Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Митохондрия − мембраналы органоид

Конспект

Митохондриялар (грекше митос — жіп және хондрион — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Мнтохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер насекомдардың Бұлшық еттерінен байқады, оған «саркосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі клеткалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың клеткадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.

 

Тіршіліктегі митохондриялардың көлденең қимасының электронмикроскопиялық суреті

Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні әркез өзгермелі келеді. Көп клеткаларда олардың қалыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 7—10 мкм-ге дейін жетеді. Митохондриялардың шын көлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен митохондриялардың жұқа (400—500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да оның көлемін дәлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше митохондриядан алынған көптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын (кеңістіктегі көлемі) жасап, оның нақты көлемін анықтауға болады.

 

Митохондрияның құрамында белоктар (65—70% құрғақ салмағының) липидтер (25—30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РІНҚ) витаминдер және т. б. енеді.

 

Митохондрияның құрамына енетін белоктардың көпшілігі — тотығу процесін қамтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер. Митохондриялардың қызметі осы ферменттерге байланысты.

 

Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы белоктар 20% болса, ал ішкі мембранасында 75%-ке дейін жетеді, мұның өзі оның басқа клетканың мембраналарына карағанда ерекшелігін көрсетеді. Митохондрияиың сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан эндоплазмалық торға ұқсас. Сыртқы мембранада және мембрана аралық кеңістікте тотығу процесіне қатысатын ферменттер аз болады. Сонымен митохондриядағы ферменттер клетканың тыныс алуына қажетті ферменттер болып табылады. Митохондрияның матриксінде «Кребс» цикліне қатысатын ферменттер шоғырланады. Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ-тен АТФ) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесінде АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны клетканың күш беретін стаициясы деп атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.

Митохондрияның негізгі қызметі − энергия көзі − АТФ молекуласын синтездеу

Электрондық микроскоп деректері бойынша жасалған митохондрия құрылысының сызбанұсқасы 1. Сыртқы мембрана 2. Ішкі мембрана. 3. Матрикс. 4. ДНК. 5. Түйіршіктер. 6. Мембраналық кеңістік.



Сұрақтар
  1. Төмендегі жасуша органоидтарының ішінен  жіпше және түйіршік тәрізді органоидты көрсет.
  2. Митохондрияның ішкі мембранасының құрамындағы белоктардың мөлшерін көрсет.
  3. Митохондрияларды ең бірінші насекомдардың бұлшық еттерінен байқап, оған «саркосома» деп термин берген ғалымды ата.
  4. Клетканың энергия көзі:
  5. Арнаулы  бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобласт» деп атаған ғалымды ата.
  6. Гиалоплазмада оттектің қатысынсыз  жүретін көмірсулардың бастапқы тотығу процесін қалай атайды?

  7. Гликолиз процесінің бастапқы заты:

  8. Митохондрия қандай жасушалардың цитоплазмасында көп болады?

  9. 1897 жылы биобластты «митохондрия» деп атаған неміс анатомы кім?

  10. Митохондрияның сыртқы мембранасының қалыңдығы қандай?

  11. Митохондрияға тән белгі

  12. Митихондрияның өлшем бірлігі

  13. Митохондрияның құрамында кездесетін дәрумен (-дер)

  14. Митохондрияның сыртқы мембранасының құрамында кездеседі

  15. Митохондрияның құрамы

  16. Митохондрияның ішкі мембранасының құрамында кездеседі

Қате туралы хабарландыру