Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Эволюцияның салыстырмалы - анатомиялық дәлелдемелері. Гомологтік және анологтік мүшелер

Конспект

Қазба қалдықтардан табылмаған, қаңқасы жоқ организмдердің дене құрылысын салыстырып, туыстығын салыстырмалы анатомия арқылы дәлелдейді.

 

Ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әр түрлі мүшелер гомологтік мүшелер дейді. Жарғанаттың қанаты мен көртышқанның алдыңғы аяғы жануарлардағы гомологтік мүшелердің мысалы.

1.Көртышқан   2.Кит   3.Қолтырауын   4.Адам

1-Сурет.Құрлықтағы омыртқалылардың алдыңғы аяқтарының эволюциясы

 

Анологтік мүшелер гомологтік мүшелерге, керісінше сырттай қарағанда бір біріне ұқсас келетін мүшелер. Мысалы, көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарса да құрылысы бөлек. Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді анологтік мүшелер дейді.

 

Анологтік мүшелер гомологтік мүшелерге, керісінше сырттай қарағанда бір біріне ұқсас келетін мүшелер. Мысалы, көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарса да құрылысы бөлек. Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді анологтік мүшелер дейді.

 

Барлық көп жасушалы жануарлар ұрықтанған бір жұмыртқа жасушасынан дамиды. Жеке даму (онтогенез) кезінде – бөлшектеу; 2-3 қабатты ұрықтың түзілуі; ұрық жапырақшаларынан мүшелер түзілу сатысынан өтеді. Жануарлардың ұрықтық даму сатысы шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Әр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму ұқсастығын орыс ғалымы Карл Максимович Бэр (1792-1876жж.) анықтады.

2- Сурет. Түрлі даму сатысындағы омыртқалылар ұрығын салыстыру

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары М.Мюллер мен Э.Геккель биогенетикалық заңды ашты. Бұл заңның негізгі қағидасы: әрбір дара өзінің жеке дамуы кезінде өз түрінің тарихи дамуын қысқаша қайталау. Жеке даму - тарихи дамуды қысқаша қайталау.



Сұрақтар
  1. Ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әр түрлі мүшелер:
  2. Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелер:
  3. Аналогиялық мүшелерге жататындар:

  4. Жарғанат пен көртышқынның алдыңғы аяқтарының айырмашылығы?

  5. Әр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму ұқсастығын ашқан орыс ғалымы:
  6. Әр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму ұқсастығын ашқан орыс ғалымы:
  7. Биогенетикалық заңды ашқан ғалымдар:

  8. Бұрын ата тектерде болған мүшелердің кей кезде пайда болуы:

  9. Онтогенез кезінде ата тектерінің ересектеріне тән құрылысын емес, тек олардың ұрықтарына тән белгілерді қайталайтынын анықтаған:

  10. Жапырақтың гомологиясына жататындар:

  11. Аналогиялық мүше

Қате туралы хабарландыру