Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Конспект

Эволюция ұғымы. Эволюция деп органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму жолдарын, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді. Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой−пікірлер ертедегі Үндістан, Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып, қарапайымдарынан күрделі формалар қалыптасады делінген. Алғашқы эволюциялық ілім. Органикалық дүиенің эволюциясы туралы алғашқы ілім XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін француз ғалымы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) қалады. Ол 1809 жылы басылып шыққан ө “Зоология философиясы” атты еңбегінде: “Түрлер тұрақты емес, олар уақыт өткен сайын өзгеріп, біршама жетілдірілген жаңа түрге айналады. Олай болса, тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған тарихи даму жүреді”,- деді және ол әрекетті эволюция деп атады. Ламарк бірінші болып ғылымға “биология” терминін енгізіп, бүкіл жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлді.

 

Ж.Б.ЛАМАРК іліміне берілген баға. Ламарк биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Ол “түр тұрақты” деген пікірді жоққа шығарып, “түрлер өзгереді” деген көзқараста болды. Ламарк бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері туралы мәселе көтерді.“Тірі организмдердің тарихи дамуы барысында уақыт және сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады”, - деп орынды айтқанымен, эволюцияның қозғаушы күштерін дұрыс көрсете алмады. Оны түсіндіруде: “Әр организмде жоғары сатыға көтерілуге іштей ұмтылыс болады”, - деген қате пікірде болды.

 

 

 

 

 



Сұрақтар
  1. Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер жазған ертедегі ойшылдарының мемлекеттері:
  2. Органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесі:
  3. Бірінші болып ғылымға “биология” терминін енгізген француз ғалымы:
  4. Органикалық дүиенің эволюциясы туралы алғашқы ілімді қалған француз ғалымы:
  5. Биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым:
  6. 1809 жылы басылып шыққан "Зоология философиясы" атты еңбектің авторы?

  7. "Барлық тірі организмдер, тіпті адам ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетіледі" деп атап көрсеткен ғалым?

  8. Тіссіз сүтқоректілер?

  9. Ч Дарвинге өзінің эволюциялық ой пікірлерін тұжырымдауда кімнің еңбегі ықпал етті?

  10. "Құрылысы мен тіршілік әрекеттері ұқсас организмдер арасындағы міндетті түрде туыстық байланыс бар, сондықтан олардың шығу тегі де бір" деп жазған ғалым?

Қате туралы хабарландыру