Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы

Конспект

Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.

 

Қосжарнақты тұқымның құрылысы. Қосжарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

 

 

1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).

 

 

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

 

Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қосжарнақтылар деп аталады. Қосжарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

 

Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

 

 

Даражарнақты тұқымның құрылысы. Даражарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Даражарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

 

 

2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.

 

 

Даражарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктердара жарнақтылар деп аталады.



Сұрақтар
  1. Дәнектің едәуір бөлігін:

  2. Қосжарнақты өсімдік:

  3. Даражарнақты өсімдік:

  4. Қоректік заттар қоры жиналады:
  5. Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды:
  6. Даражарнақты өсімдіктерге жатпайды:

  7. Ұрық тұрады:

  8. Эндосперм жасушаларында  жиналады:

  9. Даражарнақты тұқымның құрлысы:

  10. Даражарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады:

Қате туралы хабарландыру