Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV бөлім. 19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісінің дамуы

Конспект

Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімдікке” куәлігі бар адамдар тартылды.

Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. Қазақ жерінде 1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы тілдерін оқытты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылып, ресейлік əкімшілік үшін шенеуніктер дайындады. Олар кейін 1837 жылы Сібір кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. 1841 жылы Кіші Ордада Жəңгір ханның ұйымдастыруымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарына білім беру ғана емес, отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен. 1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды. 1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектептері ашылды. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі Қазақстанда орыс тілді мектептердің дамуына мүмкіндік бермеді.

В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанындағы шенеунік қызметте жүргенде Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер жазды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқан. 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірді. “Бикей мен Мəулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.

1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мəлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызының” баспадан шығуы орыс демократиялық өкілдерінің Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізді. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасымен танысқан.

19 ғасырдың 20-40 жылдары Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне, А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі. Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданып, табиғи байлықтарын анықтады.

Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, И.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер жазды.



Сұрақтар
  1. Өскемен училищесі ашылды:

  2. 1848-1849 жылдары капитан-лейтенант А.Бутаков Қазақстанның қай аймағына экспедиция жасады:

  3. «Азиялық училище» ашылды:

  4. Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі қашан басталды?

  5. А.С.Пушкин болған Қазақстан қалалары:

  6. “Бөкей мен Мəулен” повесінде сипатталады?

  7. 1831 жылы орысша білім беретін училищелер ашылды:

  8. Кіші Ордадағы мектепті ұйымдастырды:

  9. Алғашқы сауатты мамандар дайындаған оқу орны:

  10. Орысша білім беретін мектептер ашылған қалалар:

  11. Тарбағатай тауларын, Қалба жотасын 19 ғасырда зерттеген:

  12. 19 ғасырдың I жартысындағы қазақ жері туралы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:

  13. Омбыда әскери училище ашылды:

  14. Киіз үйдің жабындыларын көрсет.

  15. «Бөкей мен Мәулен» повесін жазып, онда Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған кім?

  16. Оралда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасымен танысқан ұлы орыс ақыны кім?

  17. Махамбет Өтемісұтына қатысты оқиғаларды табыңыз.

  18. Дулат Бабатайұлына қатысты оқиғаларды табыңыз.

  19. Шернияз Жарылғасұлына қатысты оқиғаларды табыңыз.

  20. Шөже Қаржаубайұлына қатысты оқиғаларды табыңыз.

  21. Сүйінбай Аронұлына қатысты оқиғаларды табыңыз.

  22. Нысанбай Жаманқұлұлына қатысты оқиғаларды табыңыз.

  23. Музыкалық аспаптарға не жатады?

Қате туралы хабарландыру