Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Мембраналы оргноид. Гольджи жиынтығы және лизосома

Конспект

Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Гольджи жиынтығы - жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

 

1898 жылы италиялық ғалым К. Гольджи ауыр металдардың ерітіндісімен бояу арқылы жүйке жасушасынан тор тәрізді жиынтық тапты. Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

Аппарат Гольджи и лизосомы

 

Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Гольджи жиынтығының негізгі қызметі эндоплазмалық тормен тікелей байланысты, одан келген заттарды өңдеп, көпіршік түрінде шығарады. Осы көпіршіктер лизосома органоидінің бастамасын береді.

 

Лизосомалардың құрамында 60-қа жуық гидролиздеуші ферменттер болады. Олар әр түрлі заттар мен мүшелерді ыдыратады. Осыған байланысты лизосомаларды “ас қорыту мүшесі” деп атайды. Лизосомалар эндоплазмалық тор және Гольджи жиынтығының белсенді қызметінен пайда болады. Негізгі қызметі − эндогенді жән экзогенді макромолекулаларды ыдырату.

Лизосома – жануарлар мен саңырауқұлақ клеткасының органелласы, клетка ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2 – 0,7 мкм. Лизосома — торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы — қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады.

Лизасомалар



Сұрақтар
  1. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысатын органоидты ата.
  2. 1898 жылы жүйке жасушасынан тор тәрізді жиынтық тапқан ғалымды ата.
  3. Ядроға  жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзілісті ата.
  4. “Ас қорыту мүшесі” деп аталатын жасуша органойдын  ата.
  5. Торшалар  органоидын ата.
  6. Гольджи жиынтықтарының  жеке түйір дене немесе орақ тәрізді болып келетін формалары қалай аталады?

  7. Лизосомалардың құрамында 60-қа жуық қандай заттар бар?

  8. Пиноцитоз және фагоцитоз процестері арқылы келген заттарды қосып алып, көлемін ұлғайтушы лизосома түрі?

  9. Лизосомаларды 1955 жылы ашқан ғалым?

  10. «Денелерді ерітуші» органоид?

Қате туралы хабарландыру