Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Организмдердің негізгі қасиеттері

Конспект

 

Зат және энергия алмасу. Барлық тірі организмдер сыртқы ортамен зат алмасуға қабілетті. Сыртқы ортаның заттарымен қоректенеді, клеткаларының органикалық заттарын түзеді, тіршілік әрекетінен бөлінген заттарды сыртқа шығарады.

 

Көбею. Тірі материяға тән келесі қасиет – көбею арқылы ұрпақ жалғасады. Сол түрге жататын даралар пайда болады. Ұрпағының бастапқы организмдерге ұқсас болуы тұқым қуалаушылыққа тікелей байланысты.

 

 

Тұқым қуалаушылық. Организмдердің өздерінің белгілерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ұрпақтан−ұрпаққа беруі тұқым қуалаушылық деп аталады. Дегенмен организм ұрпақтарының ұқсастығымен бірге өзгешеліктері де болады.

 

Өзгергіштік. Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілетін өзгергітік деп атайды.

 

Тыныс алу. Организм клеткалары үнемі тыныс алуға байланысты оттек сіңіріп, көмірқышқыл газы CO2 мен энергия бөліп отырады. Энергияны клетка түрлі тіршілік әрекеттеріне пайдаланады. Тыныс алуға қажетті оттекті өсімдіктер күндіз фотосинтез нәтижесінде бөліп, атмосфераны байытады. Тыныс алу нәтжесінде организмде зат және энергия алмасу жүреді.

 

Өздігінен реттелу. Организм клеткаларының өздігінен реттелуі цитоплазманың құрылысына және ферменттерге байланысты. Ферменттер − нәруыз тектес оргникалық заттар. Ферменттердің активті функциясына белгілі бір температура, қышқылдылық, сонымен бірге ерітіндіде басқа да заттарың болуы қажет. Өздігінен реттелу ферменттердің құрамында қайтымды реакциясы бар нәруыздың болуына негізделген. Мысалы, пепсин ферменті тек қышқыл ортада ғана активтенеді де, сілтілі ортада оның қызметі тоқтайды.

 

Тітіркенгіштік. Кез келген организмге сыртқы ортаның әр түрлі факторлары (жарық, температура, қысым, электр тогы, тартылыс күші, т.б) әсер етеді. Ол әсерге организмнің жауап қайтаруы тітіргенгішке негізделген. Жарыққа байланысты қозғалыс фототаксис, химиялық тітіркендіргіштерге жауап ретінде қозғалыс хемотаксис деп аталады. Оң және теріс фототаксис, хемотаксис болады. Бір клеткалы жасыл балдырлардың және эвгленаның аквариумда жарыққа жиналуы оң фототаксиске жатады.



Сұрақтар
  1. Жарыққа байланысты қозғалыс:

  2. Организм клеткаларының өздігінен реттелуі:
  3. Тыныс алу нәтжесінде ағзада:

  4. Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті:
  5. Организмдердің өздерінің белгілерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ұрпақтан–ұрпаққа беруі:
  6. Тірі материяға тән қасиет:
  7. Барлық тірі организмдерсыртқы ортамен ... қабілетті:
  8. Өсімдіктердің тітіркендіргіштерге жауабы:

  9. Организмнің сыртқы орта факторларының әсеріне жауап қайтару қасиеті?

Қате туралы хабарландыру