Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Жыныссыз көбею

Конспект

 

Барлық тірі организмдер көбейеді. Көбею арқылы ұрпақ жалғасады, түрдің даралары сақталады. Организмдер жыныссыз және жыныстық жолмен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде жаңа организм жеке бір дараның бір клеткасынан немесе бірнеше дене клеткаларынан өсіп жетіледі. Жыныссыз көбеюге бір ғана не аталық, не аналық дара қатысады. Жас организмді түзетін дене клеткалары митоз нәтижесінде түзілгендіктен, ұрпақтарының белгісі аналық дараға ұқсас болады. Бір клеткалы және көп клеткалы организмдердің жыныссыз көбеюінің тағы бір түрі – бүршіктену. Мысалы, бір клеткалы ашытқы саңырауқұлақтарының клеткаларынан бүршіктену арқылы алдымен кішілеу ядросы бар төмпешік – бүршік өсіп шығады да, біртіндеп ұлғайып, аналық дараның мөлшеріне жеткенде бөлініп кетеді де, өз бетінше тіршілік етеді. Өсімдіктерді қалемшелері, мұртшалары, түйнектері арқылы көбейтуге болады. Құлпынайдың ұзын мұртшалары бүршіктер түзеді, олар топыраққа бекініп, жас өсліндер жетіледі. Картоп топырақ асты түрі өзгерген өркендерінің бөлімі – түйнектері арқылы көбейеді.

 

Таңқурай, шие, алхоры, райхан, өсімдіктерін бүйір тамырларынан өсіп жетілген қалемшелері арқылы да көбейеді. Нарғызгүл (георгина) өсімдігін тамыр түйнектері арқылы көбейтеді. Түрі өзгерген сабақтары – тамыр сабақтарынан да жас өсімдіктер өсіп жетіледі. Мысалы, бидайықтың тамыр сабақтарынан 1 м2 жерде жүздеген жаңа даралар өседі.

 

Көптеген қарапайымдар (амеба, жасыл эвгленна, т.б.) бір клеткалы балдырлар митоздық бөліну нәтижесінде көбейеді. Барлық тірі организмдер көбейеді.



Сұрақтар
  1. Митоздық жолмен көбейеді:
  2. Қалемшелері арқылы көбейетін өсімдік:
  3. Картоп:
  4. Жаңа организм жеке бір дараның бір клеткасынан немесе бірнеше дене клеткаларынан өсіп жетілсе оны:
  5. Бір клеткалы және көп клеткалы организмдердің жыныссыз көбеюінің тағы бір түрі
  6. Көбею кезінде тұщы су гидрасында денесінің қабырғасының екі қабатының клеткаларында жетіледі:

  7. Құлпынайдың ұзын мұртшалары бүршіктер түзеді, олар топыраққа бекініп жас жетіледі:

  8. Қай өсімдіктерді бүйір тамырларынан өсіп жетілген қалемшелері арқылы көбейтеді?

  9. Тамыр түйнектері арқылы көбейетін өсімдік:

  10. Бегонияның жапырағының астыңғы бетіндегі жүйкелерінің бастауынан не өсіп жетіледі:

Қате туралы хабарландыру