Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары.

Конспект

Макроэволюция дегеніміз – түрден жоғары тұратын жүйелік топтар: туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтер түзүлуінің эволюциясы. Макроэволюциялық процестердің нәтижесінде қазіргі кездегі тірі организмдердің жүйесі қалыптасқан.

Тірі табиғат эволюциясы – үздіксіз жүретін процесс. Тіршілік ең алғаш қарапайым формада пайда болып, одан күрделі құрылысты организмге дейін біртіндеп дамыды. Бірақ күрделеніп дамумен қатар кейде кейбір мүшелердің жойылуына байланысты организмдердің құрылыс дәрежесінде қарапайымдану да болып отырды.

Биологиялық прогресс - түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің белгілері қоршаған ортаға бейімділіктің жоғарылауы, осыған байланысты даралар санының артуы және аймақтың кеңеюі болып табылады.

Прогреспен қатар табиғатта биологиялық регресс те жүреді. Бейімділіктің төмендеуі даралар санының азаюы, аймақтың тарылыуы байқалады. Осының салдарыныан алуан түрлі жүйелік топтардың саны азайып, тіпті түрдің жойылуы да мүмкін.

Әр түрлі тіршілік жағдайларында пайда болып, организмнің құрылым деңгейін күрделендіретін өзгерістерді морфологиялық прогресс немесе ароморфоз деп атайды. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт жүретін процесс.

Ароморфоздар



Сұрақтар
  1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт жүретін процесс

  2. Бейімділіктің төмендеуі даралар санының азаюы, аймақтың тарылыуы

  3. Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы
  4. Үздіксіз жүретін процесс
  5. Түрден жоғары тұратын жүйелік топтар туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтер түзүлуінің эволюциясы
  6. Тіршілік ортасының біршама тұрақталуына байланысты бірқатар мүшелер қажетсіз болып, организмнің құрылысы қарапайымданатын құбылысты атаймыз?

  7. Табиғатта прогресске қарсы жүретін?

  8. Организмдердің нақты тіршілік ортасына сайкес алуан түрлі бейімділіктерге ие болуын не деп атаймыз?

  9. Сиыр, шошқа цепендері адамның қай мүшесінде тіршілік етеді?

  10. Биологиялық прогресс және биологиялық регресс құбылыстары болатынын айтқан ғалым?

  11. Дегенерацияға қатысты ұғым

Қате туралы хабарландыру