Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар

Конспект

К.Линней 1735 жылы жарыққа шыққан “табиғат жүйесі” деген еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар отрядына шала маймылдар және маймылдармен бір топқа жатқызды. Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс, әрі орынды жүйе болатын. Адамның шығу тегі туралы мәселе ерте кездерден бастап-ақ жұрттың назарын аударып келді. Ол туралы көптеген ой пікірлер айтылды. Жаратылыстану ғылымының дамуына сәйкес және қоғамның өркендеуіне байланысты адамның арғы тегі жайлы түрліше тұжырым қортындылар жасалды. ХҮІІ ғасырдың бас кезінде жиҺанкездер, саяхатшылар адам тәрізді маймылдар туралы және олардың адамға ұқсастығы туралы алғашқы хабарларды дерек ретінде жинақтай бастады.

 

Ж.Б.Ламарк адамның ағаштарға өрмелеуден, жерге жүруге ауысқан маймыл тәрізді ататектен шығуын және маймылдар мен адамдар арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген батыл болжам айтқан. Денені тік ұстап жүруге байланысты қолдың босап, оның еңбек құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте-бірте сөздің дамуына жағдай жасалды.

 

Ч.Дарвин 1871 жылы шыққан “Адамның шығу тегі және жыныстың сұрыпталу” деген еңбегінде адамның тіршіліктің тарихи даму тізбегіндегі ең соңғы, әрі жоғары сатыдағы буын екенін және адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің бір тармақтан таралғанын сенімді түрде дәлелдеп берді. Ч.Дарвин салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық систематикалық дәлелдемелерге сүйене отырып, адам жануарлармен өте ұқсас деген қорытындыға келді. Ол сонымен бірге адамның тарихи дамуында әлеуметтік әсердің маңызды орын алатынын атап көрсетті.

 

Бұл мәселенің сыры Ф.Энгельс “Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің ролі” (1896) еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол “адамды адам еткен еңбек” деген қорытынды жасады. Бірақ ол кезеңде адамның ата тегінің сүйек қалдықтары және олар пайдаланған еңбек құралдары туралы деректер өте мардымсыз еді. Кейінгі кезде олардың сүйек қалдықтары мен еңбек құралдарының көптеп табылуы Энгельс теориясының әділеттілігін өте жақсы дәлелдеп берді.

 

Адамның шығу тегін, дамуын және кәзіргі кезге дейін қалыптасуын зерттейтін биологияның бір саласы антропология (грекше “антропос” – “адам”) деп аталады. Қазіргі систематикадағы жүйелеу бойынша, адам желілілер типіна, омыртқалылар типтармағына, сүткоректілер класына, приматтар отрядына, адамдар тұқымдасына, адам туысына, саналы адам түріне жатады.



Сұрақтар
  1. Адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейін қалыптасуын зерттейтін  биологияның бір саласы:
  2. 1735 жылы жарыққа шыққан “табиғат жүйесі” деген еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар отрядына жатқызған ғалым:
  3. Маймылдар  мен адамдар  арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген батыл болжам  айтқан ғалым:
  4. Салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық систематикалық  дәлелдемелерге сүйене отырып, адам жануарлармен өте ұқсас деген  қорытынды жасаған ғалым:
  5. “Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің ролі” туралы еңбек жазған ғалымды  ата:
  6. Бұдан 14 – 8 млн жыл бұрын тіршілік еткен:

  7. Ч. Дарвиннің 1871 жылы жарық көрген еңбегі:

  8. Бұдан 25 – 14 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы:

  9. Адам ұрпағының ең алғашқы кезеңі неден басталады?

  10. «Адамның балшықтан жаралуы» деген тақырыпты зерттеп, соны мойындаған бельгиялық ғалым:

  11. Рудименттер

Қате туралы хабарландыру