды сүйекті жеміске тән белгі

  13. Жемісі – дәнек

  14. Жаңғақшалы жинақталған жеміс

  15. Жидек тәрізді жеміс

  16. Қауашақ жемістің құрылысы

  17. Жемісі тұқымша өсімдік

  18. Таңқурай жемісінің құрамында кездеседі

Қате туралы хабарландыру