Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Мембранасыз органоидтер. Жасуша ядросы

Конспект

Рибосомалардың құрамында рибрнуклеин қышқылдары болады. Негізгі қызметі − нәуыз молекуласын синтездеу.

Жасуша орталығы жасушаның митоздық және мейоздық бөлінуі кезінде үлкен белсенділік көрсетеді. Олар екіге бөлінуі арқылы көбейеді.

Қозғалыс органоидтеріне қарапайымдар және әр түрлі өсінділер мен кірпікшелілер жатады. Олар организмдердің қозғалыс белсенділігін арттыруда ерекше рөл атқарады.

Өсімдік жасушаларындағы вакуольдер жақсы жетілген .Оның құрамында танниндер мен әр түрлі пигменттер болғандықтан өсімдіктің әр түрлі мүшелерінің түрлі түсті болуын қамтамасыз етеді.

Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — белок синтезін жүзеге асыратын клеткаішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда амин қышқылдарды қосады) іске асырады.

Рибосома

Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр клеткада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы белоктан, ал 80S Рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы белоктан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады.

Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (протеин пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.

Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.

Центриоль - Вавилон

Вакуольдер (латынша: vacuus-бос) - өсімдік клеткасының цитоплазмасындағы - мембраналармен шектеулі- (тонопластпен) және клетка шырынымен толған қуыстар. Барлық өсімдік жасушасының вакуольдер жүйесі вакуоль деп аталады. Жас жасушада вакуоль арық тәрізді және көпіршік күйінде болады. Өсімдік өскен сайын вакуоль ұлғаяды және бір үлкен вакуольге айналады. Ол жетілген жасушаның 70-95% құрайды.

Жасушаның органоидтары

Ядро - хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады. Ядроның диаметрі - 3-10 мкм. Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.

Ядрода ядро шырын сөлі, хроматин және бір немесе бірнеше ядрошық болады. Ядро шырын сөлі ядроның құрылым аралық кеңістігін толтыратын мөлдірлеу тұтқыр сұйықтық, болып саналады. Ядро шырын сөлінің құрамында нәруыздар, ядро ферменттері, хроматин нәруыздары, бос нуклеотидтер, РНҚ-ның барлық түрлері, ядрошық пен хроматин әрекеттерінің өнімі болады.

Сұрақтар
  1. Белок  синтезін жүзеге асыратын  клетка ішілік органоидты ата:Белок  синтезін жүзеге асыратын  клетка ішілік органоидты ата:
  2. Сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын жасуша бөлігі:
  3. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін оргоноидты ата.
  4. Өсімдіктермен жануарлардың, саңырауқұлақтардың клеткаларының маңызды органоидті көрсет:
  5. ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік:
  6. Хромосоманың бірінші буыны қалай аталады?

  7. Бір нәруыз молекуласының синтезіне бірнеше рибосома қатысуын қалай атайды?

  8. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс:

  9. Жасушаның тіршілік циклігің екінші кезкңі қалай аталады?

  10. Митохондрияның және хлоропластың рибосомаларының өлшемдері:

  11. Рибосома

  12. Мембранасыз органоид

  13. Рибосоманың құрамы әртүрлі нәруыздардың жиынтығынан тұратыны белгілі, эукариоттық және прокариоттық ағзалардың рибосомаларында шамамен қаншаға жуық нәруыз кездеседі?

Қате туралы хабарландыру